Тақырыбы: « Көкпар» - білім сайысы.
Мақсаты: Химия сабағын этнопедагогика элементтерімен байланыстыру. Өтілген материалдарды пысықтай отырып, әдет - ғұрып, салт - дәстүрді химия пәнімен ұштастыру. Оқушыларға қазақ халқының ойындарын насихаттау, білім сапасын арттыру, ой - өрісін дамыту.
Сабақ түрі: қайталау сабағы, қорытындылау.
Әдіс - тәсіл: ойын түрінде, топпен жұмыс.
Көрнекілік: ¥лттық ойындар бейнеленген суреттер, мультимедия.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Амандасу. Саламатсыздарма! Отырыңыздар.
б) Топтың сабакка әзірлігі.
Мүғалімнің сөзі. Оқушылар бүгін бізде ашық сабак өтеді. Жарысқа үш топ қатысады, әр топта төрт оқушыдан. Жарыс сегіз бөлімнен тұрады. Көкпар бағыты бойынша өтеді.
«Көкпар»- қазақ халқының ұлттық ойыны, ат үстінде ойналатын, білегінің қарымы мығым, астында жаратқан аты бар ауыл адамдарының барлығы қатыса алады. Ал, біздің жарысымызда өз білімдеріңізбен алға озып шыға аласыздар, яғни қаншалыкты ойымызға тоқи алғанымызды көрсетеміз. Татулығымызды, бірлігімізді, білімділігімізді, бір ұжым екенімізді дәлелдейік. Іске, сәт!
1 - бөлім. Жарнама. Әр топ химия пәнін қазақ халқының тағамдарымен байланыстырып жарнамасын жасайды
2 - бөлім. «Егер....» ойыны.
Ойын бастаушы өзі: «егер»,- деп бір сөйлемді бастайды да, жалғасын ойыншылардың біреуіне жалғастыр дейді. Екінші ойыншы «онда»,- деп сөйлемді аяқтауы керек. Әр топтан бір оқушыдан шығасыздар. Бұл тапсырма сапалық реакцияларға арналған.
Бірінші топтың тасырмасы. «Егер метанальға күміс оксидін араластырсам, онда сынауықтың жанында жылтыр пайда болады.»
Екінші топтың тапсырмасы. «Егер, глюкозаны ашытсам, онда этил спирті түзіледі.»
Үшінші топтың тапсырмасы. «Егер, этиленге марганцовка қоссам, онда түсі өзгереді.»
3 - бөлім. Сырыққа шығыу. Реакция тендеулерін аяқтау
Бірінші топқа. СН4 +СІ2=
СН4 +HN03=
СН4 +02 =
Екінші топқа.
С2Н4 + СІ2 =
С2Н4 + Н2 =
С2Н4 + Н20=
Үшінші топқа.
С2Н2 +Н2 =
С2Н2 + НСІ =
С2Н2 + Н20 =
4 - бөлім. Теңге ату. Әр топ өздері дайындап әкелген тест тапсырмаларымен алмасады. Бес сұрақтан болуы тиіс.
5 - бөлім. Санамақ. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтып шығу керек.
Бірінші топ. Он органикалық заттар тобын атап шығу.
Екінші топ. Он химиялық реакцияларды айтугы қажет.
Үшінші топ. Он химик - ғалымды айтып беру.
6 - бөлім. Сымсыз телефон. Мен сіздердің құлақтарыңызға химияға байланысты термин сөз айтамын, соны бір - біріңіздің құлақтарыңызға сыбырлап айтасыз. Соңғы ойыншыдан дұрыстығын білеміз.
Изомер, гомологтар, гибридтену.
7 - бөлім. Орамал тастау. Топтан қысқа тез жауап алатын сұрақ қойамыз. Сұрақ қойатын адамыңызға орамал тасталуы қажет. Әр топтан үш сұрақ.
8 - бөлім. Екі жеп, биге шықтым. Есептер шығару.
1) 200гр. Глюкоза қанша зат мөлшерін кұрайды?
2) 100гр. Фруктозада қанша көлем бар?
3) 50гр. Сахарозада қанша зат мөлшері бар?
Осымен біздің жарысымыз аяқталды енді қай топ осы жарыста
озып шыққанын көрелік. Сабаққа қатысқандарыңыз үшін көп - көп рахмет. Қош сау болыңыздар.
Глюкоза тобы. Жарнама.
Әр нәрсеге тәттілігін беріп тұрған,
Моносахарид өкілі болып тұрған.
Глюкоза тобы деп атын қойып,
Тәтті жеміс секілденіп тұнып тұрған.
Химиядан озық білер, әрбір бала тырысып.
Осы пәнге біздің топта танып білер қызығып.
Белоктар тобы.
Атам қазақ ет - сүтпенен күн көрген,
Сол сүттің белогымен нәрленген.
Ағзаға пайдасы көп бұл белоктың.
Ей адамзат белоктан қашпағын.
Ac тұзы тобы.
— Қыздар, сендер білесіңдерме қазқтың қай тамағында тұз көп болады?
-- Ол кұрт кой!
-- Дұрыс. Ал оны калай эзірлейтінін білесіндерме?
— Алдымен сүтті ұйытамыз. Оны дорбаға салып суын сорғызамыз. Кейін оны ыдысқа салып, үстіне тұз қосып араластырамыз. Дайын болған ботқаны қолдың көмегімен түрлі фигура жасаймыз. Оны кептіргеннен кейін мынадай өнім шығады. Міне тұз барлық тағамның дәмін келтіреді. Қазақта халқында мынадай мақал бар«Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма».
Тест сұрактары. Глюкоза тобы;
1. Қазақстанның ең ірі көмір базасы
а) Екібастұз
б) Қарағанды
в) Абай
2. Құрамында екі кос байланысы бар, қаныкпаған көмірсутек
а) алкан
б) алкен
в) алкадиен.
3. Циклоалкандардың жалпы формуласы
а) СпН2п
б) СпН2п+2
в) СпН2п - 2
4. Елімізде химия өнеркәсібі қай жылдары дами бастады?
а) 1932жыл
б) 1940ЖЫЛ
в) 1945жыл
5. Мұнайды айдауға арналған қондырғы неше бөліктен тұрады
а) екі
б) төрт
в) бес.
Белоктар тобы;
1. Табиғи газ қанша пайыз метаннан тұрады
а) 96%
б) 90%
в) 70%
2. Органикалык заттар қай ғасырдан бастап зерттеле бастады
а) он тоғызыншы
б) жиырмасыншы
в) он сегізінші
3. Жүйелеу номенклатурасы бойынша алкендерге қандай жұрнақ жалғанады
а) ен
б) ан
в) ин
4. Мочевинаны алғаш синтездеп алған ғалым
а) Велер
б) Берцелиус
в) Кучеров
5. Алкандардың гомологтық қатары қай көмірсутектен басталады
а) этан
б) метан
в) пентан
Ас тұзы тобы;
І. Майды синтездеп алған ғалым
а) Марковников
б) Лебедев
В) Бертло
2. Алкиндердің гомологтык қатары қай көмірсутекттен басталады
а) метан
б) этин
в) пропин
З. Бензолдың кұрылымдык формуласын ашқан ғалым
а) Кекуле
б) Фарадей
в) Кучеров
4. Қай көмірсутекті «балшык газы» деп атайды
а) пропан
б) бутан
в) метан
5. Глюкозаға тән реакция
а) ашуы
б) нитрлену
в) галогендену
Көкпар - білім сайысы
- айымгүл
- 31 мам 2013
- 6198
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашық сабақ, химия, сайыс сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
«Ән салайық, би билеп»
Сабақтың мақсаты: балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, музыкалық шығармаларды табу барысында олардың ой - өрісін дамыту, балалардың көңіл...Ойымды аңғар
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы Түймекент орта мектебінің мұғалімі Джумадилова Зура Адилхановна....Қызықты математика
Тақырыбы: Қызықты математика Мақсаты: Оқушылардың математикадан білім деңгейлерін анықтап, логикалық, қызықты есептерді де шығара білуін тексеру....Етістікті қайталау (4 сынып)
Солтүстік Қазақстан. Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, «№ 11 жалпы орта білім беретін мектеп»- коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып...Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы
Қызылорда облысы Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп лицейдің химия пәнінің мұғалімі Демеубаева Әсем Көбейсінқызы Сабақтың тақырыбы: Алкандардың ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.