Сайтқа кіру Тіркелу

Мыс және оның құймаларының қолданылуы

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Кіріктіру нысаны: Химия ғылымы
Кіріктірілетін пәндер: (тарих, география, биология, физика, әдебиет, астрономия және медицина)
Сабақтың мақсаты: Мыс металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Сабаққа дайындалуда оқушы мен оқытушы іс - әрекеті: Оқытушы мен оқушы алдын ала дайындалуы, оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабілетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Мыс элементін жан – жақты зерттеу арқылы мыс оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы, периодтық кесте, суреттер, қосымша әдебиеттер, химия энциклопедиясы, интерактивті тақта.
Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:
1. Мыстың периодтық жүйедегі орны; (химик)
2. Атом құрлысы(электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса) (химик)
3. Табиғатта таралуы және маңызы; (геолог, географ, астроном)
4. Мыстың ашылу тарихы; (тарихшы)
5. Физикалық қасиеттері; (физик)
6. Мыстың геохимиялық қасиеттері; (геолог, минералог)
7. Мыстың биологиялық маңызы; (биолог)
9. Мыс туралы мақал – мәтелдер, жұмбақтар; (әдебиетші)
10. Мыстың қолданылуы.(химик)
Химик: Мыс периодтық жүйеде:
4 - период, 5 - қатар, 1 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 29.
29 электрон, 29 протон, салыстырмалы атомдық массасы 63, 546.
4 электрондық қабат, 2) 8) 8) 10) 1, электрондық конфигурациясы
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s1
Тотығу дәрежесі +1,+2, кейде +3; тотықсыздандырғыш болып табылады.
Тарихшы: Мыстың ашылу тарихы:
Тас ғасырында адамның бірінші танысқан металы (шамамен 6 мың жыл бұрын Ежелгі Шығыста, шамамен, 4 мың жыл бұрын Еуропада) мыс болса керек. Ол табиғатта саф күйінде кездеседі. Өте ірі саф күйінде табылған мыс 420 т болды. Саф мыс басқа металдарға қарағанда едәуір көп таралған. Сондықтан адам құрал жасау үшін алғаш рет саф мысты пайдаланған. Бұл мыс ғасырының басталуы болды.
Мысты металлургиялық балқытумен адамның өте ертеден таныс екені туралы деректер бар. Мысалы, б. з. д. ІV мыңжылдықта Египетте Синай түбегінде мыс кендерін өңдеген. Ертеде мыс кендері Кипр аралында белгілі болған. «Купрум» сөзі – мыстың латынша атауы, ежелгі римдіктердің мыс кен орындары болған Кипр аралының атауынан шыққан деген жорамал бар.
Ертедегі қоладан жасалған бұйымдар. (суреті)
Мирон. Дискобол (б. э. д. Ү ғасыр., Грекия) (суреті)
Астроном:
Жер қыртысында мыстың мөлшері 0, 01% массаны құрайды. Ол саф күйінде және көбінесе қосылыстар түрінде кездеседі. Жеті ғаламшарды алхимиктер жеті элементке теңеген олар алтын, күміс, мыс, темір, қалайы, қорғасын және сынап.
Геолог:
Қазақстанда ертеден өндіріле бастаған металдың бірі. Балқаш көлі маңындағы Тесіктас тауынан Қола дәуірі кезінде өндірілген кеніш табылды. XX ғасырдың 20 - жылдарында Жезқазғандағы мыс кеніші өнім бере бастады. 50 - жылдарда мыс кенін өндіретін үлкен өндіріс орындары салынды.
Мыстың маңызды минералдары:
Қазіргі уақытта 170 – тен астам мыс құрамды минералдар белгілі, олардың ішінде 10 - 15 – нің ғана практикалық маңызы бар.
Халькопирит CuFeS2(30% мыс), халькозин «мыс жылтыры» Cu2S (79, 8% мыс), ковелин CuS (64, 4%), малахит CuСО3* Cu(OH) 2 (57, 4%мыс), азурит 2CuCO3* Cu(OH) 2(55, 5% мыс), куприт Cu2O (81, 8 % мыс) жатады.
Физик: Мыстың физикалық қасиеттері.
Мыс – ашық қызғылт түсті жылтыр металл, жеңіл созылады. Балқу температурасы 10830С. Тығыздығы 8, 9 г/см3. Электр тогын (күмістен кейін) жақсы өткізеді.
Биолог: Мыстың биологиялық маңызы.
Өсімдік және жануарлар ағзасында мыстың мөлшері шикізатқа есептегенде 10 - 5%- дан 10 - 3% - ға дейін аралықта болады. Мысқа кейбір омыртқасыздар – былқылдақденелілер мен буынаяқтылар (теңіз шаяндары, кальмарлар, сегізаяқтылар) бай болады. XIX ғасырдың өзінде ұлулардың көгілдір қанын зерттегенде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: көгілдір түс қанда мыстың бар екенін көрсетеді. Мыс өсімдіктерге де қажет. Ол фотосинтез процесіне қатысатын маңызды микроэлементтердің бірі және өсімдіктердің азотты сіңіруіне әсер етеді.
Медицина:
Адамның қанында шамамен 0, 001 мг/л мөлшерде болады. Адам ағзасында мыс бауырда концентрленеді. Ол қан түзу процесіне қатысады, тотығу процесін күшейтетін көптеген ферменттердің құрамына кіреді, көмірсу алмасуын, гемоглобин және майлар синтезін, витаминдердің түзілуін қамтамасыз етеді. Адам ағзасында мыс мөлшері жетіспеуінен – қан аздық (анемия) ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан, экологиялық себептерден, әлсіреу, көп қан кету т. б. пайда болады. Бірақ, оның артық мөлшері де зиянды. Көп мөлшері жүйке жүйесіне кері әсер етіп, ұйқысыздыққа әкеледі. Адам үшін мыстың барлық тұздары улы.
Мыстың ең көп мөлшері:
Теңіз шаяндары
Кальмарлар
Сегізаяқтар т. б.
Географ:
Еліміз түсті металдар кеніне, оның ішінде, мысқа бай. Мыс кені қорының үлкен бөлігі Жезқазған маңында, сондай - ақ Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Кенді Алтайда бар. Мыс Балқаш және Жезқазған тау - кен металлургия комбинатында өндіріледі.
Әдебиетші:
Мыс жөнінде мақал - мәтелдер және жұмбақтар:
1. «Тауып сөйлесең күміссің,
Таппай сөйлесең мыссың»
2. «Көріксіз соққан күмістен,
Келісті соққан мыс артық»
3. «Мыс құлақты, жүз тісті,
бір – ақ із түсті» (ара)
4. Сым болып ұзақ созылып
Өткізем тоқты бойдан мен
Жеткізіп, әнді хабарды
Риза етем көпті мен (мыс)
5. Ертеден жетеудің бірімін.
Электроника саласында ірімін
Көптеген құймаларға кіремін
Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін. (Мыс)
6. Жазылуы бойынша оқысаң элементпін
Ал керісінше оқысаң өткізгішпін.
Ойлаңдаршы сонда мен кіммін
(Мыс - сым)
7. Ақпан көрпе жамыламын,
Көктемде сайға ағыламын.
Өзгерсе егер алғашқы әріп
Жер қойнынан табыламын.
(Қыс - Мыс)
Химик: Мыс және оның құймаларының қолданылуы:
Қазіргі уақытта мысты негізгі тұтынушылар: электротехникалық, металл өңдеу, машина жасау, химиялық және шыны өнеркәсіптері. Мыста электр кежергісінің шамасы өте аз. Мыс – күмістен кейінгі электрөткізгіш элемент, сондықтан мыстан электр тогын өткізетін қондырғылардың мүмкін болатын бөлшектерін дайындайды. Мыс құймаларының электр кедергісі үлкен, бірақ мысқа қарағанда басқа сапалары жоғары. Мыс қосылыстарының мөлдір көк түсті кристалл - мыс купоросы, яғни тотияйын CuSO4*5H2O. Ол мыстың бастапқы қоссылыстарын алу үшін бастапқы өнім болып табылады, сондай - ақ оны гальванопластикада, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресте және бағалы антисептик ретінде қолданады. Мыстың басқа тұздарына қарағанда бағалы тас ретінде қолданылатын малахиттің Cu2(OH) 2CO3маңызы зор.
Деңгейлік тапсырмалар
І. «Қанағат»
1. Реакцияны аяқта, теңестір.
Cu+O2 →
Cu+Cl2 →
Cu+S →
2. Ион алмасу реакциясын аяқта, толық, қысқартылған иондық теңдеуін жаз
BaCl2+ H2SO4 →
3. Массасы 128г мыстың зат мөлшерін тап.
ІІ. «Талап»
1. CuO →Cu→CuCl2 →Cu(OH) 2өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын
химиялық реакцияларды жаз.
2. Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5, 6 г темір салды. Темір толық еріді. Бөлінген мыстың массасы қандай?
3. Реакцияларды аяқта, теңестір.
Cu+H2SO4конц →
Mg+H2SO4 →
ІІІ. “Терең ой”
1. Массасы 78 г жез (мыс+мырыщ) құймасы тұз қышқылынан 13, 44 л (қ. ж.) газы ығыстырды. Құймадағы мыстың массалық үлесін (% есебімен) табыңдар.
2. 200г 15%- тік натрий хлориді мен күміс нитраты әрекеттескенде қанша г күміс хлориді түзіледі.
3. Құймада мыстың 7 атомына қалайының 1 атомы тура келеді. Осы құймадағы мыстың массалық үлесін есепте.
Рефлексия жүргізу:
(Рефлексиялық тест арқылы оқушылар сұрақтарға «+» немесе «-» белгісін қойып, сабақ туралы өз көзқарастарын білдіреді.)
1. Мен сабақтан көп жаңалықты білдім.
2. Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер маған ұнады.
3. Бұл алған білімім маған алдағы өмірімде жәрдемдеседі.
4. Мен сабаққа шын көңіліммен қатысып, алға қойған мақсатыма жеттім.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасы§6. 2 168 бет
№6 есеп 173 бет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Темір. Темірдің маңызды қосылыстары

Темір. Темірдің маңызды қосылыстары

Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру...
d – элементтерінің жалпы сипаттамасы. Мыс. Мырыш

d – элементтерінің жалпы сипаттамасы. Мыс. Мырыш

Талдықорған қаласы, Талдықорған гуманитарлық - техникалық колледжі Химия және биология пәнінің оқытушысы Ахметова Жаннэль Абилдақызы...
Сандық есептер

Сандық есептер

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың металдардың жалпы қасиеттері тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау Дамытушылық:...
Темір

Темір

Сабақтың мақсаты: • Білімділік: Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту. •...
Темір конференция сабағы

Темір конференция сабағы

Сабақтың тақырыбы: Темір Сабақтың мақсаты: • Білімділік: Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×