Сабақ тақырыбы: Алгоритм және оның қасиеттері
Сабақ мақсаты:
1. «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру, оның қасиеттерін білу, орындаушы мен оның командалары ұғымын қалыптастыру;
2. Алгоритм құру дағдысын қалыптастыру, негізгі қасиеттеріне мысалдар келтіре білу, алгоритмнің берілу тәсілдерін қолдана білу, алгоритмді орындау түсінігін дамыту;
3. Қарапайым алгоритмдер құра білу, нәтижесін талдай алу;
Сабақ көрнекілігі: тақырып бойынша мультимедиалық слайд, оқулық.
Сабақ түрі: түсіндіру - пікірталастық, теориялық.
Оқушылар білуі қажет: алгоритм ұғымын, алгоритмдер қасиеттерін.
Оқушылар орындай білу керек: алгоритм қасиеттерін ерекшелеу.
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі, геометрия, технология.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ.
«Алгоритм» ұғымы.
Проблемалық ситуация:
Мына интегралдық функцияның х=3 болғандағы мәнін шығара аласыңдар ма?
? (жоқ, біз ондайды өткен жоқпыз)
Онда былай істеңдер: бұл таңбаны интеграл дейді.
Мына нұсқауларды --- орындаңыздар.
1. х - тың дәрежесіне 1 қосыңыз; х3
2. осыны 3 ке бөліп, бөлшек етіп жазыңыз;
3. х - тың орнына алдымен интеграл белгісінің үстіңгі санын қойып 1 - бөлшек етіп жазыңыз,
4. х - тың орнына алдымен интеграл белгісінің астыңғы санын жазып 2 - бөлшек өрнек жазыңыз;
5. 1 - бөлшектен 2 - бөлшекті шегеріңіз;
6. шыққан санды нәтиже ретінде жазыңыз; 3
Нәтиже 3 шықты. Мен айтқан нұсқаулар бойынша сіздер білмесеңіздер де жоғарғы математиканың есебін шығардыңыздар. Мен есептің алгоритмін айтып тұрдым, сіздер орындадыңыздар.
Алгоритм дегеніміз - берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.
Мысалдар келтіру...
Бұл термин алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс - әрекеттердің тізбектеліп орындалуы.
Алгоритм сөзінің пайда болуы ұлы математик Мұхаммед әл - Хорезмидің атымен байланысты.
Алгоритм мен атқарушы ұғымы өзара тығыз байланысты. Алгоритмді тек адамдар жасайды. Одан алгоритмді құру ережелері талап етіледі. Ал алгоритмді адамдар немесе әртүрлі құрылғылар - компьютерлер, автоматтар, тұрмыс техникасы және роботтар орындайды.
Алгоритмдегі әрбір іс - әрекет команда, ал командалар жиынтығы атқарушы командалар жиынтығы д. а.
Алгоритмдер. Айналамыздың барлығы алгоритмдер, яғни іс - әрекеттердің көбісін белгілі бір алгоритммен орындаймыз, оны өзімізде кейде байқамай қаламыз (өрт кезінде эвакуациялау нұсқаулықтары, егін егу, салат жасау т. б.). мыс: ағаш отырғызу алгоритмі
1. Жерді қазамыз;
2. Ағашты отырғызамыз;
3. Құммен жабамыз;
4. Ағашқа су құямыз.
алгоритмдер барлық салада да болады.
Мысалы: қазақ тілінде, математикада, биологияда және т. б.
Қазақ тілінде: «Жаңбырбаст жауыпбаянд, күнбаст суытыпанықт тұрбаянд» берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау. Мұнда сөйлемді оқимыз, мағынасын талдаймыз, құрылымын талдаймыз, сосын біріншіден сөйлемнің баяндауышын және бастауышын табамыз, содан толықтауышты, анықтауышты, пысықтауышты табамыз.
Алгоритм қасиеттері:
1. Түсініктілігі – атқарушыға алгоритмнің орындау жолы түсінікті болатындай, алгоритмнің жазылу түрі дәл және толық болуы тиіс.
2. Дискреттілігі немесе үзіктілігі – алгоритм тізбектеп орындалатын қарапайым қадамдарға бөлінуі тиіс. Келесі қадамға көшу алдыңғы қадам аяқталған соң ғана мүмкін болады.
3. Анықтылығы – алгоритмнің әрбір қадамы бірнеше болмай, дәл және бір мағыналы болуы керек.
4. Нәтижелігі – алгоритмнің барлық қадамдары орындалғаннан кейін ол дұрыс шешім әкелуі тиіс.
5. Жан - жақтылығы немесе жалпылылығы – алгоритм, ұқсас есептерді шешекенде кез - келген адам қолдана алатындай етіп жалпы түрде жазлады.
Алгоритмнің қасиеттеріне мысал қарастырайық: «оливие» салатын дайындау.
1. Керекті компоненттерді дайындаймыз: 2 картоп, 2 сәбіз, 2 жұмыртқа, 0, 2 гр шұжық, ¼ бөлік консерві бұршағы, ¼ бөлік консерві жүгері дәні және 0, 3 гр майонез, су, тұз, қақпағы бар ыдыс, салатты қосатын ыдыс.
2. Картоп, сәбіз, жұмыртқаны қақпағы бар ыдысқа салып, үстіне су құйып қайнатамыз
3. Шұжықты кішкентай төртбұрышты етіп тураймыз.
4. Піскен компоненттерді де кішкентай төртбұрышты етіп тураймыз.
5. Барлық компоненттерді салат салатын ыдысқа салып, бұршақты, жүгері дәнін салып, тұз салып, майонезін қосып араластырамыз.
Ал енді оның қасиеттерін анықтаймыз:
1. Алгоритм түсінікті, себебі біз салатты қалай дайындау керек екенін білеміз.
2. Алгоритм дискретті, себебі барлық процесс жеке қадамдарға бөлінген
3. Алгоритм анық жазылған, себебі әрбір қадам атқарушыға түсінікті.
4. Алгоритм нәтижелі, себебі алгоритмді дәл орындалса оливье түскі асқа дайын болады.
5. Алгоритм жалпы, себебі мұнда ыдыстың түрі, картоптың сорты, майонездің түрі дегендей және т. б. қадамдар қарастырылмаған. Мұнда барлық әрекеттер жалпылама түрде сипатталған.
Сынып жұмысы: оқулықта 1 - тапсырманы дәптерге орындау.
Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм термині қалай пайда болған?
3. Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстар алгоритмінің мысалдарын келтіріңдер?
4. Алгоритмді орындаушы?
5. Алгоритм қасиеттерін атаңдар?
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: оқулықта 45 - бетте ІІІ тарау, §12 оқу. Дидактикалық материалдарда 23 - бетте 1, 3, 4, 6, 7 тапсырмалар.
Алгоритм және оның қасиеттері
- Маргарита
- 13 желтоқсан 2013
- 55915
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алгоритм және оның қасиеттері, информатика пәнінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Тармақталу алгоритмдері
Алгоритмдiк ойлау қабiлетi – бұл ойлай бiлу өнерi, өз iс - әрекеттерiңді жоспарлай бiлу, әр түрлi жағдайларды қарастырып, соларға сәйкес әрекет ету....Алгоритм түрлері. Сызықтық алгоритм
Сабақтың мақсаты: Білімділік: • Оқушыларға алгоритм түрлері туралы түсінік беру; • Сызықтық алгоритм туралы;...Алгоритмнің түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Мақсат: Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс -...Алгоритмді жазу тәсілі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм ұғымымен таныстыруды жалғастыру, оның жазу пішімдері мен блок - схема құруды үйрету, алгоритм типтерімен...Алгоритм құрылымы: Сызықтық немесе тізбекті алгоритм
Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.