9 сынып
Тақырыбы: Солтүстік Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы.
Мақсат - міндеттер:
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ЭГЖ, табиғат ресурстары, халқы, ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы байланыстары, экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдарына тоқталады. Экономикалық қазіргі даму кезеңі, ерекшеліктерін қарастырады.
Оқу құралдары: Оқулық, 9 - сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік - аймақтық картасы, әдістемелік құрал, электрондық оқулық.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: СТО стратегиялары, сұрақ - жауап, тест, пікір айту, шығармашылық жұмыс, картамен жұмыс.
Сабақтың жоспары:
І кезең - ұйымдастыру (1мин.)
ІІ кезең - үй тапсырмасын тексеру.(10мин)
ІІІ кезең - жаңа тақырыпты меңгеру (20мин)
ІҮ кезең - білім мен икемділіктерін бекіту (10мин)
Ү кезең – қорытынды (2мин)
ҮІ кезең - бағалау кезеңі.(1мин)
ҮІІ кезең - Үйге тапсырма беру.(1мин)
Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту «Менің Қазақстаным» бейне көрініс.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Бағаланады оқушылар төрт түсті топтық белгілері арқылы. Көк түс - аспан, ту белгісі. Сары - күннің шуағы. Қызыл - энерия. Жасыл түс - табиғат. Топқа өздері бөлінеді. Бағалау парағы электронды тақтада көрсетіледі. Тест тапсырмалары, сұрақ - жауап.
І нұсқа
1. Батыс Қазақстанның экономикалық ауданына кіретін облыстар:
а) Батыс Қазақстан облысы, Павлодар, Қостанай
ә) Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау
б ) Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе
2. Хром және никель өндіретін облыс
а) Батыс Қазақстан ә) Ақтөбе б) Маңғыстау
3. Батыс Қазақстанның табиғат ресурстарын ата:
а) фосфорит, полиметлдар ә) темір, марганец б) мұнай, газ ресурстары
4. Батыс Қазақстан халқының орташа тығыздығы
а) 6 адам км² ә) 3 адам км² б) 3, 6 адам км²
5. Батыс экономикалық аудандағы қосымша саланы атаңдар:
а) көмір ә) мұнай, газ химиясы б) машина жасау
6. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының халқының саны.
а) 2179 мың адам ә) 1339 мың адам б) 1425 мың адам.
7. Батыс экономикалық аудандағы қосымша саланы атаңыз
а) мұнай газ химиясы ә) машина жасау б) тоқыма
ІІ нұсқа
1. Батыс Қазақстанның эканомикалық ауданына кіретін облыстар:
а) Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау. ә) Алматы, Ақтөбе, Қызылорда
б) Ақмола, Атырау, Қостанай
2. Батыс Қазақстанмен шектеспейтін аймақ
а) Шығыс ә) Солтүстік б) Оңтүстік
3. Батыс Қазақстандағы халқы көп облыс:
а) Ақтөбе ә) Атырау б) Маңғыстау
4. Ферроқорытпа зауыты қай қаласында орналасқан?
а) Ақтөбе ә) Атырау б) Жаңаөзен
5. Мия зауыты жергілікті шикізат негізінде қай жерде жұмыс істеуде
а) Ақтау ә) Орал б) Ақтөбе
6. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының жер көлемі:
а) 736 мың км² ә) 283 мың км ² б) 428 мың км ²
7. Қаражамбас және Қаламқас кен орындарының орналасқан жері:
а) Маңғыстау түбегі ә) Бозащы түбегі б) Батыс Қазақстанның шығысы
ІІІ. Ой қозғау. Солтүстік Қазақстанның экономикалық ауданы (слайд көрсету)
Тақырыпты оқушылар өздері анықтайды сұрақтар қою арқылы.
IҮ. Ізденушілік. Мәтінмен өзіндік жұмыс топтық
І топ. Солтүстік Қазақстан ауданының ЭГЖ қандай?
ІІ топ. Ауданның әкімшілік - аумақтық құрамы қандай?
ІІІ топ. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарына баға бер.
ІҮ топ. Еңбек ресурстары мен халқы.
Электрондық оқулық арқылы мәлімет тыңдау. Дәптер, кескін картамен жұмыс.
Ү. «Көп ізденсең, көп білерсің» ( Экономикалық ауданның облыс орталықтарына қысқаша сипаттама)
ҮІ. SWOT шығармашылық жұмыс.
І. Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру.
ІІ. Экономикалық және экологиялық проблемалары
ІІІ Экологиялық проблемалардың шешу жолдары
ІҮ. Аудан экономикасының даму болашағы
ҮІІ. Бағалау кезеңі бағалау парағы арқылы.
YIII. Үйге тапсырма: §26. 2 - 4 - тапсырма
СҚО ЭГЖ
- Карлығаш
- 19 сәуір 2013
- 9424
- 0
- 0
Ілмек сөздер: географиядан сабақ жоспары, 9 сынып, Солтүстік Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Ұқсас жаңалықтар:
Шығыс Қазақстан географиялық орны
Шығыс Қазақстанның өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру...Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы
Білімділік мақсаты – Орталық Қазақстан экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп географиясына тоқталу, өнеркәсіпті мамандандыру және...Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ география пәнінің мұғалімі Жолмуханова Айгул Салимовна...Ұлыбритания. Құрамы, құрылысы
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, №2 Абай атындағы лицей...Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ш.Уалиханов атындағы №12 гимназияның география пән мұғалімі Алимбай Салтанат Серикбайқызы Сабақтың тақырыбы: Шығыс...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.