Сайтқа кіру Тіркелу

Орал (Мұғалжар) тауы

Қазақстанның физикалық географиясы 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Орал (Мұғалжар) тауы.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Мұғалжар тауының географиялық орны, жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары, климаты, су қоры, табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтауын, ой - өрісін шығармашылығын, тіл байлығын, сөздік қорын, проблемалық ізденістер тудыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Атлас, кескін картамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға табиғатты қорғауға, оған сүйіспеншілікпен қарауға, Отан сүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас,
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, үлестірмелі парақтар
Болжамдап отырған нәтиже: Орал тауымен танысқан тұлға қалыптастыру

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
б) Оқушыларды фигуралық қиындылар арқылы 4 топқа бөлемін. Ол қиындылардың астында Балқаш, Тұран, Талас, Алтай деген жер - су аттары жасырынған. Сол жасырынған сөздер арқылы өзен, көл, жазық, тау деп жазылған партаның үстіндегі жазуларға сәйкес өз орындарын таңдайды.
Оқушылар өз орындарына отырған соң топ басшылары сайланады, топ басшыларының бағалау парағы таратылады.
б) Сыныптың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
Семантикалық карта

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау кезеңі
Географиялық диктант
І нұсқа
1. Сарыарқа республикамыздың..................................................................................... алып жатыр.
2. Жер бедерінің сыртқы көрінісіне қарап, кейде.............................................................................................. деп атайды.
3. Сарыарқа негізінде...................................................... эрасында түзілген.
4. Сарыарқада.................................... көмір бассейні орналасқан.
5. Климаты................................................................... болып келеді.

Географиялық диктант
І нұсқа жауабы
1. Сарыарқа Республикамыздың орталық және шығыс бөлігін алып жатыр.
2. Жер бедерінің сыртқы көрінісіне қарап, кейде оны Қазақтың ұсақ шоқысы деп те атайды
3. Сарыарқа негізінен палезой эрасындағы метоморфоздалған тақтатас, кварцит, құмтас, әктастардан түзілген.
4. Сарыарқада Қарағанды көмір бассейіні орналасқан.
5. Климаты шұғыл континентті және қуаң келеді.

Географиялық диктант
ІІ нұсқа
1. Сарыарқа батысында.......... шектесіп,............. дейін созылып жатыр.
2. Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында........... салынды.
3. Дала зонасының.......... топырағында................ өседі.
4. Сарыарқаның жер бедерінің қалыптасуында............ роль атқарады.
5. Сарыарқаның түсті металдарын ашуда........... еңбегі зор.

Географиялық диктант
ІІ нұсқа жауабы
1. Сарыарқа батысында Торғай үстіртімен шектесіп, Сауыр – Тарбағатайға дейін созылып жатыр.
2. Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы салынды.
3. Дала зонасының қара топырағында егін өседі.
4. Сарыарқаның жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процесі басты роль атқарады.
5. Сарыарқаның түсті металдарын ашуда Қаныш Сәтбаевтың еңбегі зор.

Географиялық диктант
ІІІ нұсқа
1. Басты өзендері......................................................................................
2. Сарыарқа жері......................................................... зоналарына кіреді.
3. Қорғалжын қорығы......................................... ж құрылды.
4. Жануарлар дүниесінен.................................................... мекендейді.
5. Жел, су әсерімен мүжілген...................................................................

Географиялық диктант
ІІІ нұсқа жауабы
1. Басты өзендері Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырау, Аягөз.
2. Сарыарқа жері дала, шөлейт және шөл зоналарына кіреді.
3. Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылды.
4. Жануарлар дүниесінен бұғы, елік, ақбөкен, қасқыр, түлкі мекендейді.
5. Жел, су әсерімен мүжілген неше түрлі пішіндегі тас мүсіндер.

Географиялық диктант
ІҮ нұсқа
1. Аймақтың өзендері негізінен.................. қоректеніп,............ тасиды.
2. Сарыарқа палеозойдың................,.............,..........., жыныстарынан құралған.
3. Сарыарқадағы ең биік тау............................., оның биік нүктесі.................
4. Сарыарқадағы...........,.............,............,.........,.......... кен орындары.......,,........,........... кендеріне бай.
5. Сарыарқаның................,..................,.................., Қазақстанның ең көрікті жерлері.
Географиялық диктант

ІҮ нұсқа жауабы
1. Аймақтың өзендері негізінен қар суымен қоректеніп, жазда тасиды.
2. Сарыарқа палезойдың магмалық және шөгінді жыныстарынан (гранит, порфирит, кварцит) құралған
3. Сарыарқада ең биік тау Қызыларай, оның биік нүктесі Ақсораң (1565м)
4. Сарыарқадағы Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Саяқ, Қоңырат кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай.
5. Сарыарқаның Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл Қазақстанның ең көрікті жерлері.

Сергіту сәті. Мен Қазақпын әніне жазылған жаттығу

ІҮ. Оқушыларды жаңа сабақты игертуге даярлық кезеңі
Жаңа тақырыппен таныстыру

Ү. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ қосымша ғаламтор желісінен алынған деректермен басталады. Бейне роликтен Мұғалжар тауы туралы қысқаша мағлұмат таныстырылады. Бейне ролик аяқталғаннан кейін оқулықтағы тақырып бойынша постер қорғалады. Постер қорғау үшін 4 топқа мынадай тапсырмалар беріледі.
1 - топ. Географиялық орны. Картамен жұмыс.
2 - топ. Жер бедері мен геологиялық құрылысы.
3 - топ. Пайдалы қазбалары. Климаты.
4 - топ. Су қоры. Өзендері. Табиғат зоналары

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі 5 сұрақтық нұсқа бойынша тест жұмысы.
І нұсқа
1. Мұғалжар тауы қай таудың жалғасы?
а) Алтай
б) Тянь - Шань
в) Орал
г) Қаратау
2. Тау қалай созыла орналасқан?
а) Оңтүстіктен солтүстікке
б) Батыстан шығысқа
в) Шығыстан оңтүстікке
г) солтүстіктен оңтүстікке
3. Таудың орташа биіктігі
а) 200 - 300метр
б) 450 - 500метр
в) 300 - 400метр
г) 200 - 400метр
4. Ең биік нүктесі
а) Үлкен Боқтыбай
б) Хантәңірі
в) Белуха
г) Мұзтау
5. Мұғалжар тауы биіктігіне қарай қандай таулар қатарына жатады?
а) Биік таулар
б) Аласа таулар
в) Орташа биік таулар
г) Төбелер

ІІ нұсқа
1. Мұғалжар тауы қай дәуірде пайда болған?
а) Мезазой
б) Палезой
в) Кайназой
г) Кембрий
2. Қандай пайдалы қазбалар өндіріледі?
а) Сирек металға бай
б) Түсті металл
в) Пайдалы қазба жоқ
г) Алтын кені бар
3. Климаты қандай?
а) Құрғақ
б) Ылғалды
в) Құрғақ континентті
г) Ылғалды, жылы
4. Жылдық жауын - шашын мөлшері.
а) 500мм
б) 200мм
в) 300мм
г) 400мм
5. Өзен торы қандай су көздерімен қоректенеді?
а) Мұздықтармен
б) Жер асты суымен
в) Жаңбыр суымен
г) Қар суымен

ІІІ нұсқа
1. Мұғалжар тауының ең биік нүктесі.
А. Үлкен боқтыбай.
Ә. Ақсоран
Б. Шыңғыстау
2. Мұғалжар тауының ұзындығы.
А. 650.
Ә. 450.
Б. 540.
3. Мұғалжардан бастау алатын өзен.
А. Сарысу.
Ә. Есіл.
Б. Ырғыз.
4. Мұғалжар тауы неше жотаға бөлінеді.
А. 3
Ә. 5
Б. 2
5. Мұғалжар тауы осы металға бай.
А. Никель.
Ә. Қорғасын.
Б. Вольфрам.

ІҮ нұсқа
1. Мұғалжарда жауын-шашынның орташа мөлшері неше мм?
А. 500
Ә. 300
Б. 600
2. Біршоғыр бойында қандай пайдалы қазбаның кені бар?
А. Мұнай.
Ә. Алтын.
Б. Көмір.
3. Мұғалжарда топырақтың қандай түрі басым?
А. Қара топырақ
Ә. Қара қоңыр.
Б. Сұр қоңыр топырақ
4. Мұғалжардың қай беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылады?
А. Батыс.
Ә. Шығыс.
Б. Оңтүстік
5. Мұғалжарда неше табиғат зонасы кездеседі?
А. 4
Ә. 2
Б. 3

ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі
Орал тауы. Оқу. Түсінік айту. Атлас. Кескін картамен жұмыс
ІХ. Бағалау
Сабақ соңында топ басшылары өз топтарындағы оқушыларды бағалайды

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×