Сайтқа кіру Тіркелу

Әлемнен әдемілік іздесең...

«Әлемнен әдемілік іздесең.........»
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі “Әлемнен әдемілік іздесең...” тақырыбында өтетін пресс – конференциямызға қош келдіңіздер. Біздің хабарымыздың басталатын уақыты болды. Бүгінгі хабарымызда “Әлемнен әдемілік іздесең...” айдарымен берілетін әлем ғажаптары туралы сөз болады. Ал, қазір біздің тілшілеріміздің дайындаған “Әлем елдері – дүниежүзінің саяси картасында” репортаждарын көруге шақырамыз. Тілшілеріміз дайындаған репортаждарынан әр елдің әдемілігін, әр елдің табиғатын, сұлу көрінісін көре аласыздар. Біздің бүгінгі кешіміздің “Әлемнен әдемілік іздесең....” деп аталуы да сондықтан.

Кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,
Еуропада, Азия да емеспін мен,
Аралықпын жетінші материктей
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Республика ерікті ел – Қазақстан
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан
Келді аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мұз арыстан – дей отырып
Қазақстан туралы біздің арнаулы тілшіміз 9 - сынып оқушысы
Сәлім Аманбай Қазақстан елі жайында сөз кезегі сізге беріледі.
(жәй музыка ойнап тұрады)
Қалыбев Ғалым 11 сынып оқшысы Қазақстан елі жайында мағлұмат береді.(слайд)

Енді сонау күн шығыс елі Жапония мемлекетінен арнайы біздің тілшіміз 9 – сынып оқушысы Тілегенов Асылбек әңгімелейді. Жапон елінде эстетика саласынан тәрбие алмаған адам, тіпті экономикалық тұрғыдан да тиімсіз деген пікір қалыптасқан. Ендеше Жапон елінен келген тілшіміз сөз кезегі өзіңізде.
Жапония елі жайында мағлұмат береді.(слайд)

Бүгінгі әңгіменің алтын арқауы – таныс та бейтаныс ел Моңғолия турасында. Көз тоқтатып қарарлық бір қара жоқ шөл дала. Көз ұшында шудасы желкілдеп, жөңкіле көшкен түйелер керуені. Әйгілі Шыңғыс хан ордасының қираған орындары. Тау мен қыраттарға толы кең дала. Балығы тулаған өзен – көлдер. Сіздің санаңыздағы Моңғолия сөзімен сабақтас теңгелер ме бұл.... Осы ел туралы танымыңызды кеңейткіңіз келсе, Моңғолиядан арнайы тілшіміз дайындаған жаңалықтарға сөз берсек. Моңғолиядан келген тілшіміз 10 сынып оқушысы Таңатов Жалғас сөз кезегі өзіңізде.
Моңғолия елі туралы мағлұмат береді. (слайд)

Әдемілік пен үйлесімділіктің елі,
табиғи жағдайларымен, ресурстарымен
ерекшеленетін ел, дүниежүзіндегі
ең көп халқы бар. Қытай мемлекетіне де
кезек келді. Қытай мемлекеті
ежелгі мемлекеттердің бірі. Ол туралы
Қытайдағы арнайы тілшіміз осы мемлекет
турасында кеңінен тоқталып өтсін. Сөз кезегі өзіңізде Қытайдан келген тілшіміз 10 сынып оқушысы Орынбасарова Алтынай. (слайд видео)

Енді Франция туралы біліміңіз қандай деңгейде? Мүмкін, әлемге әйгілі Эйффель мұнарасын, Нотр – Дам – де – Пари шіркеуін, Енисей жазығы жайында бір кісідей білетін боларсыз. Дегенмен..... осы елдің кешелі – бүгінгі тарихы, дастархан мәзірі, атаулы мейрамдары, демалыс орындары туралы толық мағлұмат алып, өз танымдық деңгейіңізді көтергіңіз келе ме? Ендеше, назар салыңыз Франциядан арнайы тілшіміз 9 – сынып оқушысы Қуанышева Аяжан келіп отыр.
Құтқ Франция елі жайында мағлұмат береді."слайд видео)

Егер сіздің айналаңызда акула мен дельфиндер өріп жүрсе таң қалмаңыз. Сіз Индонезиядасыз. Бұл мемлекетке бара қалсаңыз мынадай кеңестерді біле жүргеніңіз жөн:
1. Іш ауруымен ауырмау үшін тек қана бөтелкедегі суды ішу керек.
2. Индонезияда ешкімді қолмен шұқып көрсетуге болмайды, Индонезиялықтың басынан нұқуға, болмаса жай сипауға да болмайды.

Осы және басқа да жаңалықтармен Индонезиядан келген тілшіміз 10 сынып оқушысы Телеуғалиев Ержан былай деп таныстырады. Индонезиядан келген тілшіміз Ержан сөз кезегі өзіңізде.
Телеуғалиев Ержан Индонезия елі жайында мағлұмат береді.

Келесі таныстырар мемлекетіміз Италия. Бұл Италияндықтар үш нәрсені қатты сүйеді. Олар: жылдамдығы жоғары автомобиль, футбол және опера. Басқа халықтармен салыстырғанда олар үшін опера өмірлерінің ажырамас бөлігі, олар операны байларға арналған ойын сауық деп санамайды. Италия туралы толығырақ білгіңіз келсе бізбен бірге болыңыздар. Сөз кезегі Италиядағы тілшіміз 11 - сынып оқушысы Сағынғалиев Төлегенге беріледі. (слайд видео)

Ендігі кезекте “Әлемнің” немесе “Дүниенің жеті кереметі” жайында айта кетсек деп отырмыз. Мұны оқушылар, сіздер түгілі үлкендер нақты біле бермейді. Бүгін осы жөнінде “кереметтердің” әрбірін өздеріңе таныстырып өтсек дейміз.
Кереметтерге тоқталсақ
1. Семирамида бағы
2. Артемида храмы
3. Құдайлардың үлкені Зевс храмы
4. Мавсол кесенесі
5. Гелиос мүсіні
6. Александрия мұнарасы
7. Египеттегі пирамидалар
Әлемнің жеті кереметін таныстыру 11 сынып оқушысы Қалыбаева Гүлімге беріледі.

Осымен “Әлемнен әдемілік іздесең.....” атты пресс конференциямыз өз шегіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Кездескенше күн жақсы. Сау болыңыздар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×