Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ».
Мақсаты: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін арттыру. Табиғатты қорғауға баулу, мақал - мәтелдер жұмбақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Табиғат туралы 1001 мақал, 101 жұмбақ.
Жоспар:
- Сөзжұмбақ шешу;
- Мақал - мәтел сайысы;
- Көрермендер көрімдігі;
- Жұмбақшылар сайысы;
Таныстыру (3 оқушы шығып өздерін таныстырады).
Табиғат туралы өлең оқиды..
1 - оқушы:
Әй, табиғат!
Шеберсің - ау, шеберсің
Көрмегенеді көрсетерсің, берерсің.
Ұланғайыр байлығыңыды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің?
2 - оқушы:
Айың мынау, күнің анау, жер міне,
Ау, адамдар!
Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,
Асырайды ол сені, мені, елді де.
3 - оқушы:
Өсімдік өмір кілті талас бар ма
Тіршілік өсімдіксіз жарасқан ба?
Нәрленіп негіз алған тірі дүние,
Өсімдіктер таралған жер анаға.
І. Сөзжұмбақ шешу.
1. Географияның атасы?
2. Тұңғыш қазақ ғарышкері.
3. Планеталардың жүретін жолы.
4. Ең үлкен планета.
5. «Планета» сөзінің қазақшасы.
6. Қазақстан қай материкте орналасқан.
7. Сақинасы бар ғаламшар.
Сөзжұмбақты дұрыс шешкен оқушылар сайыстың қатысушылары болып табылады.
ІІ. Мақалшылар сайысы. (2 тур бойынша өтеді)
Мақалшылардың 1 - турында 3 ойыншы қатысады.
Жүргізуші: (Мақалдың бірінші жолын айтады, соңын мақалшылар жалғастырады).
1. Мал баққандікі,...(жер) жыртқандікі.
2. Өлкенің көркі мал болар,....(өзеннің көркі...(тал) болар
3. Жері байдың,...(елі) бай.
4. Орман, тоғай - жер сыны,.... (көкорай шалғын...(жер) сыны)
5. Судың кепкені....(тіршіліктің) кеткені.
6. Өрісіне қарап мал өсер,
....... (Өзеніне қарап тал өсер)
7. Ел жасымен көрікті,......
(Тау тасымен көрікті)
8. Жақсы туса ел ырысы,.....
(Жаңбыр жауса жер ырысы.)
Ұпайы аз бір оқушы ойынан шығады.
2 - турда қалған екі мақалшы бір - біріне мақал айтады. Яғни ұпайы көп ойыншы 1 мақал айтады, қарсыласы сол мақалда кездескен сөз кіріскен мақал айтуы тиіс. Ойын осылайша кезекпен жалғасады, қай мақалшы мүдірмесе сол жеңімпаз болады.
Көрермендер көрімдігі. (Жүргізуші бір сөз айтады, соған мақал құрайды.)
ІІІ. Жұмбақшылар сайысы.
А) Таныстыру.
Ә) Жүргізуші жұмбақ жасырады.
1. Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)
2. Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)
3. Аумаған қар, жаумаған қар,
Таңертең бар, сәскеде жоқ. (Қырау)
4. Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты. (Алма)
5. Ашуланып бұртиды,
Ашушаң бір ақымақ
Аузы көпіріп құтырды,
Кез - келгенді ұшырды. (Құйын)
6. Үй үстінде асыл тас,
Алайын десем табылмас. (Жұлдыз)
7. Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны. (Тасбақа)
8. Есек құлақты,
Мысық аяқты.
Түйе ерінді,
Ешкі құйрықты. (Қоян)
9. Ат басты,
Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен жанды. (Шегіртке)
Жұмбақшы жеңімпаз анықталады.
ІҮ. Көрермендер көрімдігі. (3 жұмбақ жасырады, шешуін көрермендер табады).
1. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейміз,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейміз. (Ауа)
2. Салынған көпір керемет,
Қызығушы өте көп.
Ал бірақта не керек,
Кісі өтетін жолы жоқ. (Кемпірқосақ)
3. Қаласы бар, үйі жоқ.
Өзені бар, суы жоқ,
Орманы бар, түбі жоқ,
Бақшасы бар, гүлі жоқ. (Карта)
Ү. Жұмбақшы мен мақалшылардың жеңімпаздары шығады.
1 - оқушы. Жұмбақ жасырады.
2 - оқушы. Жауабына мақал құрайды (3 жұмбақ - мақал)
ҮІ. Жеңімпазды анықтау, марапаттау.
Мың бір мақал жүз бір жұмбақ
- Hairat_78
- 19 наурыз 2014
- 12598
- 0
- 0
Ілмек сөздер: география, табиғат, сабақтан тыс шара
Ұқсас жаңалықтар:
«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынының жоспары
Мақсаты: Оқушылардың өздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оларды білім деңгейі Мен ой - өрісін жан жақтылығына тәрбиелеу, педагогтардың...Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақал - мәтелдің басын жүргізушілер оқиды, қатысушы топтардан бір - бір оқушыдан шығып мақалды жалғастырады...Мың бір мақал
Мақсаты: 1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге,...«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»...1001 мақал, 101 жұмбақ
Мақал-мәтел, жұмбақ туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды шапшаң ойлауға, тапқырлыққа, жауапкершілікке үйрету, сөздік қорын, дүниетанымын арттыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.