Сайтқа кіру Тіркелу

Экологиялық таза өнім таңдау

География және биология 8 сынып
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: Экологиялық таза өнім таңдау
Мақсаты:
8 сынып оқушыларының география, биология пәнінен алған білімдерін жинақтау;
• Экологиялық таза өнім туралы түсіну.
• Экологиялық таза тамақ өнімін өндірісінің қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктерін анықтау
• Қазақстандағы экологиялық таза өнімдер шығару жолдарын қарастыру.
• Экологиялық таза өнімге қойылатын нормаларымен танысу.
Міндеттері:
 Экологиялық тұлғаны қалыптастыруда үздіксіз білім беруді ұйымдастыру, тұлғаны тәрбиелеу және дамыту.
 Экологиялық таза өнімге деген сауаттылық пен қауіпсіздікті сақтау дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
• Экологиялық таза өнім туралы түсінік қалыптасады;
• Экологиялық таза тамақ өнімін өндірісінің қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктерімен танысады;
• Қазақстандағы экологиялық таза өнімдер шығару жолдарын қарастырады;
• Экологиялық таза өнімге қойылатын нормаларымен танысады;
Көрнекіліктер:
Слайдтар, суреттер, шарлар, плакаттар, және т. б.
Әдіс – тәсілдері: топтастыру, ой қозғау, сұрақ - жауап, ізденушілік, топтық жұмыс.

Барысы:
І. Кіріспе
1. Ұйымдастыру кезі
Сабақтың өткізілу барысымен таныстыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі «экологиялық таза өнім» туралы қысқаша ақпарат беру.
«Балаларға зиянды тағамдар....» бейнеролик көрсету.
2. Таныстыру кезеңі
Топтың аты: сынып бойынша бөлу.

ІІ. Негізгі бөлім.
1. Топтық жұмыс
А « Экологиялық таза өнім дегеніміз не?»
Ә) 8 «Ә» сынып «Экологиялық таза өнімі өндірісінің қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері»
Б) 8 «Б» сынып «Қазақстан экологиялық таза өнімдер проблемалары»
В) 8 «В» сынып «экологиялық таза өнімге қойылатын талаптар»
2. Топтық жұмысты қорғау постер арқылы:
3. Экологиялық таза өнім туралы презентация
А) 8 «А» сынып – «Ет өнімдері»
Ә) 8 «Ә» сынып – «Тәтті тағамдар өнімдері»
Б) 8 «Б» сынып – «Сүт өнімдері»
В) 8 «В» сынып – «экологически чистые овощи - фрукты»
«Химиялық тыңайтқышсыз таза өнімдер алуға болады» бейнеролик

ІІІ. Қортынды.
Мұғалімнің сөзі. «Сапа белгісіне сенеміз бе, әлде түйсікке ме?» бейнеролик

Біздің пікірімізше экологиялық таза тамақ өнімі дегеніміз – адам денсаулығына өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына кері әсер етпейтін өнім және оның құрамында әр түрлі уытты заттардың, агрохимикаттардың, ауыр металдар мен радионуклидтердің болмауы тиіс.
Экологиялық таза өнімді өндірілуіне байланысты келесідей бөлуге болады:
1. Экологиялық таза өнім – бұл құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда аз, (жол берілетін шекті шамадан аспайтын) сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер;
2. Экологиялық таза өнім – экологиялық таза аумақта қосымша минералды тыңайтқыштарсыз, қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялар көмегімен табиғи шикізаттан алынған өнім.
Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім алу үшін, 3 – 5 жылға дейін химикаттар әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады.

Экологиялық таза өнім ұғымы 1924 жылы Р. Штайнердің теориялық негіздеуімен қалыптасты, ол кезде тәжірибе жүзінде биодинамикалық аграрлық қызметтер жүзеге асырыла бастады. 1930 – 1940 жылдар аралығында бұл идея Швейцарияда Г. Мюллердің, Ұлыбританияда Э. Бэлфер мен А. Ховордың, Жапонияда Фукуокойдың бастамасымен дами бастады (1 - кесте ).

Органикалық тауарларды тұтыну Одағының экологиялық ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жасауы генетикалық құрамы өзгертілген ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықта пайда болуына қарсы күрес жүргізуіне мүмкіндік туғызды. Ал қазіргі кезде органикалық және агроөндірістің басқа да әдістерін нақты жолға қою қажеттілігі пайда болуда. «Био» сауда белгісі тұтынушыға өнімнің нақты белгіленген әдістерді қолдана отырып өндірілгендігін көрсетеді, яғни талаптарға сай келетінін бейнелейді. Бұл органикалық секторда өсірілетін өсімдік түрі мен сорты, мал, аң, құс тұқымы және балық түрлері дәстүрлі секторларда да өсірілетінін көрсетеді. Дегенмен органикалық өнімдердің тұтыну құндылығы дәстүрлі өнімдерге қарағанда ерекшеленеді. Мысалы, органикалық және дәстүрлі секторларда өсірілген, алманың элемент құрамы, түсі, көлемі бірдей болмайды, органикалық секторда өндірілген өнімде химиялық заттардың болмауы өнімнің тұтынушы үшін тартымдылығын көрсетеді.

Пән мұғалімі: Какимов Б. А.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Экологиялық сауықтыру

Экологиялық сауықтыру

Кіріспе. Табиғат біздің ортақ үйіміз. Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі...
Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары

Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды жалпы білім беретін орта мектебінің 3 сынып оқушысы Жұмажанова Әмина Жетекшісі: Алшынбаева Жанбала Шуйкенқызы...

"Экология біздің өмірімізде" ғылыми жұмыс

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Дружба орта мектебінің 8 сынып оқушысы Алибеков Жамбыл Жетекшісі: Сакенова Г.С. физика пәнінің мұғалімі...
Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары

Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары

Білімділік мақсаты: Қоршаған орта, климаттың өзгеруі, ғаламдық көкейтесті мәселелер, Қазақстанның өзекті экологиялық проблемалары туралы білім беру....
Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар

Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар

Сабақтың тақырыбы: Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар. Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×