Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері
I. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшілерден «жоқ» оқушылардың тізімін алу. Оқушылар орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу, «жоқ» оқушылардың тізімін беру. Зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Ауызша, сұрақ - жауап
III. Жаңа материалды хабарлау:
Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жұмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек,
Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Біз үшін компьютермен қарым - қатынас жасаудың қолайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ - лер:
■ Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
■ Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі
бірге) көп терезелі интерфейсі болуы мүмкін. Анығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және фондық деп аталатын режимде көмекші тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторын, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады. Бұл программалар бір - біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін.
Бір міндетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуатты аз компьютерлерде жұмыс істеу қолайлығы жағынан көп міндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да біртіндеп әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады. Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNІХ, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек. Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір - біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады.
Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс қажетті әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімінен және т. с. с. таңдалады.
WINDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Бірінші типіне Місгosoft компаниясының ұқсас екі жүйесі Windows 95 пен Windows NТ жатады.
Windows 95 және Windows NТ операциялық жүйелер көпміндетті және олардың көптерезелі графикалық интерфейсі бар.
Өз тарихында Місгоsoft компаниясы алдымен Windows NТ жүйесін жасады. Бірақ сол кездегі дербес компьютердің қуаты бұл жүйені тиімді қолдануға жеткіліксіз больш шықты. Компьютердің қуатына лайықты шектелген жүйенің қарапайымдау нұсқасы Windows 95 деген атпен шығарылды да, бірден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ пайдаланушыларының алдыңғы интерфейстерімен салыстырғанда, айтарлықтай тиімді болып табылады,
Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі мыналар:
IV. Жаңа материалды бекіту
Сұрақтар мен тапсырмалар
Тапсырма 1
1. Бас менюден Настройка - Панель Управления командаларын таңдаңдар.
2. Басқару панелі қапшығының терезесінде Дата/Время белгісінде екі рет шертіңдер.
3. Екі қосымшасы бар Свойства: Дата/Время терезесі пайда болады.
4. Дата и Время қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.
5. Дата бөлімінде туған күндеріңді қойыңдар: ол үшін Жыл көрсетілген өрісте Айналдыру батырмасының көмегімен туған жылдарыңды таңдаңдар, содан кейін ай көрсетілген өрісте туған айларыңды таңдаңдар да, күнтізбеден маусты шертіп, санды табыңдар.
6. Время бөлімінде мектепте сабақ аяқталатын уақытты қойыңдар: ол үшін сағаттың
астындағы уақыт көрсетілген өрісте маусты шертіңдер, содан кейін Айналдыру
батырмасымен қажет уақытты таңдаңдар немесе оны пернетақтадан енгізіңдер.
7. Применить батырмасын шертіңдер.
8. ОК батырмасын шертіңдер.
Экранда Міндеттер панелінің төменгі оң жақ бұрышьшда қойған уақыттарың бейнеленеді. Ал енді жоғарыда келтірілген әрекеттерді орындап, ағымдағы күн мен уақытты қойыңдар.
БКО, Теректі ауданы, Приречный ОСОШ
информатика пәні мұғалімі: Айшуаков Мерлан Адилович
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.