Сайтқа кіру Тіркелу

Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну

Сабақтың тақырыбы: Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға табиғат объектілерімен табиғи құбылыстар арасындағы себеп – салдар байланыстарды анықтай білуге үйрету. Жер қыртысының құрылысы жайында біліктілігін арттыру.
Дамытушылық: Дүниетанымдарын кеңейту. Ой - өрісін арттыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру мақсатында оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, ластамауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:: интерактивті тақта, карта - тірек сызбалар, сөзжұмбақтар
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ - жауап, ой толғау әдісі
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, физика.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1.«Кім жылдам?» ойыны
ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны
1. Жер қыртысының қозғалысы.
2. Жер сілкіну.
3. Статистикалық мәлімет.
4. Кескін картамен жұмыс
5. Қорытынды
Жердің әртүрлі бөлігінде нәтижесі өрт және түтінмен жалғастын жан шошырлық қираулармен адамдардың өліміне әкеліп соғатын қатты дүмпелер болып тұрады.
1. Жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі. Жер қыртысы ешқашан тыныш жатпайды: оның бір жағы көтерілсе, екінші жағы шөгеді. Ғалымдар картаға түсіру кезінде Солтүстік Америкамен Европаның Атлант мұхитымен жақын жағы жаппай көтеріліп, ал Европаның Жеорта теңіз аймағы шөгіп жатқанын аңғарған.
2. Тау жасалу қозғалысы. Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс - Жер сілкінулерге апарып соғады.
Жер сілкіну. Жер сілкіну дегеніміз - жер қыртысымен жоғарғы мантияның кенет ығысуы, жерасты думпілерімен жер бетінің тербеле қозғалуы. Сейсмологтар (жер сілкінуді зерттейтін ғалымдар) соққы толқындар күшін сейсмометрмен өлшейді. Жер сілкінісі бір балдан он екі балға дейін жіктеледі.
БАЛЛ
1 - 2 - 3 - 4 Елеусіз әлсіз елеулі сілкінулер
5 - 6 Күшті сілкіну
7 - 8 Өте күшті қиратушы сілкінулер
9 - 10 Жойқын сілкіну
11 - 12 Апатты сілкіну
ХХ - ХХІ ғасырдың жер сілкінулері
№ Орны Жылы Балы
1 Сан - Франциско. АҚШ 1906 8, 3
2 Ганьсу. Қытай 1920 8, 6
3 Жапония 1923 8, 3
4 Үндістан 1950 8, 6
5 Алеут аралдары 1957 9, 1
6 Тянь Шань 1976 8, 2
(250 000)
7 Түркия 1999 - 2000 7
Сейсмикалық станциялар
1927жыл - Алматыда Обсерватория
1939ж - Шымкентте
1934ж - Семейде 1971 - 1996жыл
Жаңа сөздер
Сейсмология - жер сілкінісі, олардың ошақтары және толқындардың жер қойнауында таралуы туралы ғылым.
Цунами - жапонша (қойнаудағы үлкен су)- теңіз түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл жойқын толқын.
Тайфун – қытайша (тай фын - үлкен жел)- тынық мұхиттың Оңтүстік Шығыс Азия жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауылү
Жер сілкіну ошағы - жердің терең қойнауындағы жер сілкіну пайда болатын жер.
Жер сілкіну кезіндегі табиғи апаттар
Жер сілкіну құбылыстары
Теңіз тасқыны Сел Құйын, дауыл Су тасқыны Цунами Жартастың құлауы
Пысықтау сұрақтары
1. Жер сілкіну ошағы деп нені айтады?
2. Жер сілкінудің эпицентрі деп нені айтады?
3. Сейсмикалық аймақтар жершарында қанша белдеу түрінде таралған?
4. Жер қыртысы қозғалысының екінші түрі қалай аталады?
5. Сейсмология қандай ғылым?
Үйге тапсырма: §20 Аса күшті жер сілкінулер және оның зардаптары жайында хабарлама жасаңдар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×