Сайтқа кіру Тіркелу

Сиқырлы информатика

Сыныбы: 8
Тақырыбы:«Сиқырлы информатика» ойыны
Мақсаты: Оқушылардың ақпараттық технологиялар туралы білімін тереңдету мен қатар компьютерлік жабдықтарды пайдалану туралы оқушыларға түсінік беру.
Көрнекілігі: Слайдтар, арнайы тапсырмалар
Түрі: сайыс
Жүрісі: Жүргізуші: Сәлематсыздар ма ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар!
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып – тасып қалыспа сен,
Уақыт деген зымырап зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Айналайын алға ұмтылған дарындар,
Айналайын жеңіс құшқан қырандар.
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай шешу жолын табыңдар.
Бақ пен білім сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт – сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.
1 - кезең бойынша «таныстыру» топтар өздерін таныстырып өтеді.
І - топ 8 а сынып
ІІ - топ 8 б сынып
ІІІ – топ 8 в сынып
ІV – топ 8 г сынып
Жүргізуші: 2 – кезең Жарнамалау.
Жарнамалау сайысының мақсаты: берілген тақырыптың мазмұнын ашып, мүмкіндігінше сол тақырып туралы халыққа ақпарат жеткізе білу. Үстел үстіне конверттер қойылады, әрбір конвертте бір тапсырмадан бар. Берілген тақырыптар:
1 - интернет,
2 - электронды пошта,
3 - компакт дискі,
4 - агент
3 - кезең. «Сиқырлы тізбек». Ішіне әр түрлі тапсырмалар жазылған, дөңгелектеп қиылған дөңгелекшелер беріледі. Он секунд ішінде өсу ретімен орналастыру керек. Төрт топқа ортақ тізбек.
Бит Байт КБайт МБайт ГБайт
Жедел жад Тұрақты жад Дискет Компакт диск Флеш жады
Жүргізуші: 4 - кезең. «Импровизацияланған өлең».
Бұл кезеңнің тапсырмасы бойынша информатика туралы ойдан өлең шығар.
Жүргізуші: Кезек келді көрерменді тергеуге,
Жауап беру қиын емес білгенге.
Ойыншының ұпай санын көбейтер,
Бар ма залда демеуші боп келгендер.
5 - кезең. Көрермендермен ойын
Ретюьпмок - компьютер
Россецорпос - сопроцессор
Акнолок - колонка
Ртьлиф - фильтр
Ротином - монитор
Атқатенреп - пернетақта
Жүргізуші:
6 - кезең. Берілген сөздерден жаңа сөздер құрастыру.
«Ақпараттандыру»
«Бағдарламалау»
«Компьютерлендіру»
Жүргізуші: 7 - кезең. «Қатені тап»
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын.
Жауабы: 8 қате жіберілген
2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық. bmp форматында сақтаймын.
Жауабы: 3 қате жіберілген
Жүргізуші: ендігі кезекте әділ – қазыларға сөз кезегін беріп, осы ойынымыздың жеңімпазын анықтап, сайысымызды қорытындылаймыз.
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып ХХІ – ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды,
Информатика озады барға ғасырды.
Ой түйін деп, жетелейді адамды,
Әлі ашылар құпиялар сан қилы.
Бүгінгі көріп тамашалаған «Сиқырлы информатика» атты ойынымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Келесі кездескенше Сау саламат болыңыз!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×