Тақырыбы: Химия ғажайыптары
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
3. Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: интеллектуалды ойын (химиядан сыныптан тыс жұмыс)
Өтетін орны: Мультимедия кабинеті
Көрнекіліктер: мультимедиялық тақта, слайд - презентациялар, үлестірмелі қағаздар, көрермендерге арналған жұмбақтар;
Химия мен медицина дамыған
Өндірісте химияны таныған
Химиясыз кірмес жердің құнары
Мұндай ғылым әркез биік тұрады деп бүгінгі кештің жоспарымен таныстыра кетейін:
1. Сұрақ - жауап бөлімі
2. «Жұмбақ - арал»
3. «Ғажайып шеңбер»
4. «Шығармашылық сәт»
Сынып оқушыларынан екі топ іріктеліп алынады. Ойынға екі топ қатысады.
Топтың жинаған ұпайларын есептеп отыру үшін есепші ретінде Аширбекова Қарлыға апайды сайлап алайық
1. «Сұрақ - жауап» бөлімі, әр дұрыс жауап - 1 ұпай
1 - топ:
1. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады
2. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар
3. Ең қиын балқитын металл
4. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат
5. Қай элементтің бейнесі айдаһар пішінді
6. Өнеркәсіптің негізгі металы
7. Сиыр, жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл
8. Сұйық металл
9. Суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі
10. Мыстың латынша атауы
2 - топ:
1. Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың бүліну құбылысы
2. Ең қатты металл.
3. Адам ағзасында сүйектің құрамына кіретін металл.
4. Адам миының салмағы
5. Зарядты бөлшек.
6. Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым
7. Үш түрлі күйде кездесетін зат.
8. Топырақты құнарландыратын элемент.
9. Ең жеңіл газ.
10. Күмістің атомдық массасы.
Ойынымыздың екінші кезеңі «Жұмбақ - арал» бөліміне өтейік.
Бұл бөлімде топтарға жеке - жеке жұмбақтар жасырылады. Қарсылас топ та жауабын дайындап отыруға болады. Топтағы оқушылар дұрыс жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топ ойыншылары жауап беріп, ұпайларын көбейтуге болады. 1 - сұраққа дұрыс жауап - 10 ұпай
1 - топ:
Әрбір үйде ерте заманнан бері қолданылып келеді. Алғашқы кезде оны киіз үй ортасына қойған. Кейіннен олардың түрлері көбейді. Ол не? (Ж: пеш)
2 - топ:
Жер қыртысында миллиондаған жылдар нәтижесінде пайда болатын бір элементтің түр өзгерісі. Оның тығыздығы жоғары, жылтыр. Адам баласы ертеден пайдаланып келеді. Бұл не? (Ж: көмір)
1 - топ:
Жұмбақты шешіп, белгісіз элементтің орысша, латынша аттарын атау керек.
Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді.
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді (Ж: күміс - серебро - аргентиум)
2 - топ:
Жұмбақты шешіп, белгісіз элементтің орысша, латынша аттарын атау керек.
Өзі ауыр металға жатады,
балалар осы металды құйған сақамен атады. (Ж: қорғасын - свинец - плюмбум)
Есепші апайымызға сөз беріп, қоржынға жинаған ұпай сандарымызды бір біліп алайық.
Енді ойынымыздың үшінші кезеңі «Ғажайып шеңбер» бөліміне жеттік. Бұл бөлімде шеңберде берілген заттарды пайдаланып, әр түрлі қосылыстардың формулаларын құрастырыңыздар. 2 минут уақыт беріледі. Сіздер ойланғанша ойынымызды көрермендермен жалғастыра берейік.
«Көрермендер көрімдігі»
«Мен кіммін?» ойыны:
1. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау. (азот)
2. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім (озон)
3. Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салатын белгі. (селен)
4. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада (алмас)
5. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз – өткізгішпін (мыс - сым)
Оқушылардың «ғажайып шеңбер» бойынша орындаған тапсырмалары тексеріліп, ұпай сандары беріледі.
Ойынымыздың соңғы бөлімі: «Шығармашылық сәт» деп аталады. Мұнда оқушылардың шығармашылық қабілеттері анықталып, тиісті ұпайлары беріледі.
1. Берілген сөздердің ішінен қажеттісін тауып алу.
(киік, темір, жұт, бүркіт, су тасқыны, жалбыз, күн тұтылуы, інжугүл, борсық, сілті, мыңжапырақ, қараторғай, сел, өрт, дауыл, жауқазын, көкек, құйын, шағала, озон, қарсақ, құрғақшылық, түйеқұс, сынап, жер сілкінісі, түймедағы, боран, ас тұзы, алюминий, аю, мақта, алабота, кәмшат, бозторғай, хлор, үйрек, темекі, күріш, ілбіс, фосфор).
2. Өздеріне ұнаған бөлім бойынша өлең жолдарын құрастыру.
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде.
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде,- дей отырып, ұпай сандарымызды анықтау үшін сөз кезегін Қарлыға апайымызға береміз.
Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - деп бүгінгі «Химия ғажайыптары» атты ойынымызды аяқтаймыз.
Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!!!
Химия ғажайыптары
- Meruert Jumagulova
- 23 желтоқсан 2014
- 14476
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Химия ғажайыптары атты интеллектуалды ойын
Ұқсас жаңалықтар:
Химия ғажайыптары тұрмыста. (Ашық үйірме жұмысы)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту. 2. Оқушылардың...Химия тұрмыста
Мақсаты: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту. Сабақ түрі: Сайыс сабағы....Химиялық элементтер туралы жұмбақтар
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Негметова Айдана Манарбекқызы...Көңілді кеш.
Көңілді кеш....Химия әлемінде
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, С. Шапағатов елді мекені № 1 мектеп - лицейінің химия пәнінің мұғалімі Мархабаева Ақмарал Аймұратқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.