Сайтқа кіру Тіркелу

Жүзден жүйрік

Жүзден жүйрік...
Топтарды әділ бағалау үшін әділ қазылар алқасы қатысады.
Сыныптан тыс шара 9а, 9б, 10а, 10б сыныптары арасында сайыс түрінде өтеді. Әрбір сыныптан 3 оқушыдан алынып, 4 топқа бөліп әрбір топ өздерінің ішінен басшы сайлап, топ мүшелерімен таныстырады.
Жүргізуші: енді сайыскерлерімізді І турдың ойын шартымен таныстырайық. Бұл тур « Адасқан әріптер» деп аталады. Мына берілген әртүрлі пішіндерде адасқан әріптер жасырылған, осы әріптерді өз орындарына дұрыс қойып, шыққан сөзге анықтама бересіздер, сіздерге берілетін уақыт 3 минут. Әрбір дұрыс берілген жауапқа 1 балл аласыздар. Адасқан әріптер:
1. АЛКУЛЕМО – МОЛЕКУЛА – Жай немесе күрделі заттардың құрамы мен химиялық қасиеттерін сақтайтын ең ұсақ бөлшегі.
2. ТОРЗАТАЛИКА – КАТАЛИЗАТОР – Химиялық реакцияның жылдамдығын өзгерте алатын, бірақ реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін зат.
3. ГИТОРБИИН – ИНГИБИТОР – Химиялық реакцияның жылдамдығын баяулататын зат.
4. ТАЛИЗКА – КАТАЛИЗ – Реакциялық қоспаға катализатор енгізу арқылы химиялық реакцияны жылдамдату процесі.
5. ЛЕКТРОЭЛИЗ – ЭЛЕКТРОЛИЗ – Электролит балқымасы немесе ерітіндісі арқылы тұрақты электр тогы өткенде электродтарда жүретін тотығу - тотықсыздану реакциялары.
Дұрыс жауап берілген топ 1 балл алады.
ІІ тур. «Сиқырлы тәжірибелер» деп аталады. Бұл турға әрбір топтың топ басшылары қатысады. Топ басшыларына нұсқаулық беріледі, осы нұсқаулықты пайдаланып, тәжірибені еш қатесіз орындап нәтиже берген топқа 5 балл беріледі. Бұл турдың уақыты 10 минут.
1 – тәжірибе: « Тиімді операция»
Операцияны жасау үшін көрермендерден бір оқушыны шақырып, оқушының білегін KSCN ерітіндісіне батырылған мақтамен сүртіп, одан соң FeCl3 ерітіндісіне батырылған шыны таяқшамен KSCN ерітіндісімен сүртілген жердің үстіне сызамыз сол кезде көрерменнің білегінен қызыл қан түсті көреміз. Реакция жасалып болғасын көрерменнің білегін сулы мақтамен сүртеміз.
3 KSCN + FeCl3 → Fe(SCN) 3 + 3КCl
2 – тәжірибе: «Күміс тиын алу»
Қола немесе мыс тиынды күміс тиынға айналдыру үшін шыны стаканға Hg(NO3) 2 ерітіндісінің аз мөлшерін (тиын бататындай) абайлап құйып ішіне қола немесе мыс тиынды саламыз да абайлап шашыратпай шыны таяқшамен араластырамыз да жайлап тиынның күміс түске ауысып бара жатқанын байқаймыз. Осыдан соң стакандағы тиынды қысқышпен алып фильтр қағазына саламыз да құрғатып сүртеміз.
Hg(NO3) 2 + Си → Си(NO3) 2 + Hg
3 – тәжірибе: «Піскен жұмыртқанын қабығын сындырмай аршу...»
Бұл тәжірибені жүзеге асыру үшін алдымен шыны стаканға жартылай (жұмыртқа бататындай) НСІ ерітіндісін құямыз. Содан соң осы ерітіндіге бұрынырақ піскен жұмыртқаны саламыз салған кезде жұмыртқа стаканда тынымсыз қозғала бастайды. Бұл құбылыстың болу себебі жұмыртқаның сыртындағы СаСО3 тұз қышқылымен әрекеттесіп, соның нәтижесінде көмірқышқыл газының түзілуімен түсіндіріледі. Осы құбылыс нәтижесінде барлық СаСО3 тұз қышқылында еріп, жұмыртқаның қабығы аршылады. Содан соң жұмыртқаны стаканнан қысқышпен алып су құйылған стаканға саламыз.
2НСІ + СаСО3 → СаСІ2 + Н2О + СО2
4 – тәжірибе: «Көрінбейтін бояу»
Алдын ала дайындалған қағазға бүріккіш арқылы фенофталейннің 1% ерітіндісін бүркиміз сол кезде қағазда таңқурай түсті жазу шықты. Құбылысты түсіндіріп бер. Осған дейн дайын тұрған қағаздағы жазу қандай қосылыспен жазылған?
ІІІ тур. «Жүйрік болсан шешіп көр» деп аталады. 4 топқа бірдей ортақ жұмбақтар жасырылады, осы жұмбақтардың шешімі элементтер. Қатысушылар жұмбақтың шешімін тауып, тақтада ілулі тұрған Д. И. Менделеев таблицасына орнын тауып орналастыруы тиіс. Дұрыс жауап пен дұрыс орнын тапқан топқа 1 балл беріледі.
ІV тур. «Блиц турнир» деп аталады. Бұл турдың шарты 4 топқа ортақ 8 тестілік тапсырма интерактивті тақтадан беріледі. Сұрақ қойылғаннан кейін ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң интерактивті тақтадан сұрақтың жауабы ерекшеленеді, осы кезде әрбір топ өзінің жауабы жазылған бетті көтеріп көрсетеді, дұрыс жауап берген топ 1 балл алады.
1. Калийдің генетикалық қатары
A) KCl KOH K
B) K K2O KOH
C) K2O K K2O
D) KOH K KCl
2. Салыстырмалы молекулалық массалары осы рет бойынша 107 160 242 болатын Э(OH) 3 Э2O3 Э(NO3) 3 өзгерістеріне қатысатын элемент
A) Fe
B) Nі
C) Cr
D) Al
3. Мына өзгерістер схемасына Э ЭO Э(OH) 2 сәйкес келетін генетикалық қатар:
A) Натрий натрий оксиді натрий гидроксиді.
B) Хлор хлор (ІІІ) оксиді хлорлы қышқыл.
C) Азот азот(ІІІ) оксиді азотты қышқыл.
D) Кальций кальций оксиді кальций гидроксиді
4. Тұздар класының өкілі —
A) HCl
B) Zn(OH) 2
C) CO2
D) KNO3
5. Оттекті қышқыл —
A) CaO
B) CO2
C) НNO3
D) Zn(OH) 2
6. Азот қышқылымен әрекеттесетін заттар қатары
A) ZnO, FeO
B) CO2, CaO
C) SO3, Al2O3
D) SrO, SiO2
7. Өзгерістер схемасындағы ’’Э’’ элементін табыңыз:
Э Э2O5 HЭO3 H3ЭO4.
A) Көміртек.
B) Азот.
C) Фосфор.
D) Күкірт.
8. 0, 95г темір (ІІІ) оксидін алу үшін қажетті темір гидроксидінің массасы:
A) 2, 24г
B) 12, 4г
C) 4, 56г
D) 1, 27г
V тур. «Ой толғау» деп аталады. Бұл турда әрбір сынып өздері шығарған газеттерін бір - бірлерімен алмастырып сканворд, крассворд т. б. жұмбақтарды шешуі керек. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл алады, 5 минут уақыт беріледі.
Осы тур аяқталған соң әділ қазылар алқасы шешім шығарып болғанша осы химия апталығында өткен шаралар бойынша номинациялар табысталады. Әділ қазылар алқасы шешім шығарып болған соң бүгінгі қорытынды кештің жеңімпаздары мен номинация иегерлері анықталады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×