[b]Информатика[/b]
Сабақтың тақырыбы: [b]Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері.
[/b]Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Дербес компьютерлер, дербес компьютер туралы жалпы мәлімет, дербес компьютерді жіктеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. [b]Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз не?
2. Және, немесе, емес схемаларының ақиқаттық кестесін көрсет?
3. Компьютер үшін триггер қандай қызмет атқарады?
4. Триггер схемасын көрсет.
5. Қосындылауыш деген не?
ІІІ. [b]Жаңа тақырыпты түсіндіру.[/b]
Біз 7 – сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК - дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.
Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина.
ДК - дің минимум тізіміне мыналар жатады:
1. Жүйелік блок;
2. Монитор
3. клавиатура
Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. Тасымал компьютерлер – батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.
Қалта компьютерлер – оны жиі сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен қоректенеді және тасымал компьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да, оны телефон нөмірлерін, мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.
Компьютердің маңызды элементтерінің бірі – монитор. (дисплей).
Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бейнелеуге арналған негізгі құрылғы.
Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы – лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.
Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.
Компакт – дискі. CD - R/RW, DVD - R/RW - алтын түсті ( R – жазатын, RW қайта жазу) болып келеді. CD - R, DVD - R - ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD - RW, DVD - RW дискілеріне көп жазуға болады.
Флеш - жады – бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB - порт арқылы қосылады.
Флэш жады жылдам жадыдан энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленді, яғни энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады.
IV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді?
2. Процессор дегеніміз не?
3. Процессордың негізгі компоненттерін атаңыз?
4. Қазіргі компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы қандай?
5. Мониторлардың қандай типтері бар?
6. Принтерлердің негізгі түрлері қандай? Олардың негізгі ерекшеліктері қандай?
Үйге тапсырма: Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері
- erasik
- 18 желтоқсан 2013
- 14352
- 1
- 100
Ілмек сөздер: Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері
Ұқсас жаңалықтар:
Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен...Компьютердің қосымша құрылғыларын орнату. Драйверлер
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қосымша құрылғылар, оларды орнату, драйверлер туралы жалпы мәлімет беру, компьютердің қосымша құрылғылары туралы...Компьютердің құрылымы
Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютер тек бір адамға жұмыс жасауға арналған. Бүгін біз ДК құрылымы мен...Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: компьютердің құрамына кіретін...Компьютер жадының түрлері. Ақпарат тасымалдауыштар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп-балабақшасы Информатика пәні мұғалімі Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы Сабақтың тақырыбы: Компьютер жадының...Пікірлер: 1
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.