Сайтқа кіру Тіркелу

Массив (жиым)

Пәні: Информатика Сыныбы: 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Массив (жиым)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Паскаль программалау ортасында жиым көмегімен берілген есептерді шығаруды, есептерге программа жазуды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденуге, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқияттылыққа, өзін - өзі сенімді болуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын пед. технология: Дамыта оқыту технологиясы /ДСОТ/
Компьютерлік оқыту технологиясы /КОТ/
Оқыту әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік әдісі,
миға шабуыл, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу
Қолданылатын техникалық құралдар, көрнекілік: интерактивті тақта, кеспе қағаздары
Пәнаралық байланыс: Математика

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау
Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру

ІІ. Қызығушылықты ояту. Өткен материалдарға шолу жасау
Сұрақ - жауап:
Символдар программаға қалай енгізіледі, олар қандай типте болуы тиіс?
ASCII кодтары дегеніміз не, ол қандай интервалда беріледі?
Тіркестік өрнектер дегеніміз не?
Мәтін ұзындығын анықтау операциясы
Салыстыру амалдары

Математикада, экономикада деректердің жинақталған түрлері жиі кездеседі мыс: кесте, фамилиялар тізімі, сандар тізбегі кеңінен қолданылады. Бір типті деректер жиынын өңдеу үшін массив ұғымы енгізіледі.
Флипчарттағы мысал сөзіне сілтеме жасау арқылы оқушылар массив ұғымы жайында мәліметті бейне роликтен тыңдай алады.
Бір типті индексті айнымалылар жиынтығын массив деп атайды. Нақты сандар жиынын мыс: 1. 6, 14. 9,- 5. 0, 8. 5, 0. 46 массив деп есептеп оны бір атпен мыс: А деп белгілейік. Массивтің әр әлементі индексті массив атымен белгіленеді.
Ереже бойынша математикада индекс де дөңгелек жақшаға не массив атынан бірнеше төмен беріліп жазылады. Мысалы: А(1), А(2), А) 3), А(4), А(5) немесе А1, А2, А3, А4, А5 немесе жалпы түрде {Ai}, мұнда i=1, 2, 3,…, n.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×