Сайтқа кіру Тіркелу

НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? (зияткерлік сайыс)

Сайыстың барысы:
1. Эвендер бұл аңды «амикан» деп атайды. Алтайлықтар ормандағы жүруі қиын жолдарды «кепчет», яғни ол жерден осы аңның да өте алмайтындығын білдіреді. Бұл қандай аң? Аю
2. Испанияның Кадис қаласында әйел құқығын шектейтін ерекше заң бар. Бұл затты пайдалану үшін олар әкімшіліктен рұқсат сұрап, полицияға тіркелуі керек. Осындай ереже әйел қолымен жасалған ірі банкты тонаудан кейін енгізілді.
Бұл не? Парик (жасанды шаш)
3. АҚШ – тың орталық аудандары мен Канаданың оңтүстігінде кішкентай сарышұнақ мекендейді. Оны ғалымдар ерекше туысқа жатқызады. Осы сарышұнақтың аты мен АҚШ – тың мемлекеттік рәміздерінің тарихына ортақ сын есімді ата? Он үш жолақты
4. Егер сізге батпақ су мен бұлақ суын ішуге таңдау жасау керек болса, әрине, сіз бұлақ суын таңдар едіңіз. XVI ғасырда кімдер таза батпақ суын ішу үшін қолданды? Неге? Теңізшілер. Батпақ суының құрамында табиғи антисептиктер болғандықтан ол ұзақ сақталады.
5. Тауық адамға пайдалы ет, жұмыртқа және қауырсын береді. Ал жапондықтар тауықты тарихтағы ұлы жаңалықтарды ашуға көмектесті деп санайды. Ол қандай жаңалықты ашуға көмектесті? Иероглифтер. Жапон аңызы бойынша тауықтың іздері иероглифтердің бастауы болған.
6. 1800 жылы Жапон теңіздеріне теңдессіз қымбат император фарфорлары тиелген кеме суға кеткен. 100 жылдан соң қымбат құмыралар балықшылардың көмегімен тұтас және сол қалпында табылған. Балықшылар осы еңбектері үшін көп ақшаға кенелген, ал олардың көмекшілеріне ақы төленбеген. Балықшылардың көмекшілерін атаңдар? Сегізаяқтар
7. Ерте кездерде ОНЫ бақытсыздық әкеледі деп санаған. Римдіктердің жек көргені сондай, күндізгі уақытта қаладан ұстап алса, өртеп, күлін суға шашқан. Қазіргі кезде ОҒАН деген көзқарас басқаша қалыптасқан. ОНЫҢ туысын біз тележұлдыз ретінде көреміз. ОНЫ ата? Жапалақ
8. Аңыз бойынша бұл өсімдікті эфиоптық бақташы Кадди байқаған. XV ғасырда ОЛ арабтарға, XVI ғасырда - Түркияға жеткен. Түріктер оны «ақыл мектебі» деп атаған. Европалықтар бұл өсімдіктен алынатын сусынмен XIII ғасырда танысқан. Ресей емшісі ОНЫ «тұмау мен бас ауруына» қарсы дәрі деп бағалаған. Осы сусынды ата? Кофе
9. Жауын – шашынның салдарынан Ніл өзені арнасынан тасып, флагеллат микроорганизімімен араласқан топырақты шаяды. Өзен суының ластануы балықтардың қырылуына және ОЛАРДЫҢ өзенді тастап кетуіне себеп болады. Осы жағдай египеттіктер үшін қолайсыздықтар туғызады. ОЛАРДЫ ата? Бақалар
10. Бұл өнім дәріханаларда алдымен бөтелкелеп сатылды. 1922 жылы Берлинде өнімді тарату үшін қол насосы арқылы жұмыс істейтін орталық ашылды. Бұл не? Бензин
11. Олардың өкпесінің сыйымдылығы 100 - 200 мл. Дыбыс күші 110 децибелге дейін жетіп, симфониялық оркестрдің музыкасын басып кетеді. Олар бұл дыбысты тоқтамастан бірнеше сағатқа дейін шығара алады. Нәресте
12. 18 тырнағы бар бұл жануарлар 13 - 20 жылға дейін өмір сүреді. Олар айналасын сұр түспен әртүрлі реңде көреді, ультрадыбыстарды естиді және 7 дауыссыз дыбыстарды в, г, м, к, о, ф, к шығара алады. Жануарды ата? Мысық
13. Канадалық ғалымдар тұт жібек көбелегіне басқа ағзаның генін енгізуді ойластырған. Бұдан кейін жұлдызқұрттың жібегі берігірек, серпімдірек болады. Бұл жібек бронкеудешесін (бронежилет) тігетін кевлар синтетикалық материалынан да сапалы болады. Ғалымдар тұт жібек көбелегіне қандай ағзаның генін енгізуді ойластырған? Өрмекші
14. Европалықтар алғаш рет бұл жануарды Гаитиға апарғанда, жергілікті тұрғындар оны «басында тісі бар шошқа» деп атаған. Жануарды ата. Сиыр
15. Поляк тілінде бұл сөз өнер адамдары деген мағынаны білдіреді. Биологияда тропиктік ормандарда кездесетін аурудың атын білдіреді. Малярия
16. Олар ерекше органикалық заттар. Адам олардың аз мөлшерін ғана пайдаланады. Олар ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Осы органикалық затты ата? Дәрумендер
17. Бұл азық – түлік түрі Батыс Еуропада алғаш рет танымал әйелдерге арналған ерін бояитын далап ретінде 200 жылға жуық қолданылды. XV ғасырда жарық шамдары үшін пайдаланылды. Соңғы 1500 жылда ғана тағам ретінде пайдаланылып келеді. Бұл тағамды ата? Сары май
18. Коми тілінде: «сил» — көз; «лыс» — қылқан деген мағынаны білдіреді. «Синлыс» сөзінің мағынасын тап. Кірпік
19. Николай Пирогов Кавказда әскерде жүрген кезде сынған мүшелерді емдеу кезінде ағаш тақтайлардан бас тартып, Онымен дайындалған таңу материалдарын пайдаланған. Николай Пирогов гипсті кейінірек қолданған. Н. Пироговтың бірінші және екінші суреті сіздерге жауап беруге көмек бола алады. Ал үшінші суреті – жоқ. Оны ата? Крахмал
20. Мемлекеттердің бөлінуіне әртүрлі себептер болады. АҚШ – ағылшындықтардың шай салығын ұлғайтқаны, ал Египет – түрік сұлтанының жалақыны аз төлегендіктен бөлінген мемлекеттер. Қай мемлекет ұзақ және қатты тропиктік циклонның нәтижесінде пайда болды? Бангладеш. Ол - Пәкстан мемлекетінің құрамында болған. Тропиктік циклоннан және су тасқынынан зардап шеккендерге Пәкстан үкіметі көмек беруден бас тартқан. Революция нәтижесінде Бангладеш дара мемлекет болып қалыптасты.
21. Австралияда Рождество және Жаңа Жыл мерекелері жаз мезгіліне келеді. Соған сай Санта – Клауста жеңіл киінеді. Бірақ Санта – Клаустың міндетті түрде киюі керек қыс киімін ата? Пима
22. Мадридтегі балауыз бейнелер мұражайында тек төрт футболист қана: Самора, Пеле, Телмо Сарра және Рауль Гонсалес мүсіндері болды. Бұл мұражайға орналасқан бесінші футболисті ата. Зидан
23. Италияның сауда флотының туында кітап ұстаған арыстан бейнеленген. Мемлекеттің әскери – теңіз флотының туында арыстанның оң жағында кітап, ал сол жағында не бейнеленген? Қылыш
24. Кактус шөлді жерге бейімделуіне байланысты тікенекті болады. Алайда тікенектерін елемей қоректенетін жануарлар да кездеседі. Олар бөкендер мен бизондар. Олар қалай коректенеді? Олар аузын кактус тікенегі жырмас үшін, басқа бір өсімдіктің қалың жапырағын тістеп алып, кактустың тікенегі аздау жерін байқап отырып, жұлып жейді.
25. Бозқараған...
Көрдің бе бозқараған?
Сирень исі аңқиды боздаладан.
Бозқараған – тікенек, тікенге өскен,
Сирень гүлін ешкімде қозғамаған.
Соның аты біздіңше бозқараған,
Қарасаздың тоғайы – сайран бағы,
Сайран бағын неліктен ойрандаған.
Бозқараған гүлін алып хатқа салып,
Жіберуші ек туысқа майдандағы. (М. Мақатаев)
26. Бұл өсімдік көгілдір аспандай, аппақ қардай, күннің алтын сәулесіндей түске еніп құлпырады. Бұл елдің ақындары өздерінің ең нәзік өлеңдерін соған арнайды, ал суретшілері оның шілтерлі гүлінен ою - өрнек жасайды. Осы өрнектермен қолшатырды, желқағарды, матаны және шымылдық перделерді жиі әшекейлейді. Туристер әрқашан осы өсімдіктің гүлдеуін асыға күтеді. Бұл қандай өсімдік? Сакура – жапон – шиесі
27. Сырғалы бұтағынан гүл төгілген,
Өркені – жібек шашақ күлтеленген.
Қойғандай кеше тігіп ақ жібекке,
Теңбілін таңқалады адам көрген. Д. Әлімжанов. Қайың
28. Профессор П. И. Мариковский бүйі уының ағзаға қаншалықты әсер ететінін зерттеген. Ол алғашқы тәжірибесінде 6 бүйінің жинақталған уы ғана 1 тышқанды өлтіруге жетеді. Ал біраз уақыттан соң 2 бүйінің уы тышқанды өлтіруге жететіндігін анықтады. Профессор тәжірибесінде неге екі түрлі жағдай анықталды. Бүйінің адамға қауіптілігін ол қалай дәлелдеді? жыл мезгілдеріне байланысты, аяғының ортаңғы башпайын бүйіге шаққызған
29. Бұдан екі ғасыр бұрын Еуропа халықтары Орта Азияның шөлдерінде «Оңтүстік қарағайы» өседі деп қате пікірде болған. Бұл пікірдің қалыптасуына 1700 жылдары Қазақстанға саяхат жасаған И. Фольк деген ғалым себепші болды. Бірақ ботаник В. Леонтьев бұл пікірді теріске шығарды. «Оңтүстік қарағай» деп аталған өсімдікті ата? сексеуіл
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×