Сайтқа кіру Тіркелу

Анимация әсерлерін баптау, презентациялар көрсету

Сабақтың аты Анимация әсерлерін баптау, презентациялар көрсету.
Сілтеме жоспар
Жалпы мақсаты Презентацияны демонстрациялап сақтауды білу. Анимациялық аффектілерді қосу әдістерін түсіну. Презентацияны көрсету жолдарын қолдану.
Күтілетін нәтиже  Презентацияны демонстрациялап сақтауды білетін болады;
 Анимациялық аффектілерді қосу әдістерін түсінеді;
 Презентацияны көрсету жолдарын қолдана алады.
Негізгі идеялар Слайдтың әрбір элементіне анимация қосу, дыбыстық эффект беру, осы элементтердің пайда болу уақыты мен ретін ауыстыру және анимациядан кейін түсін өзгерту немесе басқа эффект беру әрекеті орындалады. Дайын презентацияны демонстрациялап сақтайды.
Тапсырмалар Жеке жұмыс (Тест тапсырмалары)
Тапсырмалар Топтық жұмыс (Араласып кеткен оқиға)
Тапсырмалар Жұптық жұмыс (Пилот - Штурман)
Тапсырмалар Жеке жұмыс (Кеңейтілген тапсырма)
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. (1 минут)
Көңіл - күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынбыз ба? (Бармақпен көрсетеді, өте жақсы, иә – бармақ жоғары қарай, орташа – бармақ көлденең, нашар, жоқ – бармақ төмен қарай )
2. Топқа бөлу (Өзіне қатысты сөздер арқылы термин құрастырылады /пернетақта (Alt, Ctrl, Shift, Backspace, Delete, Esc), меню жолы командалары (Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Справка), терезе элементтері (тақырып жолы, меню жолы, құрал - саймандар тақтасы, пішімдеу панелі, жұмыс алаңы, қалып - күй жолы)/ бойынша 3 топқа бөлінеді, 2 минут)

ІІ. Тест жұмысы. (4 минут)
1. Презентацияның түрлі объектілерден құралатын бөлігі қалай аталады?
А. Кадр В. Сурет С. Слайд Д. Бет
2. PowerPoint программасына сурет енгізу үшін қандай командалар орындалады?
А. Вставка – Клип – Рисунок В. Вставка – Рисунок – Картинки
С. Вставка – Рисунок – Записать звук Д. Вставка – Надпись – Картинки
3. PowerPoint программасын қалай іске қосады?
А. Пуск – Программы – Microsoft office – Microsoft office Word
В. Пуск – Программы – Стандартные – Microsoft office PowerPoint
С. Пуск – Программы – Microsoft office – Microsoft office PowerPoint
Д. Пуск – Программы – Microsoft office Power Pаint
4. Қандай пргограмма көрмелерді жоспарлауға, жасауға және өңдеуге арналған?
А. PowerPoint В. Word С. Pаint Д. WordРаd
5. Слайдқа безендіру шаблондар қолдану үшін қай қосымшаны пайдаланамыз?
А. Настройка анимации В. Вствка - Шаблон
С. Создать слайд Д. Разметка слайда
6. Мына батырмалардың қайсысы пішімдеу панелі құрамына кірмейді?
А. В. С. Д.
Сұрақтар 1 2 3 4 5 6
Дұрыс жауап С В С А Д В

Оқушылар сағат тілі бойынша тесттерін алмастырады, алдына түскен тесттің жауабын тақтада берілген дайын жауаппен тексеріп, сағат тіліне қарсы бағытта қайтадан қайтарып береді, әрқайсы - сы өз тестінің неше жауабы дұрыс екенін «бағдаршам» арқылы формативті бағалайды. (2 минут)
1 - 2 дұрыс
3 - 4 дұрыс
5 - 6 дұрыс

ІІІ. Топтық жұмыс «Араласып кеткен оқиға» (15 минут)
Топтағы оқушылар бірлесіп, талқылап, араласқан сөйлемдерді постерге ретімен орналастырады, шыққан мәтін бөлігін оқып, баяндаушы топ алдында баяндап береді.
Топ мүшелерін анықтау. Берілген сөйлемдерді оқып, талқылап, постерге ретімен орналастыру. (6 минут)
Топ мүшелері өз жұмыстарын қорғайды. Әр топқа 2 минуттан (6 минут)
Топтар постерлерін сағат тілі бойынша басқа топқа береді, ол топ «топтарды өзара бағалау» критерийлері бойынша формативті бағалайды. (3 минут)
Топтардың өзара бағалау парағы (критерийлер арқылы)
№ Бағалау критерийлері ІІ топтың бағалау жүргізуі І топтың жұмысы
1 Тапсырманың эстетикалық талғаммен орындалуы
2 Ақпараттардың нақтылығы (дұрыс жауаппен тексереді)
3 Берілетін жұлдызымыз

Дұрыс жауап: Слайд элементіне анимациялық аффектілер қосу үшін, Показ слайдов – Настройки анимации командасын орындаймыз. Осы кезде Настройки анимации сұқбат терезесі ашылады. Бұл сұхбат терезесінде слайдтың әрбір элементіне анимация қосу, дыбыстық эффект беру, осы элементтердің пайда болу уақыты мен ретін ауыстыру және анимациядан кейін түсін өзгерту немесе басқа эффект беру әрекетін орындай аламыз.
Microsoft PowerPoint программасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық – эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Бірқатар дыбыстар Анимациялар эффектілер саймандар тақтасынан іске қосылады.
Power Point слайд көрсетілімін тоқтата тұруға немесе қайта қосуға мүмкіндік береді. Ол үшін көрсетілім кезінде тышқанның оң жағын басып Экран – Пауза немесе Завершить показ слайдов командасы арқылы немесе Еsс пернесін басу арқылы.
Көрсетілім өткізу үшін келесі басқару құралдарын пайдалануға болады: Келесі слайдқа өту – тышқанмен шертіп немесе батырмалары. Алдыңғы слайдқа өту – батырмасы.

ІV. Сергіту сәті. (2 минут)
V. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (10 минут)
Топтағы оқушылар жұптасады. 1 оқушы Штурман – Басқарушы (мұғалім жасаған тапсырманың орындалуын айтып отырады), 1 оқушы Пилот – Орындаушы (басқарушының айтуы бойынша тапсырманы орындайды), қажет болған жағдайда оны Штурман түзетеді.
Тапсырма: Презентация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:
1 - Штурман, Пилот тапсырмасы. (5 минут)
1. Power Point программасын іске қосыңыз. Пуск – Программы – Microsoft office - Microsoft office Power Point
2. Безендіру шаблонын жасаңыз. Ол үшін Файл - Создать - Шаблон - Оформление командасын қолданыңыз.
3. Әр слайдқа үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді теріңіз.
4. Слайдқа сурет енгізіңіз. Вставка - Рисунок - Картинки менюіне кіріп керекті опцияны таңдаңыз.
2 - Пилот, Штурман тапсырмасы. (5 минут)
5. Мәтін мен сурет үшін анимация енгізіңіз. Анимация - Настройка анимации – Добавить эффект – Вход командасы арқылы өзіңізге ұнаған анимацияны таңдаңыз.
6. Презентация экранда қалай көрінетінін көріңіз. Вид - Показ слайдов командасын немесе Ғ5 пернесін басыңыз.
7. Презентацияны демонстрациялап сақтаңыз. Ол үшін Файл - Сохранить как командасын орындап, Имя файла өрісіне «Еркін тақырып» деп ат беріп, Тип файла өрісіне Демонстрация Power Point типін таңдап, Сохранить батырмасын басыңыз.
«Критерийлер» арқылы жұптар өздерін формативті бағалайды. (1 минут)
Критерий Дискриптор
Тақырыптың ашылуы Тақырып толық ашылған – 2
Тақырып ашылған, бірақ толық емес – 1
Тақырып мүлдем ашылмаған – 0
Презентацияның жүйелілігі Презентация жүйелі жасалған – 2
Презентация жақсы жасалған, бірақ жүйелі емес – 1
Презентацияда жүйелілік жоқ – 0
Презентацияның көркемделуі Презентация қызықты, әдемі жасалған – 2
Презентация жақсы жасалған, бірақ эстетикалық талғамға сай емес – 1
Презентацияда эстетикалық талғам жоқ – 0

VІ. Жеке жұмыс «Кеңейтілген тапсырма» (6 минут)
1 тапсырма: Берілген терминдердің анықтамасын сәйкестендіріңіз.

1. Еsс Презентацияны көрсету пернесі
2. Еnter Слайд көрсетілімін тоқтату
3. Ғ5 Келесі слайдқа өту пернесі
2 тапсырма: Терминдердің анықтамасын толық жызыңыз.
1. Еsс -
2. Еnter -
3. Ғ5 -
3 тапсырма: Слайдты басқару пернелер тобын ашып жазыңыз.
1.
2.
3.

VІІ. Кері байланыс. Бүгінгі сабаққа түсіндіңіз бе? Смайлик арқылы көрсетеді.
Түсіндім. Жартылай түсіндім. Ештеңе түсінбедім. (2 минут)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Power Poin туралы негізгі түсінік

Power Poin туралы негізгі түсінік

Сабақтың мақсаты: PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік. Бағдарламаның мүмкіндіктері туралы мағлұмат беру және қосымша ақпаратпен білімдерін...
Презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру

Презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру

Оқып - үйренудің негізгі мақсаттары: Оқушыларға презентация құруға, суретке, диаграммаға, мәтінге, кестеге анимация қоюды, бетке түс беруді үйрету....
Көрмелерді безендіруде графикалық файлдармен жұмыс

Көрмелерді безендіруде графикалық файлдармен жұмыс

Сарқан гуманитарлық колледжі Информатика пәнінің оқытушысы Дүкейхан Нұрболат...
Презентацияларды графикалық объектілермен көркемдеу.

Презентацияларды графикалық объектілермен көркемдеу.

БҚО, Орал қаласы, №14 ОЖББМ Информатика пәні мұғалімі Гүлназ Мұхтарова Бахтыгерейқызы...
Power point бағдарламасында мәтін құру, суреттер, кестелер, фильм және дыбы ...

Power point бағдарламасында мәтін құру, суреттер, кестелер, фильм және дыбы ...

Білімділік: Оқушылардың MS Power Point бағдарламасында суреттер, мәтін құру, кестелер, фильм және дыбыстар кірістіру туралы түсінік беріп, алған...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×