Сабақтың тақырыбы: " Көрмелерді безендіруде графикалық файлдармен жұмыс"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Power Point бағдарламасымен жұмыс істеу дағдыларын арт - тыру, толықтыру. Презентацияға графикалық объектілерді енгізуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жүйелі жеткізе білуге, шығармашылыққа, әсемдікке, ұқыптылыққа баулу.
Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылықтарын және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Қауіпсіздік ереже талаптарын сақтауды қадағалау.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі - иллюстративті.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті.
Сабақтың формасы: жеке, топтық.
Пәнаралық байланысы: қазақ, орыс, ағылшын тілі, бейнелеу өнері, музыка.
Көрнекіліктері: флипчарттар, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар.
Техникалық құралдар: компьютер құрылғылары, интерактивті тақта.
Жоспар:
I. Ұйымдастыру кезеңі - 1 мин.
ІІ. Өткен тақырыптарға шолу – 7 мин.
IIІ. Жаңа сабақты түсіндіру - 14 мин.
IV. Компьютерде шығармашылық жұмыс – 15 мин.
Интерактивті тақтамен жұмыс – 15 мин.
V. Сабақты бекіту - 5 мин.
VI. Бағалау - 2 мин.
VII. Үй тапсырмасы - 1 мин.
Сабақтың барысы:
І. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа ынталандыру.
ІІ. Өткен тақырыптарға шолу:
1. POWER POINT - та құрылған файл қалай аталады? (презентация)
2. Бос презентация қалай құрылады? (Файл – Құру командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенiң Жалпы iшкi бетiнде Жаңа презентация шарт белгiсiн таңдау арқылы)
3. Автомазмұн шеберiнiң бiрiншi қадамында қандай әрекет орындалады? (презентацияның түрі)
4. Слайдтың құрамына нелер кіреді? (Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді).
5. Мультимедия технологиясына баса назар аударатын, компьютер мен пайдаланушы арасындағы қарым – қатынас қалай аталады? (интерактивтілік).
6. Презентацияның көзге көрінетін күрделі обектісі қалай аталады? (слайд).
7. Мультимедиалық объект қолданылған слайдтар тізбегі не деп аталады? (презентация).
8. Ненің көмегімен слайдтан слайдқа өтуге болады. (гиперсілтеме).
9. Бір мезгілде ақпараттың әр түрімен: сан, мәтін, графика, жан бітірім, бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы. Ағылшын тілінен аударғанда көп, орта дегенді білдіреді (мультимедиа).
IIІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Слайдқа графикалық файлдар енгізу.
Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын мына кестелер бойынша тоқталып өтемін.
Графиктік бейнелерді слайдтқа енгізу.
Графиктік бейнелер Word текстік редактордегідей орнатылады:
1. Менюдегі «Вставка» - «Рисунок».
2. Әрі қарай керекті бөлімді көрсетесіз графиктік бейнені қайдан алатыныңызды «Картинкидан» ба, жоқ «Из файла» ма соны көрсетесіз.
Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.
- Слайдтарға музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар.
- Қажетті бейнеклип немесе дыбысты шарт белгісін ерекшелеп Енгізу батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгізе аламыз.
Презентацияға дыбыстарды енгізу.
- Слайдтқа дыбысты енгізу үшін менюдегі «Вставка» - «Фильм и звук» командасын таңдаңыз.
- Менюдегі «Фильм и звук»- тің ішіндегі «звуки из файла» немес «звуки из файла». (Файлдағы дыбыс) командалары «Microsoft Clip Gallery», сұқбат терезесінің ішінде орналасқан.
- «Microsoft Clip Gallery» сұқбат терезесінің, сәйкес Бейне немесе Дыбыс ішкі беттері ашылады.
- «Вставка», «Фильм и звук», «Звук из файла» батырмасын шертіңіз.
- Ашылған сұқбат терезеден «Звук» керекті файлды таңдап, шертіңіз.
- Керекті дыбысты дұрыс таңдағаныңызды тексеру үшін «Воспроизвести» батырмасын шертіңіз.
- Егер бәрі дұрыс болса «Вставить» батырмасын шертіңіз.
Дыбыстарды баптау.
- Дыбыстық слайдтар мынадай түрде болады.
- Бұны слайдтың көрінбейтін жеріне орналастырыңыз.
- Екі рет шертіп қайтадан шығаруымызға болады.
- Менюдегі «Показ слайдов» - «Настройка анимации»
- Тыңдау параметрлерін орнатамыз;
Мысалы:
- «Показ слайдов» - «Настройка анимации» - закладка «Время» - «Анимация» - «Включить» - «По щелчку» - «Ok».
IV. Практикалық бөлім (топтар алмасып орындайды).
1 - топ.
Берілген үлестірмелі қазаздағы тапсырмалар бойынша компьютерде шығармашылық жұмыс орындайды.
2 - топ.
Интерактивті тақтамен мына тапсырмаларды орындайды.
«Кестені толтыр» (Презентация қасиеттері)
«Сәйкестендіру» (PowerPoint терезе элементтерін жазу)
«Құпия сөйлем» (Берілген жасырын сөйлемді анықтау)
1 - топ.
Берілген үлестірмелі қазаздағы тапсырмалар бойынша компьютерде шығармашылық жұмыс орындайды.
2 - топ.
Интерактивті тақтамен мына тапсырмаларды орындайды.
«Кестені толтыр» (Слайд құру технологиясы)
«Сәйкестендіру» (Батырмалар комбинациясының қызметін анықта)
«Жасырын мәтін» (Кестедегі сандарды пайдалана отырып мәтінді оқыңыз)
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Не білемін
Не білдім
Не білгім келеді
ҮІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы.
«Наурыз» тақырыбына слайд құру үшін материалдар жинап келу.
Көрмелерді безендіруде графикалық файлдармен жұмыс
- Нурболат Дукейхан
- 12 маусым 2014
- 20513
- 0
- 0
Ілмек сөздер: PowerPoint, слайд жасау, информатикадан ашық сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Power Poin туралы негізгі түсінік
Сабақтың мақсаты: PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік. Бағдарламаның мүмкіндіктері туралы мағлұмат беру және қосымша ақпаратпен білімдерін...Презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру
Оқып - үйренудің негізгі мақсаттары: Оқушыларға презентация құруға, суретке, диаграммаға, мәтінге, кестеге анимация қоюды, бетке түс беруді үйрету....Анимация әсерлерін баптау, презентациялар көрсету
Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Сайлыбай Қ. С....Презентацияларды графикалық объектілермен көркемдеу.
БҚО, Орал қаласы, №14 ОЖББМ Информатика пәні мұғалімі Гүлназ Мұхтарова Бахтыгерейқызы...Power point бағдарламасында мәтін құру, суреттер, кестелер, фильм және дыбы ...
Білімділік: Оқушылардың MS Power Point бағдарламасында суреттер, мәтін құру, кестелер, фильм және дыбыстар кірістіру туралы түсінік беріп, алған...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.