Сабақтың тақырыбы: СПИРТТЕР
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Спирттердің жіктелуін, химиялық және физикалық қасиеттерін салыстырып, спирттер туралы оқушылардың білімін қорытындылау.
Дамушылық: Оқушылардың спирттер тарауы бойынша игерген материалдарын толықтыра отырып, олардың ойлау қабілетін, іздемпаздығын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбектенуге, ұйымшылдыққа, болашақта білікті, саналы маман иесі болуға тәрбиелеу.
Сабақта оқушылардың өздері «айыптаушы», «қорғаушы», «жәбірленуші», «айыпталушы», «сот кеңесшілері», «куәгерлер»рөлдерін ойнады.
Сабақ барысы:
Хатшы:- Спиртпен жапа шеккен, спирттік ішімдіктің арқасында денсаулығынан айырылып, өмірде көп қиыншылық көрген жәбірленушінің шағымы бойынша іс қозғалды. Істі «органикалық химия» соты қолға алды.
Сөз кезегін жәбірленушіге бердім.
Жәбірленуші: – Этил спирті суда жақсы ериді. Одан неше түрлі спирттік ішімдіктерді даярлайды. Ал оны үнемі ішетін адам маскүнемдікке салынып кетуі ғажап емес. Мұндай адамның мінез - құлқы өзгереді. Ол – дөрекі, ұстамсыз, әдепсіз келеді. Спирттің әсерінен неше түрлі ауруларға душар болады. Адамның жұмысқа деген қабілетін, ұқыптылығын, байқампаздығын тежеп, сана - сезімін улайды. Сондықтан мен «спиртті айыптауды сұраймын»
Сөз кезегі айыптаушыға берілді.
Айыптаушы: - Ия, спирттің зиянды екені рас. Оны осы отырғандардың әр қайсысы мойындайды. Алкоголь дегеніміз – қан құрамындағы шарап спирті. Адам арақ – шарапты ішуді әуелі жай әуестікпен бастап, кейіннен оны әдетке айналдырып, онсыз тұра алмайтындай күй кешіп, яғни «алкоголизм» ауруына ұшырады, денсаулығы бұзылады.
Осы айтылған сөздерім дәлелді болу үшін куәгерлерімді ортаға шақырамын. Куәгер ретінде дәрігер сөйлеп, спирттік ішімдікті үнемі қабылдайтын болса, ол адамның есту, көру қабілетінің нашарлайтыны, қауіпті ауруларға ( гастрит, жара, рак) душар болатыны жайлы айтып шықты. Сонымен қатар маскүнемнен туған балалардың да орталық жүйке жүйесі ауыр зақымданып, ұстамалы ауруға жие ұшырауының мүмкін екенін ескертіп өтті.
Келесі куәгерлікке полиция қызметкері шығып, арақтың әсерінен ұрлық, тонау сияқты қылмысты істер жасалып, жүргізушілердің жол апаттарына ұшырайтыны, сөйтіп қайғылы оқиғалардың болатыны туралы айтып, спиртті айыптауды, жазалауды сұрады.
Сот Төрайымы: - айыпкер – этил спирті, осы айтылған кінәларыңызды мойындайсыз ба?
Этил спирті: - спирт өте зиянды деп кінәлағандарыңызбен, менің халық шаруашылығында, медицина саласында тигізетін шексіз пайдамның бар екенін де ескеріңіздер.
Қорғаушы: - Мен спирт туралы айтылып жатқан шығармаларыңызды тыңдай келе оған өз қарсылығымды білдірем.
Барлық келеңсіз жағдайға спирт кінәлі дейді. Ал спирттік ішімдіктерді кімдер дайындайды. Олардың дүкен сөрелерінде самсап тұруына кім кінәлі Әрине адамдардың өздері. Спирттің пайдасы шексіз. Сөзім дәлелді болу үшін куәгерлерімді шақырамын.
Куәгерлікке шыққан екінші дәрігер спирттің медицина саласында қолданылатын жерлерін айтып, спирттің пайдалылығын дәлелдеді.
Куәгер – химик спирттің химиялық қасиеттерінің, қолданылуын айтып өтеді. Химиялық қасиетін түсіндіргенде кодоскоп пайдаланады.
Куәгердің айтқан сөздерін тыңдай келе, спирттің зияны мен бірге пайдасы бар екенін ескере отырып, сот үкімін оқыды: Қазақстан Қылмыстық істер кодексінің «Қоршаған орта және оны зиянды әрекеттерден қорғау» туралы 85 - бабына сәйкес №3 Алға қазақ орта мектебінің «Органикалық химия» соты халық шаруашылығына пайдасын ескере отырып, спиртті айыптау жазасынан босатады.
Cпирттер
- svetlana
- 6 ақпан 2014
- 10491
- 0
- 0
Ілмек сөздер: химия сабағы, спирттер
Ұқсас жаңалықтар:
Химия сабағында зертханалық-практикалық жұмыстардың орындалуының тиімді тәс ...
1. Зерттелетін заттармен оқушыларды көрнекі таныстыру. Мысалы: заттардың физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттайтын тәжірибелерді көрсету....Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер
Органикалық заттардың құрамында оттек бар жаңа тармағы туралы түсінік бере отырып, функционалдық топ ұғымына анықтама беру. Оқушыларға оттекті...Спирттердің қасиеттері
Қалыпты температурада С10 - ға дейінгі спирттер - сұйық, С11 - ден бастап - қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады....Фосфор. Фосфордың оттекті қосылыстары
Сабақтың мақсаты: фосфордың аллотропиялық түр - өзгерістері және олардың физикалық қасиеттеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтары және химиялық...Мұнай өнімдері
Ақтөбе облысы Алға ауданы №3 Алға қазақ орта мектебі химия пәні мұғалімі С.Б.Каирова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.