Тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар
Мақсаты:
Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Мақсаты:
Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік бере отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау, сөйлеу, өз бетімен жұмыс істеу алу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
• Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
• оқушылардың өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, сөйлеу шеберліктерін, өз беттерімен іздену дағдыларын дамыту.
• оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құрал - жабдықтар: оқулықтар, дәптерлер, үлестірмелі қағаз, интерактивті тақта.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың
іс - әрекеттері
Білу Оқушылармен амандасу. Шаттық шеңберін құру арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Қауіпсіздік ережелерін қайталау сұрақтары.
1. Жалпы техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелеріне қойылатын қандай талаптар бар?
2. Компьютерлік сыныпқа кірер алдында қандай талаптар қойылады?
3. Компьютермен жұмыс істер алдындағы қойылатын талаптарды ата.
4. Компьютермен жұмыс істеу барысында қандай талаптар қойылады?
5. Компьютермен жұмыс аяқтағаннан кейінгі қойылатын талаптар.
6. Электр тоғымен зақымданғанда қандай алғашқы көмек көрсету тәсілдері бар?
7. Көз талғанда қандай жаттығулар жасалынады? Оқушылар шаттық шеңберге тұрып, бір - біріне жылулық тілектерін айтады
Орындарынан кезекпен тұрып, сұрақтарға ауызша жауап береді.
Түсіну
Ақпарат адамнан да ерте туған құбылыс.
Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада қолданылатын көп мағыналы ұғым. Латын тілінде “informatio” - түсіндіру, мазмұндау деген мағынаны білдіреді.
Сонымен, ақпарат деп қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпараттану (Информатика) – электронды есептеу машина (ЭЕМ) арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір - біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Ақпаратты жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауды және оны енгізуді қамтамасыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, есеп жасаушы жүйелер.
Ақпараттық жүйе жобасы деп – нақты бір программалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы бар жобалық - конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.
Сонымен ақпараттық жүйе (АЖ) дегеніміз - қандай да бір нысанды басқаруға қажетті қойылған қоғамдық мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, «дәстүр және персоналдардың өзара байланысқан жиыны.
Бағыныңқы жүйе дегеніміз – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі.
Ақпараттық қамтамасыз ету – АЖ мен ақпараттық технологияға қажетті элементтерінің бірі басқарылатын нысанның күйін және басқару шешімін сипаттайтын ақпаратты бейнелейді.
Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйенің жұмыс жасауға арналған техникалық жабдықтар кешені.
Математикалық қамтамасыз ету – Аж - нің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және программалар жиынтығы, сонымен қатар, ол техникалық құралдар кешенінің қалыпты қызметіне жағдай жасайды.
Программалық қамтамасыз ету – есептеу техникасын қолдану арқылы, ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын программалар жиыны.
Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып, берілген сұрақтарға өз бетінше жауап береді
Қолдану 1 - тапсырма. Карточкамен жұмыс
Ұяшықтағы сөздерді орындарына қойыңыз
2 - тапсырма
Талдау
Венн диаграммасы арқылы ортақ қасиетін табу
Ұқсастығын тауып жазады
Бағалау
Бағалау критериясы
№ Сұрақтар балл
1 Мен ақпарат туралы білемін 1
2 Ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологияның айырмашылығын білемін 3
3 Бағыныңқы жүйе туралы айта аламын 2
4 Ақпаратты тарату және қабылдау тәсілдерін білемін 4
5 Ақпараттық бейне қандай бөліктерден тұратынын білемін 3
3 - 6=3
6 - 11=4
11 - 13=5
Үй тапсырмасы:
І тарау, §2 оқу.
Бағаны күнделіктеріне қойдырады
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар
- ramuk_b
- 12 қыркүйек 2019
- 2664
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар
Ұқсас жаңалықтар:
Информатика тест 11 сынып
1. Объектілерді ( заттарды, құбылыстарды, үдерістерді ұғымдар - ды) белгілі бір белгілеріне сәйкес топтарға бөлу жүйесі -... А) ақпараттану ә)...Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен...Файлдық менеджер құрылымы
1. 1 Компьютерде ақпараттық технологияны топтау бағдарламасын қамтамасыз ету Компьютерде ақпараттық технологияны қамтамасыз ету үшін бағдарламалық...Тест тапсырмасы
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы, Қараой мектеп-балабақшасы информатика пәні мұғалімі Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы 1. Қоршаған орта мен ондағы болып жатқан...Операциялық жүйелерді баптау
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі Мыңжасарова Светлана...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.