Сайтқа кіру Тіркелу

Пәнаралық интеграция және оның мамандарды даярлаудағы рөлі

Пәнаралық интеграция және оның мамандарды даярлаудағы рөлі
Ш. О. Рахманкулова, С. А. Катпина
ШҚО, Семей қаласы КМҚМ «Бизнес колледж»

Қазіргі кезеңде әлемдегі көптеген мемлекеттер, оның ішінде аса дамыған мемлекеттер, қарым - қатынастардың әр түрлі салалары бойынша Қазақстан Республикасын тең құқықты, сенімді және тұрақты серіктес ретінде танып, қабылдап отыр.
Мемлекеттің дүниежүзі экономикалық кеңістігінде интеграциялануы, жүйелі және нық дамуы - кәсіби оқу орындарын білікті, терең білімді, сонымен қатар кең творчестволық тұрғыдан ойлайтын, тиімді шешім қабылдай білетін, жаңа заман талаптарына сай болжай және сараптай алатын мамандарды даярлауға міндеттейді.

Аталған мамандарды даярлаудың негізгі ережелерінің бірі – білім беру жүйесінде арнайы, жалпы кәсіби, жалпы білім беру пәндерінің өзара байланысын нығайтып интеграциялау. Колледжде аталған проблемаға көп көңіл бөлінеді. Интеграцияның мүмкіндіктері мен қорытындыларының сараптамасы көрсеткендей – кәсіби білікті маман даярлаудағы пәнаралық интеграцияның мәні зор, себебі жан - жақты дамыған терең және сапалы білімі бар маман даярлауға ықпал етеді.
Баяндамада 0712002 «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша кәсіби мамандар даярлаудағы «химия және биология негіздері», «экология», «азық - түлік тауартану» пәндерінің пәнаралық интеграциясы қаралады. Аталған пәндер білім беру барысында бір - бірін толықтырып, оқушылардың ізденіске деген қызығушылығын арттырады.
Химия пәнін оқыту бағдарламасында химиялық элементтердің құрылымы, қасиеттері және қосындылары туралы оқытудың жолдары нақты көрсетілген.

Химия және азық - түлік тауар тану пәні «Химиялық заттардың қасиеттері» (көмірсулар, майлар, ақуыздар, жоғары молекулалы қосындылар т. б.), олардың адам ағзасына әсері, азық - түлік тауарларының тағамдық қасиеттеріне, сақталу мерзіміне, сақтау барысындағы сапасына әсерімен танысу арқылы ұштасады.

Химия пәнін оқыту барысында, адам ағзасына кері әсерін тигізетін, денсаулыққа зиян келтіретін улы заттар туралы айта кету қажет. Азық - түлік құрамындағы улы заттар ағзаны уландырып, көп мөлшерде адам өліміне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, қоршаған орта шикізаттардың және азық - түліктің улы заттармен ластануының негізгі көзі болып табылады. Осыған орай, химия және тауартану оқыту барысында қаладағы тамақ өндірісі мекемелеріндегі өнімдердің құрамы, сауда мекемелеріндегі тауарлардың сақтау және сату ережелерін орындау зерттеледі. Автомагистраль бойында орналасқан жабайы сауда нүктелерінен алынған тауарлардан (жармалар) алынған химиялық зертхананың тексеруінен өткізгенде, олардың құрамында мөлшерден тыс қорғасынның көптігі анықталды.

Сондай - ақ, жергілікті жерде және шетелде өндірілген сусындарды хромотографиялық әдістермен тексергенде олардың құрамында тағамдық бояудың мөлшерден тыс артық қосылғаны белгілі болды. «Стандарттау және сертификаттау негіздері» деген тақырыпты өткенде азық - түлік тауарларын өндірудегі отандық кәсіпорындарға қойылатын талаптар, өндірістің қоршаған ортаға әсері, өнімдердің құрамындағы химиялық заттардың адам ағзасына зиянсыздығы, әсері т. б. мәселелер қаралады. Қазіргі кезеңде нарықта импорт тауарлары көбейгендіктен олардың сапасы экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай болуы қажет. Тағамдардың құрамындағы 3 түрлі қоспалардың қауіпті екендігін атап өту қажет: Е 121 (қызыл цитрусты - бояғыш зат), Е 123 ( амарант - бояғыш зат), Е 240 (формальдегид - консервант).
Оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру, ерікті жұмыс істеп шешім қабылдау үшін тәжірибелік сабақтар немесе қаладағы сауда мекемелеріне арнайы келісім бойынша экскурсиялар ұйымдастырылады.
Міне, осындай зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйренген колледж оқушылары өз мамандықтары бойынша терең білім алып, келешекте экологиялық ойлау қабілеті дами түседі деп ойлауға болады.
Экологиялық тәрбие жұмыстары қаладағы өндіріс орындарына саяхат жасап, оларды тауартану сабақтарында талдау арқылы жүргізіледі. Соңғы жылдары, азық - түлік тауарларын дайындауда жаңа технология және бұрынғы технологияны жетілдіру әдістері кең өріс алуда. Міне осындай әдістемелерді өндіріске енгізудің, олардың өнім сапасына әсері, әр түрлі қоспалардың зиянды қасиеттері ескеріле бермейді. Азық - түлік даярлайтын шағын кәсіпорындардың ұсынатын өнімдерінің сапасы тиісті қадағалау орындарының назарынан тыс қалып, сапасы төмен азық - түлік, тіпті құрамында зиянды заттар бар, адам ағзасына елеулі зиян келтіретін өнімдер сатылуда.

Бүкіл әлемдегі өндіріс орындарынан биосфераға өте көп мөлшерде табиғаттан ксенобиотиктер бөлініп шығарылуда. Олардың құрамында улы заттар да көп. Сызбада көрсетілгендей, улы заттар адам ағзасына барып, денсаулыққа зиян келтіреді. Улы заттардың әсерін айта отырып, радиоактивті ластану туралы айтпай кетуге болмайды. Өздеріңізге белгілі, біздің аймақ радиоактивті ластанудан арыла қойған жоқ.. Радиоактивті уланудың бір бөлігі тамақ арқылы жалғасын табуда:

Атмосфера - жел - жауын - жер - өсімдік - мал - адам.
Осы аталған мәселе пәнаралық байланыстыруда қолданылады. Радиоактивті улану адам ағзасына қалай жол табады және оның әсері неге әкеліп соқтырады, радиоактивті улануды болдырмау жолдары және т. б. Мысалы, қолданылатын тағам құрамында кальций, фтор, витаминдер жеткілікті болса, олар онкологиялық аурулардың болмауына ықпал ететіні айтылады.
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті» - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылымның, практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлікті шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау..» деп, білім беру жүйесінде одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. В. Н. Азаров Основы микробиологии и пищевой гигиены. 1981 г Издательство М: «Просвещение»
2. Г. П. Трушина Микробиология, гигиена и санитария в торговле 2006
3. А. П. Нечаева Пищевая химия Санкт - Петербург 2001 г
4. М. А. Николаева Товароведение потребительских товаров Москва, 1999
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Coca - Cola сусынының адам ағзасына әсерін зерттеу

Coca - Cola сусынының адам ағзасына әсерін зерттеу

Соңғы уақыттарды теледидардан көптеген бағдарламаларда біздің күнделікті өмірде не ішіп, не жейтініміз туралы айтылады. Консерванттар, бояғыштар және...
Химия сабағында жаңа тақырыпты меңгерудегі әдіс-тәсілдер

Химия сабағында жаңа тақырыпты меңгерудегі әдіс-тәсілдер

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін,...
«Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

«Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану - математикалық бағытындағы 10 - 11 - сыныптары үшін «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік...
Экологиялық таза өнім таңдау

Экологиялық таза өнім таңдау

Экологиялық таза өнім – бұл құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда аз, (жол берілетін шекті шамадан аспайтын) сапасы бойынша нормативті...
Мен азық-түлік дүкеніне барамын

Мен азық-түлік дүкеніне барамын

Дүкен сөзіне қатысты қандай сөздер білеміз? - Еске түсірейікші? Азық-түлік дүкенінде, ойыншық дүкенінде, ыдыс дүкенінде кім жұмыс істейді? Кім...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×