Сайтқа кіру Тіркелу

көлдер мен бөгендер

Сабақтың тақырыбы: Көлдер мен бөгендер
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстан көлдері мен бөгендері, олардың ерекшеліктері, су су деңгейінің өзгеруі туралы түсіндіру;
Дамытушылық: Сабақта өз ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, салыстыра білуге дағдыландыру және ойлау қабілетін дамыту өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: экологиялық білім бере отырып, жас ұрпақты туған жеріміздің су ресурстарын ұқыпты пайдалануға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгеру, тірек - сызба
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, өз бетімен жұмыс жасау, картамен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, тірек - сызба, өзен суреттері.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
IV.. Бекіту кезеңі.
V. Үйге тапсырма беру кезеңі, бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
1. Солтүстік Мұзды мұхит алабына қандай өзендер кіреді? Оларды картадан көрсетіп сипаттама беріңдер
2. Ішкі алаптарды атаңдар және оларға сипаттама беріңдер
3. Каспий теңізі алабына қандай өзендер жатады, оларды картадан көрсетіп сипаттама беріңдер
4. Арал теңізінің алабының өзендеріне сипаттама беріп картадан көрсетіңдер
5. Балқаш – Алакөл алаптарының өзендеріне сипаттама беріңдер.

III. «Миға шабуыл»
1. Көл дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Қазақстандағы ірі көлдерді атаңдар?
3. Осы ірі көлдер неге теңізге теңестірілген?
4. Бөгендер деген не?
5. Бөгендер не үшін қажет?

III. Жаңа сабақ
Қазақстан аумағында ірілі - ұсақты 48 мыңнан астам көлдер мен 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағажайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдер басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60% алып жатыр.
- Солтүстік Қазақстанда 21580 көл бар, ҚР 45%
- Орталық және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 17550 көл, 36%
Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді

Бөгендер. Қазақстан аумағында жер беті ағыстарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, тоған деп атайды. Бөгендер халықтың қажетін өтеуге жұмсалады. Олар бөліктерге бөлінеді: 50 км2 дейінгі – кіші; 250 км2 – орта, 1000км2 – ірі; одан үлкендері – аса ірі бөгендер.
Қазақстанда 4 мың бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км3 тұщы су жиналады.
- Республикада 2 – өте ірі, 1 – іті және 6 – орта бөгендер бар.
- Бөгендердің шаруашылықтағы маңызы зор. Оларды энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекриациялық мәселелерді шешуде, спорт, балық аулау бағдарламаларында пайдаланылады.

IV. Пысықтау.
«Көлді тап» ойыны. Шарты: кез келген көлді айтады және оның қандай типке жататының анықтайды. Мысалы; Каспий теңізі - реликті көл; Іле Алатауы – Мұздық типті; Бурабай – тектоникалық көлдер типті және т. б

V. Үйге тапсырма беру кезеңі, бағалау
Үйге §29 оқу, кескін картаға Қазақстанның көлдерін түсіру. Туған өлкелеріңнің көлдерін сипаттап жазу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны   қорғау

Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау

Су қоймалары және құрлық сулары олардың маңызы орналасу жағдайлары жайлы толық мәлімет беру және оларды қорғау жолдарын түсіндіру...
Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Мақсаты: Білімділік: Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы жөнінде оқушылардың білімін кеңейту....
Балқаш көлі

Балқаш көлі

Сабақтың тақырыбы: Балқаш көлі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Балқаш көлінің табиғатын, көлге құятын басты өзендер мен батыс бөлігі, тұщы...
Каспий теңізі

Каспий теңізі

Сабақтың тақырыбы: Каспий теңізі Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстанның ірі көлдерімен таныстыру. Олардың физикалық географиялық жағдайына...
Солтүстік  Қазақстан облысының  өзендері,  көлдері, бөгендері

Солтүстік Қазақстан облысының өзендері, көлдері, бөгендері

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның география пәнінің мұғалімі: Габдуллина Аяжан Нуржанқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×