Сайтқа кіру Тіркелу

«Африка – ғаламшар жүрегі»

Сабақ – біртұтас күрделі үрдістік жүйе. Сабақ барысында мұғалім педагогикамен психология ғылымын жетік игеріп, сабақты құрудың және жеткізудің икемді технологиясын пайдалана білу арқылы жетістікке жетеді. Сабақты ұтымды, сапалы өткізу үшін мектеп мұғалімі, ең алдымен, ұйымдастыру формасын анықтап алуы шарт. Осы орайда география сабағында модульдік технологиямен оқыту тиімділігн көрсетуде топтық жұмыс пайдаланылды. Осы мақсатта топтық жұмыстың тиімділігін «Африка» тақырыбын қорытындылау барысында байқадым.

Тақырыбы: «Африка – ғаламшар жүрегі». (7 сынып)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Африка материгі туралы алған білім мен білік дағдысын қалыптастыру, ой әрекетінің дамуын арттыру.
Дамытушылық: Әртүрлі карта, кестемен жұмыс істеу, салыстырып, қорытынды жасай білу дағдысын одан ары дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды іздемпаздыққа, қызығушылыққа, топпен жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс арқылы білімді қорыту, жүйелеу
Көрнектілік: Африканың физикалық, табиғат зоналары картасы. Атлас 7 сынып Үлестірме тапсырмалар, бағалау парағы, жетондар, стикерлер.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру.
Мұғалім сөзі -
1. Әртүрлі үлестірме жетон арқылы сыныпты 4 топқа бөлу.
2. Тақтаға топ ережесін іліп, топ ережесін қайталау.
3. Бағалау парағын үлестіру
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Оқушылардың білімін « Елші» стратегиясы бойынша бағалау.
Көк жетонды оқушы топтың, оқушылардың жауабын бағалайды
2. Оқушылар сабақтың мақсатын өздері анықтайды.
3. Тапсырмаларды орындау

I. Тапсырма « Ең, ең, ең»
1, Африканың ең үлкен шөлі -
2, Ең үлкен аралы -
3. Ең ұзын өзені -
4. Ең ірі жануары -
5. Ең биік нүктесі -
6. Ең ірі көлі -
7. Ең терең көлі -
8. Ең төмен орналасқан жері -

II. Тапсырма « Географиялық орны»-
Үлестірме тапсырма беру, жазбаша түрде орындап, картадан көрсетіп, жауап беру. Жауап береді Қызыл жетонды оқушы.
Нүктелердің орнына керекті сөздерді қою.
1. Африканы дәл ортасынан... кесіп өтеді, сондықтан ол...... шарда орналасқан.
2. Африканы нөлдік меридиан.... кеседі, сондықтан ол... және... жартышарда орналасқан. Африка ыстық, себебі ол екі.... аралығында орналасқан.
3. Африка... Үнді,... Атлант мұхитымен, Жерорта теңізімен... шектеседі. Барлық материктерден... орналасқан, тек.... материгі ғана жақын.

III. Тапсырма « Неге?»
Әр топқа 2 сұрақтан тұратын үлестірме тапсырма беру.
Жауап береді Жасыл және Сары жетонды оқушы
1. Не себепті Африка – ең ыстық материк?
2. Намиб шөлі өте құрғақ, жауын - шашын мөлшері - 100 мм аз. Ал Айдахар тауының шығыс бөлігі өте ылғалды, жауын - шашын мөлшері – 1000 мм жуық. Бірақ екеуі де мұхит жағалауында орналасқан. Себебін түсіндір.

IY. Сергіту сәті «Картаға саяхат». Оқушылар көзбен - солтүстікке, оңтүстікке, шығысқа, батысқа қарайды. Содан кейін көзбен Африканың жағалау сызығымен айнала жүзіп өтеді.
IY. Тапсырма « Африка білгірлері».
Тапсырмада жазылған өсімдік, жануарлардың қандай табиғат зонасына жататынын анықтап, бөліп жазыңдар.
Баобаб, лемур, дум пальмасы, керік, лиана, қабылан, піл, фикус, бегемот, зебра, сейба, шимпанзе, түйеқұс, құрма пальмасы, ананас, түйе, вельвичия, шиебөрі, ергежейлі антилопа
1. Ылғалды экваторлық орман –
2. Саванна және сирек орман -
3. Шөл зонасы -
Жауап береді Сары жетонды оқушы

Y. Тапсырма « Қызық сөздер.»- Әрбір сөздің мағынасын түсіндір
1 топ. 2топ 3 топ 4 топ
1. Тангаеьика - 1. Туарег - 1. Баобаб - 1. Нигер -
2. Сомали – 2. Виктория – 2. Чад – 2. Рас - Хафун -
3. Калахари – 3. Цеце – 3. Нилот - 3. Шұрат -
4. Хамада – 4. Саванна – 4. Замбези - 4. Вельвичия -
5. Пигмей - 5. Атлас - 5. Камерун - 5. Лемур -

YI. «Синквейн кұру» Әр топ төмендегі сөздерді пайдаланып, Африка туралы синквейн құрайды.
1. Африка
2. Ыстық, ерекше
3. Орналасқан, тұрады, шектеседі
4. Материк

YII. Қорытындылау және бағалау.
Топ жетекшісі топ мүшелерінің біліміне, сабаққа қатысу белсенділігіне түсініктеме бере отырып, бағалайды.
YIII. Рефлексия.
Оқушылар сабақ туралы көзқарасын, тілегін стикерге жазып, Африка картасына іледі.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Аустралияның географиялық - физикалық орны

Аустралияның географиялық - физикалық орны

Оқушыларды Аустралия материгімен таныстыра отырып олардың ерекшеліктеріне тоқталу. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оята отырып картамен жұмысты...
Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Африканың жер бедері мен пайдалы қазбаларының орналасуы жайлы білімдерін қалыптастыру. Жер бедерінің даму тарихын, пайдалы қазбаларының жер бетіндегі...
Дүниежүзілік мұхит

Дүниежүзілік мұхит

Дүниежүзілік мұхит туралы ұғым қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту. картамен, оқулықпен жұмыс, өз бетімен оқып...
Африка халқы және саяси картасы

Африка халқы және саяси картасы

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Берденова Мейрамгуль...
Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ш.Уалиханов атындағы №12 гимназияның география пән мұғалімі Алимбай Салтанат Серикбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×