Сабақтың мақсаты: металдардың құрамы, құрылысы және физикалық қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру. Кристалдық тордағы бос электрондарға байланысты ортақ қасиеттерді ажырата білуге дағдыландыру.
Құралдар мен реактивтер: кейбір металдардың балқу, қайнау температураларының анықтамасы, электр өткізгіштікті анықтайтын аспап. Металдық кристалдық тор үлгілері.
Сабақтың барысы.
I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Үйге берген тапсырманы сұраудың немесе өткен сабақты еске түсірудің әдісі көп. Соның бірі – мұғалім өткен сабақты бірнеше сұрақпен қайталайды.
1. Металл ионы қалай түзіледі?
2. Сілтілік металл иондарының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
3. Металдық және иондық байланыстың кристалдық торында бір - бірінен қандай айырмашылықтары бар?
Үй тапсырмасын қайталаған соң, жаңа сабақ басталды. Металдар, олардың тарихтағы және қоғамдағы орны басқа пәндерге (тарих, география) байланыстырылып түсіндіріледі. Металдар ерте заманнан - ақ белгілі. Тас ғасырынан бастап мыс, қола, темір дәуірлері жайлы оқушылар қызықты мәліметтерді өздері де келтіре алады, бұл арада пәнаралық байланыс жүзеге асады. Әрі оқушының шығармашылық қабілеті дамиды.
II. Жаңа сабақты оқып - үйрену. Металдардың физикалық қасиеттерін, олардың кристалдық торының құрылысы және металдық байланысы жайлы алған білімді пайдалана отырып түсіндіру қажет.
Кристалдық тордағы «электронды газ» - металдардың физикалық қасиеттерін, металдық жылтырын, жылу - және электрөткізгіштігін, пластикалығын, созылғыштығын, тығыздығы мен балқу, қайнау температураларын анықтайтындығы сөз болады.
Металдардың қаттылығы әртүрлі және олардан алынатын құймалардан түрлі құралдар, конструкциялық материалдар жасалады. Сондықтан әсіресе металл құймалары кеңінен қолданылатыны айтылады.
Қорыта келгенде мұғалім типтік металдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылығын түсіну үшін металдың атом құрылысын басшылыққа алады.
Барлық металдар (сынаптан басқасы) қатты, бәрінде дерлік металдық жылтыры бар. Қатты күйде жылуды және электр тоғын өткізеді. Себебі, олардың кристалдық торында жартылай оң зарядталған иондар, жартылай бейтарап атомдар мен одан үзіліп кеткен еркін қозғалатын электрон газы болады.
III. Оқушылардың алған білімін қорытындылау.
Мұғалім бірнеше сұрақ қояды.
1. Ең оңай балқитын және осы қасиетіне байланысты қолданылатын қандай металды білесіңдер?
2. Ауада қатты қыздырғанда да тотықпайтын металлдарды атаңдар.
3. Ең қиын балқитын металдарды атаңдар.
4. Металдардың құймаларын қандай мақсатта қолданады және қалай алады?
5. Құйманың құрамында 80% никель, 20% хром бар. Хромның 1 моліне неше моль никель келетінін есептеңдер.
Үйге тапсырма. §30. 1 - 10 - жаттығулар.
Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар
- nurlygash_72
- 4 наурыз 2015
- 4772
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Металдарға жалпы сипаттама беру, химия пәнінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Металдар және бейметалдар
Химиялық элементтердің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау....ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі
Оқу мақсаты: Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орны туралы...Металдар мен қорытпалар
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мақсаты: металдар және қорытпалар жайлы түсінік беру ә) Дамытушылық мақсаты: металдардың түрлері, бұйымдар мен...Сандық есептер
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың металдардың жалпы қасиеттері тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау Дамытушылық:...Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары
Райымбек ауданы №2 Кеген орта мектебі Химия пәнінің мұғалімі: Намазбаева Айжамал Амантұрқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.