Сабақ 8 сыныптың химия курсының негізгі оқу бағдарламасы негізінде құрылды.
Сабақтың тақырыбы: Сілтілік металл - натрий
Сабақтың орыны: Бұл тақырып жаңа тараудың бірінші сабағы
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Натрий атомының құрылысы, алынуы, физикалық, химиялық қасиеттерін, қолданылуын өз беттерінше сипаттап, сілтілік металдардың химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін жаза білуге үйрету.
Дамытушылық: Өз беттерінше жұмыс істеу, ізденушілік, зерттеу, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, өзіндік ой - қорытуға, өз - өздерін бағалай білуге, жан - жақтылыққа тәрбиелеу.
Технологиялар: СТО, жеке тұлғаға бағытталған, ойын, АКТ технологияларының элементтері
Жұмыс түрлері: топтық, жеке, жұппен
Әдістері: зерттеу, миға шабуыл, интерактивті, көрнекілік, ауызша
Сабақты балалармен қарым - қатынас орнату және жақсы көңіл - күймен жұмыс істеуге бағытталған жақсы психологиялық жағдай туғызудан бастадым. Миға шабуыл әдісі арқылы сабақтың мақсатын оқушылар өздері анықтады. Егер оқушылар сабақтың мақсатын өздері анықтаса, бұл алға қойған мақсаттың орындалуына түрткі болады деп ойлаймын.
Алға қойған мақсатты жүзеге асыру мақсатында сыныпты 3топқа бөлдім. Бұл топты оқушылардың білім мен білік деңгейлерін, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып құрылды. Осы тақырыппен танысқанға дейін оқушылар біледі:
• сілтілік металдар;
• химиялық формулаларын құру;
• сілтілік металдардың кейбір қасиеттерін;
• тотығу дәрежелерін, ион заряды;
Интеллектуалды жаттығу – бұл мен тұрақты пайдаланатын оқушыларды белсенді ой - әрекетіне бағыттайтын тәсіл деп санаймын.
Жаңа материалды игеру барысында СТО - дың ББҮ стратегиясы арқылы ұйымдастырдым. Мен оқушылардың танымдық ізденіс әрекетін қалыптастыруға әрекет жасадым.
Өзіндік зерттеу әрекеті арқылы кішігірім топта оқушылар оқулық материалына дайындалып, өз беттерімен игеріп, қорытынды жасады.
Жаңа сабақ болғандықтан, оқушылардың жауаптарын көрнекілікті қолдана отырып, қорыттым. Сонымен қатар демонстрациялық әдісті пайдаландым. Себебі көзбен көру тәжірибесі қажет деп ойлаймын. Сабақ барысында алған білімдерін оқушылар әрі қарай натрийдің қосылыстары тақырыбын оқып - үйрену кезінде, сонымен қатар күнделікті өмірде қолдана алады.
Есептер шығару, «Кім жүйрік?» ойын тапсырмалары алған білімдерін бекітуге ықпал етті.
Кестенің 3 - ші «Үйрендім» бағанын толтыру, сонымен қатар «Натрийға алғыс» жаңа материалды шығармашылық тұрғыда түсіну арқылы рефлексияны жүзеге асырды.
Тақырыпты игеру деңгейін графикалық диктант арқылы жүргіздім.
Сабақ бойынша оқушылардың іс - әрекеті топ бойынша, жеке тапсырмалар арқылы бағалау парағына баға қойылып, бағаланды.
Үй жұмысы алған білім мен білік дағдыларын бекіту мақсатында берілді. Қосымша іздену үшін «Натрийдің биологиялық рөлі» тақырыбында шығармашылық жұмыс ретінде берілді.
Сабақтың мақсаты мен міндетін орындап, жоспарланған жұмыс жасалып, мақсатыма жеттім.
Сілтілік металл - натрий
- jansaya09
- 1 ақпан 2016
- 3894
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сілтілік металл натрий, химия пәнінен ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі
Оқу мақсаты: Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орны туралы...Кальций және оның маңызды қосылыстары
Кальцийдің периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері жөнінде оқушыларға мағлұмат беру; Кальций және оның...Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар
Сабақтың мақсаты: металдардың құрамы, құрылысы және физикалық қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру. Кристалдық тордағы бос электрондарға...Кальций және оның қосылыстары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектеп Химия пәнінің мұғалімі Жалелова Динара...Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары
Райымбек ауданы №2 Кеген орта мектебі Химия пәнінің мұғалімі: Намазбаева Айжамал Амантұрқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.