Сайтқа кіру Тіркелу

Программалау тілінің қарапайым объектілері

Сабақтың тақырыбы: Программалау тілінің қарапайым объектілері.

Мақсаты:
Қарапайым объектілерді ажырата және қолдана білу, олардың Паскаль тілінде жазылу ерекшеліктерін меңгеру;
Бұл ұғымдардың барлық программалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару, ортақ қасиеттер мен шамалар туралы білімдерін дамыту;
Көпсалалық, жан - жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт. мед. жабдықтар, компьютер.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)
• Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
• Журнал толтыру;
• Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс. (10мин)
1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар - дұрыс – 1ұп, жоқ – 0; дұрыс емес – 0, 5ұп)
2. Қысқаша сұрақ - жауап;
• Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?
• Түйінді сөз деген не? Бірнеше мысал келтір.
• Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.
• Математикадағыдан басқа Паскаль тілінде тағы қандай амалдар қолданылады? Мысал.
•:= ‘; таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?

ІІІ. Жаңа сабақ(15мин)
Белгілі бір ортадағы сан - алуан нәрселердің әрқайсысын жеке атап жүрмес үшін оны объекті деп атайды. Олай болса Паскаль ортасында қандай обектілер бар деп ойлайсыңдар? Паскаль ортасындағы объектілерге мыналар жатады: «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция», «процедура» және «өрнек»
1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болады.
Бүтін сандар: 1, 2, - 9, 100, 65535, 0 т. б. (integer)
16 - лық бүтін сандар: $F, $8B2,…
Нақты сандар: 1, 2, 2. 65, 0, - 6. 0, 512, 12052500... кез - келген санды нақты санға жатқызуға болады. (real);
2. Атау - идентификатор. Айнымалыларды, файлдарды т. б объектілерді белгілеуге арналған таңбалар тізбегі. Мысалы:
х:=15. 5; a:=512; mektep:=’Жібек жолы’ … Мұндағы х, a, mektep идентификаторлар ал, 15. 5, 512, ’Жібек жолы’ – бұлар айнымалылардың мәндері. Паскалдың қызметші сөздері немесе операторларын белгілейтін сөздерді (var, integer…) атау ретінде алуға болмайды. Кез - келген қазақша сөзді ағылшын әрпімен жазып, атау ретінде алуға болады.
3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріссіз қалатын шаманы айтады. Мыс: g:=9. 81 k:=9E9 e:=1. 6e - 19…
4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріп отыратын шамаларды айтады. Ондай шамалар шексіз көп. Мысалы: ауа райы, уақыт, жыл мезгілдері... Айнымалыларды екіге бөліп қарау керек.
Қарапайым айнымалылар – бұлар өз атауларымен ғана жазылады.
Индексті айнымалылар – бұларда айнымалының атымен бірге индексі де жазылады. Оған кестелік шамаларды жатқызуға болады. Мысалы: сабақ кестесі – баған (сыныптар) және жол нөмірі (күндер) арқылы көрсетіледі.
5. Түсіндірмелер программаның әр жолының тұсына {} фигуралы жақша ішіне жазылады. Олардың көмегімен программаны талдау, түсіну оңай.
ІІІ. Сабақты бекіту: (10мин)
1. Қатарда жазылған сандардың қандай ортақ қасиеттері бар?
- 10, - 5, 0, 5, 10,...,..., бүтін сандар,
- 1, 5, - 1,..., 0,...,..., 1, 5,... нақты сандар.
2. Осы сандар қатарында қандай заңдылық бар?
Бүтін сандар 5 - ке артып отырады. Арифметикалық прогрессия заңдылығы бар.
Нақты сандар қатары 0, 5 - ке артып отырады, АФ заңдылығы бар.

3. Мына айнымалыларға қандай мәндер берілуі мүмкін?
Типі сөз болса mektep, vuz, (кез - келген сөз)
Типі нақты болса dd, x, y2, (кез - келген сан)
Типі бүтін болса ddч, xч, y23, (тек бүтін сандар)

4. Тұрақтылар мен айнымалыларды көрсет, басқа мысалдар келтір?
5, 5, 600, m6, aaa, mektep, 1. 6e - 19, 9. 81, ауа райы, уақыт, мемлекет атауы, планета атауы, жастық шақ, масса, удеу, хим. элем. аты...
IV. Оқушыларды бағалау: (5мин)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Paskal тілі

Paskal тілі

Мақсаты: Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру. Жасанды тілдің қалай...
Информатикадан тест 9-сынып

Информатикадан тест 9-сынып

Информатика пәнінен 9 - сыныпқа арналған тест сұрақтары (+- пен дұрыс жауаптары белгіленген)...
Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы

Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тайкенов Дархан Есенбайұлы...
Программа құрылымы. Шамаларды  сипаттау бөлімі

Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі

Пән аты: Информатика Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Сабақтың мақсаты:...
Стандартты функциялар

Стандартты функциялар

Пән аты: Информатика Сабақтың тақырыбы: Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы. Өрнектер және олардың жазылуы Сабақтың мақсаты:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×