Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және сақтаудың
тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.
Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, ASСII кодтарымен таныстыру:
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт. тақта, элект. оқулық
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:
* Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
* Адам ақпараттытың қандай түрлерін қабылдай алады?
* Байланыс тілі деп нені айтады?
* Қандай тілдерді білесің?
* Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
* Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір
1. Информатика ғылымы.....
А) ақпараттық процестерді жинауды;
С) ақпараттық процестерді тасымалдауды;
В) ақпараттық процестерді;
Д) ақпараттық процестерді сақтауды зерттейтін ғылым;
2. Компютердің негізгі құрамына мыналар кіреді:
А) монитор, тышқан, пернетақта;
С) принтер, жүйелік блок, пернетақта;
В) дисплей, жүйелік блок, пернетақта;
Д) тышқан, иілгіш диск, манитор, пернетақта;
3. 1 Гигабайт =
А) 1 килобайт
В) 1024 мегабайт
С) 1000000 байт
Д) 1024000 байт
4. Файл сөзі ағылшын тілінен аударғанда не дегенді білдіреді?
А) Терезе
В) Қапшық
С) Бағдарлама
Д) Мәлімет
5. Компьютерге ақпаратты енгізу жабдығы:
А) перне тақта;
В) монитор;
С) тышқан;
Д) жүйелік блок.
6. Компьютердің жүйелік блогына қай жабдық кірмейді?
А) микропроцессор;
В) қатты диск;
С) принтер;
Д) дискжетек.
7. Microsoft Office - ке қатысты емес мәтіндік редакторды көрсетіңіз:
А) Excel;
В) Word Pad;
С) Access
Д) Word.
8. Монитор экраны не үшін қажет:
А) ақпаратты өңдеуге даярлық үшін;;
В) мәтіндік және графикалық ақпаратты көрсету үшін;
С) мәтіндік ақпаратты көрсету үшін
Д) графикалық ақпаратты көрсету үшін.
9. Бірінші есептеуіш машиналар қай жылы жасалды?
А) 1953жылы
В) 1976жылы
С) 1946 жылы
Д) 1985 жылы
10. Кеңестер Одағының бірінші буындығы ЭЕМ - дері қай жылдан бастап шығарыла бастады?
А) 1947 - 1948
В) 1987 - 1988
С) 1847 - 1848
Д) 1985 - 1986
Жаңа түсініктер:
Ақпаратты белгілі - бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау депте айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді
айыра білуі керек, мысалы; 1 - құрылғыда тоқ бар, ал 0 жоғын, немесе 1 - жоғары кернеу,
0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе
1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды. Символдарды кодтау үшін
8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының
жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.
ASCІІ коды.
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код - ASCLL коды - американдық
апарат алмасудың стандарттық коды.
Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен тұрады; стандарты, баламалы.
Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0 - ден 127 - ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компютер жумысын басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктегі - 128 - ден 255 - ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады.
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әреект түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.
Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналадар жіберу.
Сигнал аналогтық (үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогдық сигналдарға мысалдары: Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері, музыкалық нота нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.
Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп - хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез - келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі - бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
1 байт = 8бит;
1 кбайт(килобайт) = 1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт;
1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт;
Есепті шығарыңдар.
1. «Байт» сөзінде қанша бит ақпарат бар?
2. 12288 бит шамасын байт және мегабайтқа ауыстырыңдар.
3. Ширек килобайт хабарламада қанша бит ақпарат бар?
4. Дискетке 1, 44 Мбайт ақпарат сияды. Көлемі 680 Мбайт компакт дискіні қанша дискет алмастыра алады?
5. Мәтінің бір бетін 50 символды 50 жол жасайды. Осындай бес бет қанша ақпарат көлем алатындығын айтыңдар.
Сабақты бекіту сұрақтары:
• Кодтау мен кері кодтау деген не?
• Бит, байт деген не?
• Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды.
Егіз сандар.
Әр түрлі санау жүйесінде орналасып, бірақ бір ғанна санның мәнін беретін санды «егіз сандар» дейік. Енді, төмендегі кестеден «егіз сандар» номерін айт.
№ Санау жүйелері
10 2
1. 0 0000
2. 5 1001
3. 6 0011
4. 9 0101
5. 14 1110
6. 10 1001
7. 12 0001
8. 13 0101
9. 7 1110
10. 5 1010
11. 10 16
12. 5 B
13. 2 10
14. 10 А
15. 14 C
16. 9 9
17. 11 D
18. 15 F
19. 1 A
20. 3 3
21. 12 B
Үйге тапсырма: Ақпаратты түрлендіру.
Ақпараттардың алуан түрлілігі және олардың тәсілдері.ақпарат саны, ақпарат өлшем бірліктері
- алена
- 26 ақпан 2014
- 15637
- 0
- 0
Ілмек сөздер: информатика, ақпарат түрлері, тәсілдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ең үздік информатик
Бұл сайыстың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Ойын...Ақпараттың көлемін анықтау (шеберлік – класс)
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, «Горный ЖББОМ» КММ Математика-информатика пәні мұғалімі Жағыпарова Арай Бақытқызы...Ақпарат және оны бағалау
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабарлардың...Тест тапсырмасы
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы, Қараой мектеп-балабақшасы информатика пәні мұғалімі Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы 1. Қоршаған орта мен ондағы болып жатқан...Тапқыр достар
Сайыстың тақырыбы: «Тапқыр достар» Сайыстың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу арқылы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.