Тақырыбы: «Алғыр достар» сайысы
Мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету;
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Б) Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Алғыр достар» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сонымен қатар сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. _______________________________________
2. _______________________________________
3. _______________________________________
Сайыс екі команда арқылы өтеді. Сайысқа қатысатын командалар;
I топ – «Ақпарат»
II топ – «Компьютер»
Сайыс 6 – кезеңнен тұрады. Кезеңдері:
1 - кезең: «Таныстыру»
2 - кезең: «Капитандар сайысы»
3 - кезең: «Кім жылдам?»
4 - кезең: «Сен білесің бе?»
5 - кезең: «Ойланайық»
6 - кезең: «Жасырынған суреттер»
1 - кезең: «Таныстыру». Сайысқа қатысатын екі топ өздерін кезекпен таныстырады.
2 - кезең: «Капитандар сайысы» Бұл кезеңде екі топтың копитандары ортаға шығады. Экранда 10 сұрақ жасырылған, сұрақтарға кім бірінші жауап береді. Сол оқушыға ұпай саны қосылады. Сұрақтары:
1. Компьютердің миы (процессор)
2. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)
3. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі (бит)
4. Зиянкесті программа (вирус)
5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (монитор)
6. Компьютер бұл мамансыз жұмыс істемейді (программист)
7. Сандер мен әріптерді енгізу құрылғысы (пернетақта)
8. Ақпараттың сандық көшірмесін шығаратын құрылғы? (сканер)
9. Сурет салуға арналған программа? (Paint)
10. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас? (интерфейс)
3 - кезең: «Кім жылдам?». Ребусты шеш.
Жауабы: Компьютер, Драйвер
4 - кезең: «Сен білесің бе?». Ұяшықтарға сұрақ жасырылған. Екі топтың оқушылары жауап беру керек.
10. 1 байт неден тұрады? (8 биттен)
10. Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы? (колонка)
20. Ең ертедегі есептеу құрылғысы (есепшот)
20. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы? (модем)
30. Компьютердің атасы деп кімді атаған? (Ч. Беббидж)
30. BaskSpace пернесінің қызметі? ( алдыңғы символды өшіру)
5 - кезең: «Ойланайық». Берілген сөздердің әріптері ауысып кеткен. Сол сөздерді қалпына келтіру керек.
1. Красен (Сканер). 2. Трионом (Сканер). 3. Россецорп (Процессор). 4. Таксиед (Дискета). 5. Крамыш (Мышка). 6. Перринт (Принтер). 7. Рокурс (Курсор)
6 - кезең: «Жасырынған суреттер». Экрандағы ұяшықтардың ішінде суреттер жасырынған. Жасырынған суреттерді табу керек.
Қорытындылау.
Осымен ойынымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз.
Бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Алғыр достар
- меркон
- 26 сәуір 2013
- 9037
- 0
- 0
Ілмек сөздер: информатика, Сайыс сабақ, алғыр достар тақырыбы
Ұқсас жаңалықтар:
Ең үздік информатик
Бұл сайыстың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Ойын...Үздік информатика тобы
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын арттыра отырып, олардың пәнге деген...Жас информатиктер сайысы
Тақырыбы: «Жас информатиктер» сайысы...Информатика әлеміне саяхат
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі...Дербес компьютер және ақпарат тарауын қайталау
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Белое ауылы "Октябрь мектеп - балабақша кешені" КММ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.