Сайтқа кіру Тіркелу

Жер-су және табиғат ресурстарының басқа да түрлері

Сабақтың тақырыбы: §10. Жер - су және табиғат ресурстарының басқа да түрлері
Сабақтың мақсаты: І) Білімділік: Оқушыларға жер - су және табиғат ресурстарының қоры мен таралуы туралы түсіндіріп шығу
ІІ) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін, қызығушылығын дамыту
ІІІ) Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, табиғатты аялап қорғай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс, карточкамен жұмыс;

Сабақтың көрнекі - құралдары: Интерактивті тақта, таратпа кеспелер, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, табиғат суреттері және т. б.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ойын элементін, инсерт әдісін, пән аралық байланыстарды
пайдалану
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, реттеу, сабақтың
мақсатын жариялау
Сабақтың бөлімдері:

р\с Сабақтың өтілуі Кететін уақыт
1 Сергіту сәті
Өткен тақырыптардан «Ең, ең» деген сұрақтар қою 3 - минут
2 Үй тапсырмасын сұрау
Кеспелердегі сұрақтарға жауап береді,
интер тақтадағы тапсырмаларды орындайды
Insert стратегиясы бойынша кестемен жұмыс 15 - минут
3 Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалім карта бойынша, кесте бойынша, суреттер бойынша, экономика мен тарихпенен жаңа сабақты түсіндіру.
Электронды оқулықты тыңдау 10 - минут
4 Жаңа сабақты бекіту
Insert стратегиясы бойынша кестемен жұмысты талқылау 7 - минут
5 Сабақты қорытындылау Электронды оқулықтағы тесттерді орындау 5 - минут
6 Рефлексия,
бағалау,
үйге тапсырма беру 5 - минут

І. Сергіту сәті Өткен тақырыптардан «Ең, ең» деген сұрақтар қою
1. Минералды байлықтарды ең көп өндіретін елдер?
2. Жалпы әлемде ең көп өндірілетін шикізаттар кешені?
3. Ең алтын мен алмазға бай мемлекет?
4. Ең мұнайға бай аймақ?
5. Ең табиғат ресурстарына бай мемлекеттер?
6. Мыс кеніне ең бай елдер?
7. Алюминий қорларына ең бай елдер?
8. Табиғат ресурстарына кедей, ең дамыған елдер?
9. Уран қорына ең бай ел?
10. Дүние жүзінде минералды ресурстарды ең көп өндіретін елдер ішінде
Қазақстан нешінші орында?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Кеспелердегі сұрақтарға жауап береді,
2. интер тақтадағы тапсырмаларды орындайды
3. Мәтін бойынша түсінік сұрау
1. Кеспелердегі сұрақтар:
1 - кеспе 1Табиғат дегеніміз не?
2. Өндірісті орналастырудағы ең негізгі фактор?
3. Сарқылатын табиғат ресурстары қалай бөлінеді?
4. Табиғат ресурстарын ата:
2 - кеспе 1. Ресурстарды қолдануына қарай қандай топтарға жіктейміз?
2. минералды ресурстарды сақтап ұрпаққа қалдыру үшін не істеу керек?
3. Қалпына келетін ресурстардың түрлерін ата:
4. Қытай қандай табиғи қорларға бай?
3 - кеспе 1. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықта дамушы елдер қандай рөл атқаруда?
2. сарқылмайтын ресурстардың қандай түрлері мүлдем сарқылу үстінде тұр?
3. 400жыл ішінде қанша құстар мен сүтқоректілердің түрлері жойылды? Не себепті?
4. Жойылуға жақын тұрған жануарлар түрлерінің саны? Не себепті?
4 - кеспе 1. Жер бетіндегі мұнайға бай аудандар?
2. Планетамызда жыл сайын қанша т отын мен минералды шикізаттар алынады?
3. ХХІ ғ тау - кен қорларын өндіру не себепті 5 есеге өспек?
4. Болжам бойынша алюминий қанша жылға жетеді?
5 - кеспе 1. Таскөмір қай дәуірде пайда болды және неден?
2. Табиғатты пайдалану дегеніміз не?
3. Әлемде өндірілген отын - энергетикаға қанша % тиісті?
4. Табиғат пен қоғам арасындағы адамның рөлі қандай болуда?
6 - кеспе 1. Адам баласы табиғатты пайдалануынан қандай проблемалар туындауда?
2. Өз елдерінде 2010ж дейін АЭС терін тоқтатқан елдер? Не үшін?
3. Қалпына келмейтін ресурстарды ата?
4. Болжам бойынша темір қоры қанша жылға жетеді?

2. интер тақтадағы тапсырмаларды орындайды
Insert стратегиясы бойынша кестемен жұмыс
Бұл стратегия бойынша оқушылар кестеге білемін (таныс), білгім келеді(қызық), таныс емес(тереңірек білгім келеді)
Тақырыпты оқу алдында тапсырма беріледі: оқу кезінде қосымша жұмыс жасалынады. Оқи отыра, мәтіннің шетіндегі ашық жерге белгі қойып отырылады. Белгілер тақтаға жазылады және сабақ соңына дейін сақталады:
«v» - егер сіздің оқып отырғаныңыз, сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе немесе сіз білемін деп ойлағандай болса мәтіннің шетіне «v» белгісін қоясыз.
«-» - егер оқып отырған ақпарат, сіз білген ақпаратпен сәйкес келмесе немесе басқаша болса, онда «-» белгісін қоясыз.
«+» - егер алынған ақпарат, сіз үшін жаңа, бұрын естімеген болса, «+» белгісін қоясыз.
«?» - егер ақпарат, сіз үшін күдікті немесе сізді таң қалдырса немесе осы тақырып бойынша тереңірек білгіңіз келсе «?» белгісін қоясыз. Сонымен оқу кезінде мәтіннің шетіне осындай төрт белгі қоясыз. Сіз әр абзацқа 1 - 2 белгі қойсаңыз жеткілікті, бірақ ол кейде аз, кейде көп болуы мүмкін. Ал енді белгі қоя отырып, оқуға кірісіңіз.

v -?
Жер шарында судың негізгі 97, 2 % Дүниежүзілік мұхит суына тиесілі. Тұщы суға 2, 5% ғана тиесілі, жер үсті суларының мөлшеріне 0, 1% ғана тиесілі. Адам пайдаланатын су өзен суы болып саналады. Планетамыздың 60% тұщы су жетіспейді. Халқы тығыз қоныстанған Жапония, Корея,
Сингапур, Нидерланд, т. б елдер өңделетін жер аумағын
теңіз есебінен ұлғайтуда.
Мұхит түбінің пайдалы қазбаларынан, әсіресе темір - марганец конкрецияларының қоры мол. Бұл конкрециялардың құрамында аталған кендерден басқа 20 дан астам элементтер бар. рекреациялық ресурстар

биогаз өндірісі (биоэтанол)

гелиоэнергетикалық әлеует

термальді электростансылар

Жаңа сабақ тақырыбы: §10. Жер - су және табиғат ресурстарының басқа да түрлері
Жер ресурсының ең негізгі көзі - топырақ. Дүние жүзі жалпы жер қорының көлемі - 13, 1 млрд га немесе 131 км2. Мұның 1/3 бөлігі ғана ауыл шаруашылығына жарамды жерлер(4, 8 млрд га). Оның ішінде ¾ бөлігі жылу мен ылғал жетіспеушілігінен жарамсыз болып отыр. Ал, өңделетін жер көлеміне 11% тиесілі болып отыр. Осы өңделген егістік жердің негізгі бөлігі Еуропа мен Азияға, ал аз бөлігі Оңтүстік Америка мен Аустралияға тиесілі. Егер жекеленген елдер бойынша келсек: АҚШ (19 млн га), Үндістан(166 млн га), Ресей (130 млн га), Қытай (93 млн га), Аустралия (47млн га), Канада (45млн га), Бразилия (43 млн га), Қазақстан (35 млн га және ), Украйна (33млн га).
Ауылшаруашылығындағы жайылымдар мен шабындықтар арақатынасы жөнінен Аустралия алдында (415млн га), Қытай (400 млн га), АҚШ (240 млн га), Қазақстан (187 млн га), Бразилия (185 млн га), Аргентина (142 млн га) мемлекеттері алда.
Дүние жүзінің жер қорының құрылымы өзгеруде. Халқы тығыз қоныстанған Жапония, Корея, Сингапур, Нидерланд, т. б елдер өңделетін жер аумағын теңіз есебінен ұлғайтуда. Малды табындап жаю мен жел – су эрозиясына байланысты 6 - 7 млн га жер жыл сайын жарамсыз болып қалуда.

Жер шарында судың негізгі 97, 2 % Дүниежүзілік мұхит суына тиесілі. Тұщы суға 2, 5% ғана тиесілі, жер үсті суларының мөлшеріне 0, 1% ғана тиесілі. Адам пайдаланатын су өзен суы болып саналады. Планетамыздың 60% тұщы су жетіспейді. Жалпы өзен сулары гидроәулеті жағынан Азия, Америка, Африка көзге түседі. Ағын суды жан басына шаққандағы үлесіне келсек халық саны аз Аустралия аумағыалға шығады. Ағын су қоры жөнінен бірінші орынды Бразилия, кейінгі орынды Ресей, Конго, Канада алады.

Планетамыздың 30% - ын орман алып жатыр(4 млрд га). Соңғы екі ғасырда орман екі есеге азайған. Дүние жүзінде орман алқаптары Оңтүстік Америка, мен Азияда сақталған. Ормандылық көрсеткішпен әр мемлекетті көрсетсек онда: Бразилия (52%), ТМД елдерінде (37%), Ресей (45%), осы көрсеткіш бойынша Француз Гвианасы (95%), Суринам (91%), Суринам (91%), Гвиана (85%), Папуа - Жаңа Гвинея (84%), Габон (81%) елдері келеді. Ал Аустралия 11% бен артта қалады. Ал Кувейтте 0, 3% мен БАӘ 0, 1%, ал Оманда орман мүлдем жоқ. Орман ресурсын шаруашылық тұрғысынан бағаласақ негізгі көрсеткіш - ағаш сүрегі болып саналады. Ағаш сүрегін өндіруден Латын Америкасы (90млрд м3), ТМД елдері (86млрд м3 ) оның ішінде, Ресей (75 млрд м3 ) жетекші орында. Жекеленген елдер бойынша Бразилия, Канада, АҚШ айрықша көзге түседі.

Адамзат баласы үшін ең маңызды ресурстарының бірі – мұхит байлық қоры болып саналады. Мұхиттарда аса мол биологиялық және минералдық ресурстар қоры бар. Дүниежүзінің көптеген елдері теңіз жағалауларында судың толысу энергиясын пайдаланатын электростансылары салынған (Франция, АҚШ, Канада, т. б.).
Континенттік байлыққа мұнай мен газ, (қоры 120 - 150 млрд т). Қайраңның қатты байлықтарын кенді( темір, мыс, қалайы,, сынап, т. б) және кенсіз (алмас, ильменит, цирконий, алтын, янтарь), т. б. қазбаларды кейбір елдер көлбеу шахталар және драгалар көмегімен өндіреді. Ал мұхит түбінің пайдалы қазбаларынан, әсіресе темір - марганец конкрецияларының қоры мол. Бұл конкрециялардың құрамында аталған кендерден басқа 20 дан астам элементтер бар. Мұхиттан алынатын органикалық дүниенің 90% материктік қайраңнан – Норвег, Охот, Жапон, т. б. өндіріледі. Мұхит суының өзінде 70 - тен астам элемент бар. Негізгісі ас тұзы мен магний. Қазір әлемде магнийдің 40% теңіз суынан алынады. Бұлардан басқа теңіз суында - күкірт, алюминий, мыс, уран, алтын мен көбірек кездеседі. Дүние жүзілік мұхит - теңіз суын тұщыландыратын қондырғылар орнатылған. Олар: Сауд Арабиясында, Ливия, Мальта, Багам аралдарында және Қазақстанда.
Адам өмірінде рекреациялық ресурстардың алатын орны зор. Рекреациялық ресурстар кешенді болып саналады. Олар тарихи ескерткіштер мен тығыз байланысып жатады. Қазіргі күнде Туризмге айналып отыр. Туристтерді қабылдау жөнінен АҚШ, Испания, Франция, Италия, Түркия ерекше көзге түседі.
Күн сәулесін пайдаланатын гелиоэнергетикалық әлеуеттің зор мүмкіндігі Күн шұғылалытропиктік шөлді аймақтарда АҚШ пен Франция елеулі табыстарға жетті. ТМД елдерінің ішінде Қырымда салынған. Қазіргі кезде Жапония, Италия, Израйль, Аустралия елдерінде атқарылуда.

Жер шарында Жел энергетикалық әлеуетінің қоры мол. Жел энергиясы арзан, Экологиялық таза қуат көзі болып саналады. Желдің күшін пайдаланатын қазіргі заманғы қондырғыларды өнеркәсіптік жолмен шығарып жатқан Франция, АҚШ, Дания, Германия т. б. елдер көп жұмыстар жүргізуде. Біздің елімізде Жоңғар қақпасындағы соғатын жел энергиясын пайдалану үшін Германияның көмегімен бірнеше жел қондырғылары салынуда.

Жер астынан шығатын термальді электростансылары дүние жүзінің көптеген елдерінде жұмыс істеуде. Әсіресе Исландияда, Ресей, Италия, Жапония, Жаңа Зеландияда. Исландияда поляр аумақтарында астанасын ыстық сумен, жылытумен, ірі жылыжайларда жеміс - жидектер алуда.
Қайтарымды баламалы қуат көздері ішінде биогаз өндірісі (биоэтанол) ерекше орында

Табиғи ресурс түрлері Жалпы қоры Елдер мен аймақтар бойынша көрсеткіші
Жер ресурсы 13, 1 млрд га немесе 131 км2 АҚШ (19 млн га), Үндістан(166 млн га), Ресей (130 млн га), Қытай (93 млн га), Аустралия (47млн га), Канада (45млн га), Бразилия (43 млн га), Қазақстан (35 млн га және), Украйна (33млн га).

Орман ресурсы 4 млрд га Бразилия (52%), ТМД елдерінде (37%), Ресей (45%), осы көрсеткіш бойынша Француз Гвианасы (95%), Суринам (91%), Суринам (91%), Гвиана (85%), Папуа - Жаңа Гвинея (84%), Габон (81%) елдері келеді.
Тұщы су ресурсы 2, 5%(361 млн км2) Бразилия, кейінгі орынды Ресей, Конго, Канада алады.
Д. ж. мұхит ресурсы мұнай мен газ, (қоры 120 - 150 млрд т) суының өзінде 70 - тен астам элемент бар. магнийдің 40% теңіз суынан алынады кенді( темір, мыс, қалайы,, сынап, т. б) және кенсіз (алмас, ильменит, цирконий, алтын, янтарь), т. б. Толысу энергиясын Франция, АҚШ, Канада
Норвег, Охот, Жапон теңіздерінен органикалық дүние өндірілуде
мұхит - теңіз суын тұщыландыратын қондырғылар орнатылған. Олар: Сауд Арабиясында, Ливия, Мальта, Багам аралдарында және Қазақстанда.

Рекреациялық ресурстар Кешенді құрамына Орман, тау, теңіз жағасы, тарихи орындар т. б.

АҚШ, Испания, Франция, Италия, Түркия туристтерді өте көп қабылдайды
Гелиоэнергетика Күннен алатын қоры шектелмеген

АҚШ пен Франция, Қырымда, Жапония, Италия, Израйль, Аустралия
Жел энергиясы қоры мол

Франция, АҚШ, Дания, Германия
Термальді энергия Қазірше шектелмеген

Исландияда, Ресей, Италия, Жапония, Жаңа Зеландияда
Биогаз (биоэтанол) Қайтарымды баламалы қуат көзі

Жер шарының шөлді аумақтарынан басқа барлық жерлерден өндіруге болады
4. Жаңа сабақты бекіту
Insert стратегиясы бойынша кестемен жұмысты талқылау

5. Сабақты қорытындылау
Электронды оқулықтағы тесттері орындау
6. Рефлексия, бағалау, үйге тапсырма беру
Рефлексия
1. Осы сабақтан не үйрендіңдер?
2. Сабақ ұнады ма?
3. Несімен ұнады?

бағалау
үйге тапсырма беру: §10. Жер - су және табиғат ресурстарының басқа да түрлері тақырыбын оқып келу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
10 сыныпқа арналған тест жинақтары «Дүние жүзінің экономикалық және әлеумет ...

10 сыныпқа арналған тест жинақтары «Дүние жүзінің экономикалық және әлеумет ...

1 тақырып Жер ғаламшар ретінде 1. Жарық жылдамдығы: А) 300 000м/сек С) 2000 000м/сек Е) 200 500 м/сек...
Оңтүстік Американың халқы мен елдері

Оңтүстік Американың халқы мен елдері

Мақсаты: Білімділік: Материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы - үндістердің тағдырын көрсету. Дамытушылық: Оқушыларды Оңтүстік...
Саяси география және геосаясат. Тарихи - географиялық аймақтар

Саяси география және геосаясат. Тарихи - географиялық аймақтар

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Берденова Мейрамгуль...
Бразилия

Бразилия

Сабақтың мақсаты: 1. Дамытушылығы; Бразилияның экон-географиялық жағдайы мен табиғаты, халқы мен оның орналасуы туралы түсініктеме беру. 2....
Дүние жүзінің табиғат ресурстары

Дүние жүзінің табиғат ресурстары

Қазалы ауданы, Қызылорда облысы № 182 мектебі, Басықара ауылы, география пәнінің мұғалімі Аюбаева Жанар Аққожақызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×