Сабақтың тақырыбы: Электронды қалашығымызды «ВИРУС» атты қатыгез жаудан құтқарайық
Сабақтың мақсаты:
- Компьютерлік вирус туралы оқушылардың таныстыру;
- Вирусқа қарсы шаралар қолдануды;
- ДЭЕМ - нің жалы құрылысын қайталап талқылау;
- Алгоритм, Pascal программасы бойынша білімдерін ойын, жарыс түрінде тексеру;
- Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жарыс
Көрнекілік: Карточкалар, ДЭЕМ, плакаттар және т. б.
Сабақтың жүрісі:
2 сыныптың оқушыларынан 2 топқа бөлініп жарысады.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
Жүргізуші: Сіздер бүгін компьютер жайлаған елді мекенге келіп отырсыздар. Бұл қалада электронды үйлер мен микросхемамен жұмыс жасайтын адамдар тұрады екен.
Әлемнің түпкір жерінде
Асқар тау, бұйрат белінде
Кибернетика елі тұрыпты
Жамандықты білмепті.
Білімге қолын сермепті
Еңбекшіл халық, ер халық
Көз тастап міне қаралық
Электронды үйлерде
Өзіне тән жаңалық.
Бірақ, байқайсыңдар ма, балалар, қала бір түрлі қараңғы, көмескі қалыпта. Кәне, оның себебін түсінуге тырысайықшы? (сол кезде бір робот келіп, мән - жайды түсіндіре бастайды).
Робот: Біздің электронды қалашығымызға «ВИРУС» атты қатыгез жау еніп алып, барлық құрылғыларымызды, программаларымызды істен шығаруда.
Жүргізуші:
«Компьютерлік вирус» деген түсінік осыдан тура 20 жыл бұрын пайда болды. Нақ сол жылы калифорниялық студент Фред Коен бағдарлама жасау жөнінде бақылауға алынған сынақ өткізеді.
Ол бойынша «компьютерлік вирус» өздігінен көбейіп, желі арқылы таралады. Сөйтіп, Фред Коэн «компьютерлік вирус» терминінің авторы атанды. Ол 1983 жыл Оңтүстік Калифорния университетінің студенті болып жүрген кезінің өзінде бірнеше сынақтар өткізді.
Шын мәнісінде «шөлмек ішінде тығылып жатқан жынды» бостандыққа шығарған ол емес еді. Бұл бір күмәнді атақ пәкістандық ағалы - інілі Амджадтарға тиесілі болатын. Олар жеке меншік компьютер дүкенін ашып, осында өздері жазған бағдарламаларды сатып жүрді. Өздерінің бағдарламалары заңсыз түрде көшіріліп және таратылып жүргендігін білген олар алғашқы код - BRAIN деп аталатын шағын бағдарлама жасап, оны ешкімге білдірмей өз бағдарламаларына ғана қосып қойды. Ал олар бағдарламаны көшіріп жазуға әрекет жасалған кезде белсенділігін арттыратын. Міне, осы бағдарлама бүгінде бүкіл елдің басын қатырып отырған вирустардың тұтас бір ұрпағының нақты бастамасы болды.
Робот: Бізге көмектесер кім бар екен?
Жүргізуші: Қалашықты Вирустан құтқару үшін 9 сыныптардан құралған бірнеше командалар келіп отыр, олар өз білімдерін ортаға салып, вирусты жойып жіберуге келіпті.
Компьютер бұл техниканың төресі
Оза алмайды жарыста тар өрісі
Алға озар ең мықтысы осы жолы
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұраймыз жұрт алдына шығуларын
Болсын дейміз жарысымыз жемісті
Озып шықсын кім білімді, кім мықты
Әділ қазы алқасына жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті
Ал достар, қуанышты сайыс басталып,
Жасайық біз есеп жорық.
Мәңгі бақи есте болсын
Қызықты бір сайыс болсын
Ескі санау қандай еді
Бүгін сендер білесіңдер
Айға шапқан батырлармен
Араласып жүресіңдер
Раушанды жыр етуші
Электрон ақылгөй
Жігіт те емес, бикеш те емес
Кереметке жақын ғой
Футбол ойыны нәтижесін
Робот қалай болжайды
Дерт емдесе, сол емдесін
Шахматты қалай ойнайды
Солдаттарға сап түзетіп
Басқарушы заводты
Ас талғаушы, үй күзетіп
Көріп пе едің, кибернетті кереметті?
Кибернетикадай қызықты
Көріп пе едің түсіңде?
Есептеуші жүз жылдықты
Бір тәуліктің ішінде
Роботтық иен жазған.
Әсем сазды ән тербейді
Ойын ойнап, жыр жырлаған
Кибернетке кім ермейді.
Бәріңіз маған қараңыз!
Сайысымызды бастайық.
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Робот: Вирус сарайдың ішіне орналасып алыпты. Ал сарайға жету үшін «Таныстыру» көпірінен өту керек.
Жүргізуші: 2 команданың топ басшылары топты таныстырып, буклеттерін қорғайды..
Робот: Осы көпірден кейін «Ақпарат» атты сиқырлы көпірден өту керек.
Жүргізуші: Көпірдің жанында топтарға арналған мынандай тапсырмалар бар.
Тапсырма: Әріптердің орнын ауыстырып, информатикаға байланысты сөз табу керек.
1 топқа-------------------------2 топқа
Зарядтар ____________лайботик_______________
Реверс ______________Лайф__________________
Свитерчен___________Нимотор________________
Граммпора__________Пъюромтек______________
Робот: Командалар сиқырлы көпірден өтіп, сарайдың алдына жақындады. Бірақ, сарайдың есігі парольмен жабылған.
Жүргізуші: Бұл парольды табу үшін сұрақтарға жауап беру керек. Ол 9 әріптен тұрады. Жауаптың бірінші әріптерін қойып шығу керек. Сонда пароль сөзі анықталып, сарайдың есігі ашылады екен.
Сұрақтар: Нәтижесінде ПРОГРАММА деген сөз шығу керек.
1. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы? (принтер)
2. Паскаль программасындағы EDIT менюі текстке қандай қызмет атқарады? (редакторлау)
3. Қандай санау жүйесін білесіңдер? (ондық)
4. Өлшем бірлік? (Гбайт)
5. Санның цифрына бөлінетін позиция? (разряд)
6. Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы? (ақпарат)
7. Компьютерде ақпаратты енгізу құрылғысы? (маус)
8. WORD қандай редактор? (мәтіндік)
9. Орындаушыға белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер тізбегін орындап шығуға алдын ала берілген түсінікті және анық ұйғарымы? (алгоритм)
Робот: Сарайдың есігі ашылды, енді ВИРУС отырған жерге жету үшін, қараңғы, көз көрмейтін жерден өту керек.
Жүргізуші: Ол үшін 2 топтан да 1 оқушыдан шығады, олардың көздері байланып компьютердегі графикалық редакторында кистіні алып, өзі қалаған түспен топтарының атын дұрыс жазу керек.
Робот: Топтар қараңғы жерден де өтті, енді кедергі жерден өту керек.
Жүргізуші: Ол үшін 2 топта арналған жұмбақтардың, тапсырмалардың жауабын табу керек.
1 топқа берілген жұмбақтар:
1. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары
Қыдырмашы біреуі
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті (пернетақта)
2. Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана «Ғ» (эф) әрпінен басталады. (Функционалдық пернелер)
3. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзерлік)
4. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)
5. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның. (маус)
Сұрақтар:
1 топқа арналған:
- Алгоритмнің қандай түрлері бар?
- Программа дегеніміз не?
- Компьютер құрылғылары нешеге бөлінеді? Атап шық?
- Компьютердің ең басты бөлігі?
- Принтердің түрлері?
2 топқа берілген жұмбақтар:
1. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (пробел)
2. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус)
3. Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
4. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер. (бит)
5. Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы.
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді? (сканер)
2 топқа арналған:
- Алгоритм сөзі қай ғасырда кімнің атынан шыққан?
- Команда дегеніміз не?
- Программалау тілінде орындаушы кім?
- Сканердің қызметі?
- Интернет дегеніміз не?
Робот: Вирус отырған жерге келдіңдер. Енді вирусты жою үшін мына берілген есепті ПАСКАЛЬ тіліне аударуларың керек.
Берілген есептердің блок - схемасын сызып, Паскаль тіліне аударыңдар.
1 топқа
1. у=(3х - 7) (2х+1)
2.
3.
2 топқа
1. А=(2В - 3У+С) 2
2.
3.
Есеп шешілген соң.
Робот: Ура!!! Вирус жойылды! жойылды! жойылды! 9 сынып оқушылары роботтардың атынан алғысымыз шексіз сіздерге. Рахмет! Рахмет! Рахмет! Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Қалашығымыздағы вирустан 9 сыныптардың арқасында құтылдық, Енді жарысымыздың шешуші сәті – төрешілер өздеріңде. Қалашықты вирустан қорғауға көбірек, тезірек атсалысқан жеңімпаз топты анықтаңыздар.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағыда үйренеміз аман болсақ!
Тағыда үйренеміз аман болсақ!
Шыңымыз биік болар, білім қусақ.
Өмір деген өнермен үйлеспей ме?
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!
7 сынып оқушысы домбырамен ән салады.
Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін айтып, талқыланып әр топтың өзінің бағасын береді.
Жүргізуші: Бүгін көріп тамашалаған «Электронды қаламызды «Вирус» атты қатыгез жаудан құтқарайық» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!
Электронды қалашығымызды «ВИРУС» атты қатыгез жаудан құтқарайық
- Аселжан
- 28 қаңтар 2014
- 3777
- 0
- 0
Ілмек сөздер: информатика сабағынан сайыс сабақ, вирус жайлы
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
Чарлз Бэббидж машинасында вирус болған жоқ. 1970 ж. алғаш Univax 1108, IBM – 36/370 компьютерлерінде “the rabbit” (кролик) вирусы құрылғыларға жұғып,...«Үздік информатик»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға XXI ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын...Алғыр достар
Тақырыбы: «Алғыр достар» сайысы...Үздік инфоматик
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп – балабақшасының информатика пәні мұғалімі Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы (Жаратылыстану бірлестігінің...“Көңілділер мен тапқыштар”
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің физика және информатика пәні мұғалімі УМИРЗАКОВА НУРГУЛ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.