Сабақтың тақырыбы: Интернет қызметтері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:Ауқымды интернет желісі жөніндегі білімді игерту, интернетпен жұмыс жасау барысы туралы жан - жақты түсіндіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлау, басқару қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды дербес өмір сүруге, еңбекшіл, қарапайым болуға тәрбиелеу;
Сабақтың техникалық - материалдық
құралдары, көрнекіліктері: Компьютерлік жабдықтар, сабақ презентациясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Журнал бойынша түгендеу;
- Оқушылар назарын сабаққа аударту;
ІІ. Кіріспе нұсқау:
1) Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
2) Үйге берілген тапсырманы тексеру;
ІІІ. Оқушыларға жаңа сабақ туралы нұсқау беру:
Internet көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Ондай қызмет түріне: қонақ үйде бөлмелерді алдын ала алу, ұшақ және пойыз, сонымен қатар түрлі спорт жарыстары билетіне тапсырыс беру, туристік сапарға тапсырыс беру, мәтіндерді аудару, түрлі тауарларды сатып алу және с. с. Қандай да бір қызмет түрін пайдалану үшін қажетті сайтқа кіру керек (қонақ үй сайтына, туристік агенттік сайтына, Internet дүкеніне және т. б. ). Мысалы, ұшақ билетіне Сіз авиакомпания арқылы тапсырыс бере аласыз. Осындай кез келген сайттың мекенжайын Internet жарнамасынан немесе түрлі іздеу жүйелерінен табуға болады.
Ары қарай сайттан өзіңізге керек қызметті таңдап, сұранысты дұрыс толтырып, жауабын күту қажет. Сұранысты рәсімдеу кезінде өзіңізге қатысты мәліметтерді дұрыс енгізіп, сайтта бірнеше төлем түрі көрсетілген болса, біреуін таңдаңыз. Есеп айырысудың бірнеше түрі бар: қолма - қол ақшамен есептесу және тапсырысты алғанда төлеу, пластикалық карточкасымен төлеу, банк немесе пошта аударымдары арқылы немесе бар болса, Internet ақшасымен.
INTERNET - БАНКИНГ
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Өз қаражатыңызды және несиелеріңізді басқару үшін Қазақстанның банк жүйесінде Internet - банкинг қызметі бар. Интернет - банкинг жүйесінің мәні клиенттің өз есеп шоттарын жылдам қатынау және банкке бармай - ақ ақпарат алып, төлемдерді жүргізу мүмкіндігінде. Мысалы, «ТұранӘлемБанкі» порталы (www. my. bta. kz) аясында осы банктің салымшылары кең көлемді ақпараттық және қаржылық қызметтерді пайдалана алады, оның ішінде: • ақша аударымдарын өз бетімен жүргізу – картадан картаға (жеке меншік карталар арасында); картадан «Инновациялық» депозитіне (Қаржы > Депозиттер бөлімі); телефон байланысы ақысын өтеу – (Қазақтелеком, Ducat), ұялы байланыс K’Cell, K - Mobile, Dalacom, кабелдік және сандық телевизия Алма - ТВ, ICON, Digital TV, Секател, коммуналдық провайдерлер ИВЦ, АЛСЕКО, INSEL аударма компаниясы, автокөліктерді эвакуациялау, Activ, Pathword, Beeline, i - Card+, Юрист скрэтч - карталарын сатып алу және т. б.; • өзінің барлық шоттарының хал - күйін, несиелері мен жинақ салымдарының шарттары мен жағдайын, төлемдер мен аударымдардың уақытылы жүргізілуін, ЖЗҚ зейнетақы салымдарын, GO! Card - қа бонустар түсуін және т. б. қадағалау; • «Инновациялық» депозитін ашу (Қаржы >Амалдар > Депозиттер); • үлестік инвестициялық қорларға қаражат салу (Қаржы >Амалдар > Инвестициялар); • сыйлық жинақтарына, суреттерге, гүлдерге, сақтандыру полисіне тапсырыс беру; • тегін жеткізілетін мерзімдік басылымдарға жазылу (Forbes, Harvard Business Review, Эксперт, Эксперт - Қазақстан, Капитал. kz, The Kazakhstan Monitor және т. б.); • есеп шоттарыңыздағы қалдық қаражат жағдайы жөнінде ақпарат алу және т. б.
Е - ТӨЛЕМДЕР (INTERNET ДҮКЕНДЕРІ)
Internet желісінің қарқынды дамуы көптеген Internet дүкендерінің пайда болуына алып келді. Internet дүкен – тауарды не қызметті жарнамалайтын, сатып алуға тапсырыстарды қабылдайтын, пайдаланушыға есеп айырысу нұсқасын таңдауды ұсынатын интерактивті веб - сайт. Бұл жағдайда дүкеннің әкімшісі тауардың жеткізілуін ұйымдастырып, сатып алушымен есеп айырысуды қадағалауға міндетті. Internet дүкендерінде пластикалық карта арқылы, банк немесе пошта аударымдары көмегімен немесе қолыңызда бар болса, электрондық ақшамен есеп айырысуға болады. Тауарлар немесе Internet қызметтері ақысын өтеудің недәуір қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі – сандық (электрондық) ақша – айналым барысы толық құпиялылықты қамтамасыз ететін, электрондық түрде ұсынылып, айналымда жүретін төлем құралдары болып табылады. Электрондық төлемдер жүйесі – кең мағынасында электрондық қатынас құралдары көмегімен есеп айрысу, келісім шарттар жасау және ақша аудару жүйесі. Соңғы жылдары банктік пластикалық карталар нарығы қарқынды дамып келеді. Қазақстанда кеңінен тараған әрі ең танымал карталарға Visa, MasterCard/ Europay және т. б. жатқызуға болады. Пластикалық карталардың көптеген артықшылықтары бар, олардың ең бастысы – қалтаңызға ақша салып жүру қажеттігінің жоқ болуы. Электрондық төлемдер жүйелерінің қарқынды дамуына әлі де көптеген пайдаланушылардың электрондық ақшаларға деген сенімінің жоқтығы бөгет болып отыр. Алайда, электрондық ақшаларды пайдалану аясының кеңеюі сөзсіз. Оған бір себеп – бұл ақшалардың ыңғайлылық, қаржылық операцияларды жүргізудің жоғары жылдамдығы, пайдаланудағы қарапайымдылық, төлемдерді толық қадағалау мүмкіндігі және олардың қауіпсіздігі, құпиялылық, басқа адамдарға беру мүмкіндігі сияқты даусыз артықшылықтары.
IV. Кіріспе нұсқауды бекіту:
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ барысын қаншалықты дұрыс игере білгендіктері талданады.
- Ауқымды интернет желісі дегеніміз не?
- Іздеу жүйелерінің қызметтері қандай?
- Кең таралған іздеу жүйелерін атаңыз?
V. Құрал - жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету:
Компьютерлік жабдықтарды қолдана отырып ауқымды интернет желісімен жұмыс жасау барысын меңгерту; Интернет желісін қолдана отырып іздеу жүйелерімен таныстыру.
VI. Ағымдық нұсқау:
Оқушылардың интернет желісі тақырыбы бойынша игерген білімін жетілдіре түсу үшін зертханалық жұмыс орындау тапсырылады;
VIІ. Тексеру мақсатында оқушылардың жұмыс орындарын аралау:
Бірінші тексеру - жұмыс орнын тексеру (оқушыларға аса мән беру); Екінші - жұмыс амалдарын тексеру (оқушыға аса мән беру); Үшінші - өзін ұстауды тексеру (оқушыға аса мән беру); Төртінші тексеру – техникалық жағдайды дұрыс қолдануын тексеру (оқуына аса мән беру).
VIІІ. Қорытынды нұсқау:
1. Сабақ бойынша қорытынды
2. Әрбір оқушының сабаққа араласу барысын бағалау;
3. Сабақты жақсы меңгерген оқушыны атау;
Интернет қызметтері
- Нұрмаш Айшолпан
- 9 желтоқсан 2014
- 19838
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ауқымды интернет желісі жөніндегі білім, интернет банкинг
Ұқсас жаңалықтар:
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Интернетте ақпаратты іздеу. Элект ...
Интернет ұғымымен таныстыру. Интернет желісінде ақпарат іздеу әдістерін үйрету. Оқушылардың ғаламторда сауатты жұмыс істеу дағдысын дамыту....Интернет. Интернете ақпаратты іздеу. Электрондық пошта
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе - 1 кентіндегі Н. Жұбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы...Power Point терезесінің құрылымы. Көрме жасау тәсілдері
Power Point бағдарламасында көрме құруды үйрету...Хаттарды әзірлеу. Жөнелту және қабылдап алу
Электронды пошта жүйесі жөніндегі мағұлмат беру...HTML құжатымен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: HTML құжатымен жұмыс Сабақтың мақсаты: HTML құжатына әзірлеу, онда фреймдер мен пішімдер орналастыру, жұмыс жасау барысы туралы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.