Сайтқа кіру Тіркелу

Оқушыларды жаратылыстану - математика бағытындағы пәндер бойынша ҰБТ - ға дайындаудың ерекшелігі мен әдістемесі

Оқушыларды жаратылыстану - математика бағытындағы пәндер бойынша ҰБТ - ға дайындаудың ерекшелігі мен әдістемесі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бүгінгі күн талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың уақыты» деген сөзін өзімнің мақалама эпиграф ретінде алып отырмын. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында “Жоғары бiлiмдi дамытудың негiзгi үрдiсi мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми - зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк сала мен экономиканың қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты бiлiм беру және технологияларды жетiлдiру болып табылады” деп атап көрсетiлгендей, қазiргi бiлiм беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтiк - педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаналық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр. Өйткені білімді ұрпақ - білімді ұстаздардан, білікті маманнан. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Олай болса болашақ маман кім, ол қандай болу керек? Ол әрине біздің алдымыздағы білім нәрімен сусындап отырған шәкірттеріміз. Ал ертең алтын ұясынан ұшып, болашақ өмірге қадам басқалы отырған шәкірттерімізді біз ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай дайындап жатырмыз?
Мен осы орайда ҰБТ енгелі бері жоғарғы сынып оқушыларын тестке даярлауда қолданылатын әдіс - тәсілдерімді атап көрсеткім келеді. Теорияны толық меңгертіп болғаннан кейін, қайталау жұмыстарына және оларды түрлендіріп өткізуге жоғары мән берілгені дұрыс. Тест сұрақтары негізінен, оқулық материалдарынан келеді. Соған орай дайындық жұмыстары 6 - 11 сынып оқулықтары арқылы жүргізіледі. Сондай - ақ оқушы білімін жетілдіруге оқыту әдістемесі мен дидактикалық материалдар, хрестоматия, жұмыс дәптерлері, атлас, кескін карталарды тиімді пайдаланып отырамын.
Ұлттық бірыңғай тестілеу - бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. 2004 жылы Қазақстан мектептерінде сапалы білім алуды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық бірыңғай тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау. Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі елімізде жылдан - жылға жетілдіріліп келеді. Әр жылғы тест жүйесі мектепте біздің қалай оқытып жатқанымыз бен мектеп бітірушілердің нені талап ететіні арасындағы алшақтықты анықтап береді. Бұл жағдай әр мұғалімнен ҰБТ - ға дайындаудың тиімді әдіс - тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бүгінде географияны оқытудағы басты мақсат - өз Отаны Қазақстанның дамуына сүбемелі үлесін қосатын, жан - жақты жетілген, өзінің қоғамдағы орнын түсінетін, білімге құштар, ынта - жігері мол азаматтарды тәрбиелеу. Бұл міндеттің орындалуында ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан - жақты дайындау үлкен рөл атқарады. ҰБТ - негізгі бағдарлама болып саналады. Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру - оқушының, меңгерту - мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды. ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек. Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Тест сұрақтарын әзірлеу, оқушыларды тест сұрақтарына дайындау және тапсыру мәселелеріне қатысты біраз тәжірибе жинақтап қалдық. Тест құрастыру орталығының оқушыдан жан - жақты, терең білімді қажет ететіндей етіп құрастырған тест жинақтарынан басқа, әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс - тәсілдері болуы шарт. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету - мұғалімнің ең басты міндеті. Осы мақсатта география пәнінен оқушыны дайындау кезінде әдіс - тәсілдерді өз пәнімде тиімді етіп қолданып отырамын. Еңбек жолымды бастаған уақыттан (2011 - 2012жж) бері қарай, география пәнін таңдаған оқушылар аз болмады. География пәні – қиында күрделі пән. Себебі көптеген хронология, адам аттары, климаттық белдеулер, жыл, ай аттары, сандар көптеп кездеседі. Сонымен қатар күнделікті құрастырып отыратын тест түрлері оқушыны ынталандыратындай, қызықтыратындай, ойландыратындай болуы керек. Оқушылар ҰБТ кезінде осылардан қате жібереді. Оқушылар арасында тестіні жаттап алсақ деген теріс түсінік қалыптасқан. Жоқ, ол - олай емес. Оқушылар мына бір жұмыс түрлеріне мән берсе деймін. (тақырыптарды қайталауда қолданылатын жұмыстарымның түрлері)

1. Есімдермен жұмыс.
Х. Колумб Ф. Магеллан Ш. Уәлиханов
Д. Кук С. Дежнев А. Тасман
2. Сандармен жұмыс
11022 м 40000 км 1200 адам
510 млн 384000 км 30 есе
Сандармен жұмыс дәптерге орындалуы тиіс. Әр санға оқушылар анықтама түсіреді. Мысалы, 3000 санының өзіне бірнеше анықтама шығады. 3000ºС - ядроның орт температурасы болса, 3000 минерал саны.
3. Жылдармен жұмыс.
1492ж 1519ж 1835ж
1498ж 1803ж 2004ж
Бұл жұмысты жылдарды қайталау және есте сақтауда қиындық туғызбау үшін әрбір сынып бойынша топтап беремін.
4. Термин сөздермен жұмыс.
Сейсмология Абсолют Эпицентр
Бергштрих Амплитуда Невилир
Кейбір сөздер әртүрлі тақырыптарда қайталанып келеді. Мысалы, абсолют сөзі - абсолют биіктік, абсолют ылғалдылық.
5. Қысқарған сөздермен жұмыс.
ЮНЕСКО ОПЕК ЭЫДҰ
АСЕАН НАТО АТЭХА
Тест сұрақтарында қысқарған сөздер көп жағдайда халықаралық ұйымдарға байланысты келеді. Оқушылардың халықаралық ұйымдар туралы білімдерін тексеру мақсатында қолданамын.
Тест сұрақтарын үнемі жаттап алу, тестілеу кезінде жауаптардың бәрі дұрыс сияқты болып, оқушылардың шатасып қателікке жол беруіне әкеледі. Жаттау әдісі бойынша оқушы сұрақтың түп - тамырына назар аудармайды. Сол себептен мына жағдайларды ескеру керек.
- тақырыпты алдымен оқулықтан қарау;
- сабақты зейін қойып оқып, керекті жерлерін дәптерге түсіріп отыру;
- тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беруге тырысу;
- дайындық барысында мектепте не болмаса үйде сұрақ - жауап әдісін пайдалану;
- тест сұрақтарына дұрыс жауап беру үшін алдымен қате жауапты сызып тастау;
- тест сұрақтарын үнемі жаттап алу да, кейін қателікке жол береді;
Мектебімізде 11 - класс оқушыларын ҰБТ - ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ кестесі бекітіледі. Қосымша сабақ - ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты - оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ - ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері - оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже - ҰБТ - да жоғарғы нәтиже көрсету. Күнделікті сабаққа қарағанда қосымша сабақтағы жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолмен жүзеге асады. Қандай сабақ болмасын қазіргі заманғы жаңа оқыту технологиясын кеңінен пайдалануға болады. Мысалы: проблемалық оқыту, деңгейлеп - саралап оқыту, ойын, тірек - сигналдары арқылы оқыту түрлерін көбірек пайдаланамын. Тестке дайындық барысында оқушыларға екі дәптер арнатамын. Бірінші дәптер тақырыптарды қайталауға, екінші дәптер тест жұмыстарына арналады. Әрбір тақырыптық, аралық бақылау және сынама тестілері алынғаннан кейін оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қатемен жұмыс жасалынады. Қатемен жұмыс жүргізу оқушыға жіберген қатесін нақтылап, есте сақтауына көмектеседі. Дәптердегі әрбір тест тапсырмалары орындалғаннан кейін сол күнгі алған балы жазылады. Сабақ бекітілген жоспар бойынша өткізіледі. Онда көптеген жұмыс түрлері белгіленген.
ҰБТ - ге дайындалатын оқушыға арналған жоспар

Р/С Орындалатын жұмыс түрі Жауапты Қорытындылау нысаны
1 ҰБТ - ға дайындалатын оқушыға сәйкес жоспар құрылып, бекітілу Пән мұғалімі

2 «Менің мамандығым» диагностика, кеңестер беру Пән мұғалімі
Мектеп психологы
Ай сайын
3 ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы шығарған оқу - әдістемелік құралмен жыл бойына жұмыс жасау. Пән мұғалімі Жыл бойына
4 Тест нәтижесін және қорытындысын талқылап отыру. Пән мұғалімі

Апта сайын
5 Пән бойынша әр оқушыға жеке түзету жұмыстарын енгізу Пән мұғалімі

Уақытында
6 Төмен ұпай жинап отырған оқушымен жеке жұмыстар өткізу. Пән мұғалімі

7 Электрондық тестпен жұмыс Пән мұғалімі
Үнемі
8 Аралық бақлау тестісін өткізу Пән мұғалімі
Апта сайын

Әрбір сабақ сайын өтілген тапсырмалар бойынша сұрақ - жауап әдісін пайдаланамын. Сонымен қоса сәйкестендіру тесті - оқушының таным қабілетін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін арттырады, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Бұл жұмыста климаттық белдеулер, немесе арнайы даталар араластырылып берілсе, оқушы дұрыс жауаптарын сәйкестендіре орындайды. Сәйкестендіру тесті тірек - сызбалар арқылы орындалады.
Сәйкестендіру тесті.
Миссури 1млн 471адам
Кактус тау
Ниагара өзен
Анд сарқырама
Халық саны ағаш
Толықтыруды қажет ететін тесті
Толықтыруды қажет ететін тестілер мәтінде керекті сөздерді белгіні қоятын ашық орындарға оқушылар қажет жауабын қояды. Болмаса тест үлгісі бойынша берілген сұрақтың ішіндегі көп нүктенің орнына жауабын жазады немесе тапсырманы жалғастырып аяқтайды.
Хронологиямен жұмыс.
Хронологиямен жұмыс оқушыларды географиялық ашылуларды есте сақтауға дағдыландырады.

Тестке дайындық барысында қолданылатын әдіс - тәсілдер мен тапсырмалардың шегі жоқ. Әр мұғалім қиялына байланысты әртүрлі тәсілдерді, көрнекіліктерді қолдануына болады. Мұндай тапсырмаларды ұйымдастыру үшін мұғалім өзі тест тапсырмаларын жатқа білуі тиіс және білгенін оқушыларға бере білуі керек. Міне, осылайша түрлі әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, сабақтарды түрлендіре өткізу оқушылардың география пәнінен алған білімдерін кеңейтіп, бекіте түседі. Әрі оқушының ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде жоғары жетістікке жетуіне әсері мол деп ойлаймын. Оқушыларды ҰБТ - ға дайындау бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Мұғалім ата - анамен бірге оқушының 11 жыл алған білімінің жоғары нәтижеге жеткенін қалайды. Ол үшін мұғалім мен ата - ана және оқушы арасында тығыз байланыс болуы қажет. Ата - ана баласының мектепте алған білімін үйде қайталап меңгеруіне көмек көрсетуі тиіс. Оқушы үйдегі дайындық кезінде мынадай жағдайларға ерекше назар аударуы қажет:
- «Талапкерді» жаттап алумен шектелмеу.
- Оқулықпен жұмыс жасау.
- Мұғалімнің берген бағыт - бағдарын әрі қарай өз бетінше іздену
- Бос уақытты текке жібермей, тиімді пайдалана білуге дағдылану

Жастарымыздың мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарына түсуі еліміз үшін еш күмәнсіз стратегиялық маңызы бар мәселе. Өз мақаламды қорытындылай келе, біздің оқытып отырған пәніміз - тамыр болса, мұғалім - бұтақ, оқушы - гүл деп есептейміз. Міне, осы жайқала өскен гүлді әдемі қалпында өсіріп, сақтау біздің басты міндетіміз. Талапты қоя білгенде ғана оның нәтижесіде көңіл қуантарлықтай болмақ.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қарабұлақ орта мектебінің
георафия пәнінің мұғалімі
Тлегенова Аңсаған Бурхатқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолда ...

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолда ...

Қазіргі заман талабы оқыту үрдісінде жаңа - әдіс тәсілдерді қолдануды талап етеді. Оқушылардың математикадан терең білімді болуы - өз білімін үнемі...
ҰБТ - білім бәйгесі

ҰБТ - білім бәйгесі

Дайындаған: Тана мырза орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі: Отарбаева Айман Тұрсынқызы...
Тестер география сабағында бақылау құралы ретінде

Тестер география сабағында бақылау құралы ретінде

География пәні ең қызықты, оқушылардың белсенділігін, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғары пән. Дегенмен әрбір сыныптың танымдық...
Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсартудың жолдары

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсартудың жолдары

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсартудың жолдары Каримова Актоты Олжабаевна...
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жолдары

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жолдары

М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының география пәні мұғалімі Нурбаева Мирамгуль...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×