Сабақтың тақырыбы: Ауаның қасиеттері
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Ауа қысымының, температурасының және ылғалдылығының арасындағы өзара байланыстылықты түсіндіру.
2. Тәрбиелік. Оқушыларды байқампаздыққа, ауызбіршілікке, көшбасшылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Тапсырмаларды түрлендіру
арқылы оқушылардың дүниетанымын, ой - өрісін
және өзіндік пікірін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. (география, биология, хореграфия)
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, спарк құралы, ватман, маркерлер
Пәнаралық байланыс: Физика, биология, медицина, экология, өнер
Сабақтың құрылысы: 1. Сабақты ұйымдастыру.
2. Қызығушылықты ояту
3. Мағынаны тап
4. Рефлексия
5. Бағалау.
6. Қорытындылау.
Сабақтың ұйымдастыру формасы: Оқушылармен амандасып, класты
түгендеп, сабаққа дайындығына көз жеткізу.
Оқушыларды топқа бөлу.
«Табиғат – адамзаттың алтын бесігі» мақалын құрастыру арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді.
Сабақтағы оқушыларды бағалау мұғалімнің «өте жақсы», «жақсы», «жарайсың» деген мадақтау сөздері болады.
І. Қызығушылықты ояту.
Интерактивті тақтаға қосылған спарк құралы арқылы кабинеттің температурасы өлшенеді. Кабинеттің орташа температурасы анықталады.
Шайманова А. Б - хореография пәнінің мұғалімі
Оқушыларға «Қаражорға» биінен үзінді билейді.
Кабинеттің температурасы қайта өлшенеді.
Миға шабуыл: Кабинеттің температурасы неге өзгерді?
Оқушылар қорытынды жасайды.
ІІ. Мағынаны тап:
№1. Тапсырма
І топ:
1. Кестені толтыр:
Сағ 0100 ------- Сағ 700 ------- Сағ 1300 ------- Сағ 1900 ------- ТОТ --------- Амплитуда
- 200С ---------- - 230С -------- - 160С -------- - 190С --------- - 19, 50С ------- 70С
ІІ топ.
І апта ----- ІІ апта ------- ІІІ апта ------- ІV апта ------ АОТ ------- Амплитуда
100С -------- 80С ----------- 00С ------------ 40С --------+3, 50С -------- 140С
ІІІ топ
Қыс ------ Көктем ----- Жаз ------ Күз ------ ЖОТ --------- Амплитуда
- 160С ----- 50С ------ 250С ------- 80С -------+5, 50С -------- 410С
№2. Тапсырма
І топ:
Теңіз деңгейіндегі ауаның температурасы +170С. 4 км биіктікте ұшып бара жатқан ұшақ бортының сыртындағы температура қандай болады?
Жауабы: 17 -(6*4)=17 - 24=- 70С
ІІ топ.
6 км биіктіктегі температура - 10С. Осы кезде жер бетіндегі температура қандай болады?
Жауабы: (6*6)- 1=350С
ІІІ топ
Тау етегіндегі ауаның температурасы +120С. Таудың шыңында ауа температурасы - 180С. Таудың биіктігі қандай?
Жауабы: 12 -(- 18): 6=5 км
№3. Тапсырма
Кабинеттің ішіндегі су мөлшерін анықтау
Кабинеттегі температура ≈ +200С;( 1м3);
8м*6м*3м =144м3 *17 =2448 гр =2кг 448 гр
№3. Тапсырма
І топ:
Ауаның температурасы 00С, салыстырмалы ылғалдылық 30%, абсолюттік ылғалдылықты анықта.
Жауабы: 5г - 100%
х - 30%
х=( 5*30): 100=1, 5 гр
Абсолюттік ылғалдылық – 1, 5 гр;
ІІ топ.
Ауаның температурасы - 200С, салыстырмалы ылғалдылық 40%, абсолюттік ылғалдылықты анықта.
Жауабы: 1г - 100%
х - 40%
х=( 1*40): 100=0, 4 гр
Абсолюттік ылғалдылық – 0, 4 гр;
ІІІ топ
Ауаның температурасы +200С, абсолюттік ылғалдылық 15 грамм, салыстырмалы ылғалдылықты тап.
Жауабы: 17г - 100%
15г - х
х=( 15*100): 17= 88, 2%
Салыстырмалы ылғалдылық – 88, 2%;
Оқушыларға сұрақ:
Ауадағы су буын қанықтырудың екі жолын атаңдар?
«Атмосфералық қысым» тақырыбында видео көрсетіледі. 3/
Әр шаршы 1см2 1кг 33 гр (1, 033 кг) салмақ түседі.
І топ. Дәптер (340 см2 *1, 033 кг) = 351 кг
ІІ топ. Карта (532 см2 *1, 033 кг) = 549 кг
ІІІ топ. Партаға түсірілетін атмосфералық қысымды табыңдар.
(122+62)*1, 033 = 7813 кг
І топ:
Атмосфералық қысым А нүктесінде 750 мм, Б нүктесінде 520 мм. Екі нүктенің салыстырмалы және абсолюттік биіктігін табыңдар.
Жауабы:
А нүктесі - 760 - 750 = 10*10= 100 м (аб. биік)
Б нүктесі - 760 - 520 = 240*10= 2400 м (аб. биік)
750 - 520 =230*10= 2300 м (салыст. биік)
ІІ топ.
А нүктесінің теңіз деңгейінен биіктігі 1450 м, А нүктесіндегі атмосфералық қысымды табыңдар.
Жауабы: 1450: 10 = 145мм
760 - 145= 615 мм
ІІІ топ
Атмосфералық қысым А нүктесінде 720 мм, Б нүктесінің абсолюттік биіктігі 450м. А нүктесінің абсолюттік биіктігін және Б нүктесінің атмосфералық қысымын табыңдар?
Жауабы: А нүктесінің аб. биік - 760 - 720 =40*10=400 м;
Б нүктесінің атмосф. қысымы – 760 – (450: 10) = 715 мм;
Сұрақ: Саяхатшы өз күнделігінде: «... Тауда тамақтану үшін от жағып, ас әзірледік. Ыдыстағы су жылдам қайнағанымен, картоп піскен жоқ. Біз ұзақ күттік. Бірақ картоп сол шикі күйінде қала берді.....»
Саяхатшылар неге тауда картопты пісіре алмады?
Сұрақ: Кабинет пен далада әртүрлі көрсеткіш көрсететін өлшеуіш құралдарды атаңадар?
ІІІ. Рефлексия. «Ес картасы»
Оқушылар сабақтың барысын ойша қорытындылай келе, топ болып сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.
Әр топ өз ойларын қорғайды. (Мадақтау 3 шапалақ)
Бағалау. Формативті бағалау.
Үйге тапсырма: Оқушылар оң қолының екі саусағын сол қолының алақанына жылдамдықты үдете соғады. Сол кезде пайда болған дыбысқа қарап, үйге ауа райы туралы мәліметтер алып келеді.
Ауаның қасиеттері
- Мирамгуль
- 12 сәуір 2013
- 12421
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ауаның қасиеттері, географиядан сабақ жоспары, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Гидросфера
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру, гидросфера туралы ғылыми түсінік қалыптастыру. Әр түрлі білім көздерімен жұмыс...Атмосфера тарауы бойынша географиялық есептер жинағы
А нүктесінде атмосфералық қысым 780 мм, ал В нүктесінде 750 мм болса, екі нүктенің арақашықтығы қандай болғаны?...Физикадан сабақ жоспарлар
Тақырыптар: 1. Атмосфералық қысым 2. Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия...Атмосфералық қысым
География 6 сынып Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым...Тұрақты жел
Атырау қаласы, № 3 орта мектебінің география пәні мұғалімі Озғанбаева Гүлден Оразғалиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.