Сабақтың мақсаты: Үзінділерді белгілеуді және олармен әр түрлі әрекеттерді орындауды. Үзіндіні көшіруді, жылжытуды, көбейтуді және жоюды орындау.
Күтілетін нәтиже: Үзіндіні көшіре, жылжыта, көбейте және жоя алады, үзінділерді белгілеу арқылы олармен әр түрлі әрекеттерді орындауды біледі.
Сілтеме: Сабақ жоспары, информатика оқулығы, сабаққа арналған тапсырмалар
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, топпен жұмыс, оқуды бағалау,
оқыту мен оқуда АКТ - ны пайдалану.
АКТ мүмкіндіктері: Слайдтар, электрондық оқулық, компьютерлер.
Мұғалімінің іс әрекеті: Оқушының іс әрекеті: Оқыту әдісі:
Ұйымдастыру
Оқушылар шеңбер құрып (сағат тілі бойынша) әр оқушы өз есімінің бірінші әрпі бойынша мінезінің бір қасиетін айтып, келесі оқушы бірінші оқушының атын, қасиетін, қайталай отырып, өзінің есімімен қасиетін қоса айтады.
Мысалы: Зере - зерек, Еркебұлан - еңбекқор, Бейбіт - білімді т. б.
Ынтымақтастық атмосферасы
Оқушыларды топқа бөлу
Карточкалар (жүзім, алма, жылқы, арыстан) арқылы оқушылар топқа бөлінеді Топқа бөлу
Суреттер бойынша оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын
1. Оқушылар суреттерге қарап өз білгендерін айтады
2. Өткен сабақта салып сақтаған суретін ашып, бір шумақ тақпақ жазып барып қайта сақтайды. Миға шабуыл
Интерактивті тақтадан Paint терезесінің элементтері көрсетіледі
Тақпақ
АКТ жұмыс
Жаңа тақырып: Кейбір кездерде салынған суреттердің немесе оның белгілі бөліктерін көбейтуге, қиып алуға және өлшемін өзгертуге, созуға, қисайтуға(көлденең) немесе тік (вертикаль) бағытта айналдыруға т. б. әрекеттерді орындауға тура келеді.
(Тақтада слайд арқылы ағаштың суретін және ағашта ілулі тұрған жүзім мен алманы көрсетемін де сұрақ қоюмын.)
Қайсысын қиып алу керек және қайсысын көшіру керек?
Жүзімді қиып алу керек, алманы көбейту керек.
Үзіндіні қиып алу әрекетін орындау үшін: Бөліп алу (Выделение) батырмасын таңдау, содан кейін алмасу буферінің көмегімен Түзету (Правка) менюінің Қиып алу (Вырезеть) командасы арқылы жүзімді қиып аламыз, үзінді бұрынғы орнында қалмайды.
Үзіндіні көшіру алу әрекетін орындау үшін: Бөліп алу (Выделение) батырманы таңдау, содан кейін алмасу буферінің көмегімен Түзету (Правка) менюінің Көшіру (Копировать) командасы арқылы алманың көшірмесін ала отырып көбейтеміз, үзінді бұрынғы орнында қалады және көбейеді. Перне арқылы көбейту Shift арқылы.
Үзіндіні бейнелеу немесе бұру.
Бейнелеу/Бұру (Отразить/Повернуть) командасының көмегімен үзіндіні тік, көлденең, 90, 180. 270 градусқа бұруға болады.
Үзіндіні еңкейту және созу.
Созу\еңкейту (Растянуть\наклонить) командасын таңдап, пайда болған диалогтық терезеде пернетақтадан горизонталь немесе вертикаль өрісіне қажетті градус санын енгізіп ОК батырмасын шерту.
Суретті қарап шығу режимі арқылы баспаға шығару.
Вид → Масштаб, Файл → Предварительный просмотр, Файл → Печатьм → ОК
АКТ, слайд, постер
Оқушыларға тапсырма беру
Сергіту сәті (слайдқа қарап оқушылар билейді)
Деңгейлік тапсырмалар
Деңгейлік тапсырмалары бар карточкалар таратылады. Әр оқушы өз шамасы келетін деңгейлік тапсырманы орындайды.( Қиып алу, көшіру, бұру, созу, еңкейту командалары толық қамтылған тапсырмада )
Бұл тапсырма бойынша оқушылардың АКТ - ны меңгерулерін байқаймын
Деңгейлік тапсырма, АКТ, слайд
Жинақтау
Үзіндіні көшіру
Үзіндіні жылжыту
Үзіндіні бұру
Үзіндіні созу, еңкейту Құндылық спектрі
Бағалау
Әр топ келесі топты бағалайды
1 - 2 - 3 - 4 - 2 - 3 - 1
Өзара бағалау, рефлексия
Үйге тапсырма
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
- orazbaeva
- 1 желтоқсан 2014
- 3493
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Ұқсас жаңалықтар:
Суреттің үзінділерімен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға үзінділерді шағылдырып бейнелеуге, бұруға, созуға, еңкейтуге және олармен әртүрлі әрекеттер орындауға...WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Төлеуова Сәнімкүл Шалабайқызы...Объектілермен жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты: 1. Объектілерді жылжыту мен көшіру ережелерімен таныстыру. Объектілердің атны өзгерту, оларды жою мен қалпына келтіру...Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту
Дайындаған: Құттығұлов Ғабит Серікұлы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға файлдар мен бумаларды құру мен іздеу жолын үйрету. Дамытушылық:...«PAINT графикалық редакторы» 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.