Тақырыбы: Талаптыға нұр жауар
Мақсаты:Студенттердің ақпараттық технология туралы білімін тереңдетумен қатар, компьютерлік құрылғыларды пайдалану туралы түсініктер беру.
Көрнекілігі:слайдтар, электронды оқулық
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып ХХІ ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға
Білімділік сайысына кеп тұрған
Сайыскерлерді шақырайық ортаға!
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер!«Талаптыға нұр жауар» атты білімділік сайысына қош келдіңіздер! Олай болса бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. сайысқа әділ бағасын беріп, төрелік етуші әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
«Талаптыға нұр жауар» атты сайысымыз мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
1 - бөлім: Таныстыру
2 - бөлім: Топ басшылар сайысы
3 - бөлім:«Мақал - сөз мәйегі»
4 - бөлім:«Қас - қағым сәт»
5 - бөлім: Көрермендермен ойын
6 - бөлім: Қорытынды
Көрермендер жиналған бұл тамашаға
Құр қарап, жай отыру жараса ма,
Туыс, досқа, ағайын, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа!- дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» бөлімін бастаймыз.
1 - бөлім: Таныстыру
Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділ - қазылар алқасы қояды.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей отырып ойынымыздың «Топ басшылар сайысын» бастаймыз. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпайдан есептеледі.
2 - бөлім: Топ басшылар сайысы
1 - топ басшысына сұрақтар:
1. Компьютердің «миы»- (процессор)
2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы - (модем)
3. Сыртқы жады - (диск)
4. Паскаль қандай тіл - (программалау)
5. Тармақталған алгоритм дегеніміз не - (Қадамдардың тізбектеліп орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритм)
2 - топ басшысына сұрақтар:
1. Мәтінді жою пернелерін атаңыз - (Delete, Backspace)
2. Принтердің неше түрі бар - (3)
3. Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға - (Провайдер)
4. Интернет желісі қай жылы пайда болды - (1969)
5. Циклдік алгоритм дегеніміз не - (Жеке команда не команда топтары көп рет қайталанатын алгоритм)
3 - бөлім:«Мақал - сөз мәйегі»
Топтарға компьютерге қатысты мақал - мәтелдер беріледі. осы мақал - мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу керек.
1. Жігітті компьютеріне қарап бағала
(Жігітті досына қарап бағала)
2. Байт биттен құралады
(Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан интернетке шықпас
(Шегірткеден қорыққан егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім
(Аттың сыры иесіне мәлім)
5. Антивирусы күшті вирус ала алмайды
(Досы көпті жау алмайды)
4 - бөлім:«Қас - қағым сәт»
Мәңгі - бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын - дей келе, ойынымыздың «Қас - қағым сәт» бөліміне келіп жеттік. Басты талап - топтар берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі - бит
2. Ақпаратты шығару құрылғысы - принтер
3. Вирус жоюшы программа - антивирус
4. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс желісі - интернет
5. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас тілі - интерфейс
6. Ең алғашқы программаны жасаған адам - Ада Лавлейс
5 - бөлім: Көрермендермен ойын
Кезек келді көрерменді тергеуге
Жауап беру қиын емес білгенге
Ойыншының ұпай санын көбейтер
Бар ма залда демеуші боп келгендер.
РЕТЮЬПМОК - компьютер
РОССЕЦОРПОС - сопроцессор
АКНОЛОК - колонка
РОТИНОМ - монитор
АТҚАТЕНРЕП - пернетақта
6 - бөлім: Қорытынды
Сайыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды. Жарысқа қатысушыларды марапаттау.
Талаптыға нұр жауар (білімділік сайысы)
- Нұрмаш Айшолпан
- 9 желтоқсан 2014
- 6965
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Талаптыға нұр жауар, білімділік сайысы
Ұқсас жаңалықтар:
Информатика тапқырлары
Информатика мұғалімі Шонгарова А.Т....Жас информатиктер сайысы
Тақырыбы: «Жас информатиктер» сайысы...Информатика әлеміне саяхат
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі...Алғыр достар
Тақырыбы: «Алғыр достар» сайысы...«Информатика әлеміне саяхат» интелектуалдық сайысы
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Маханова Гульназ Абдіхалыққызы «Информатика...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.