Сайтқа кіру Тіркелу

Гидросфера (6 сынып)

Сынып: 6
Пән: физикалық география
Сабақтың тақырыбы: «Гидросфера» тарауы бойынша қорытынды сабағы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың «Гидросфера» тарау бойынша алған білімдерін жүйелеп қорыту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, шапшаң ойлауын, өз беттерімен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелілік: Суды қорғауға және табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: модульдік технологияның әдіс - тәсілдері.
Пән аралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: слайд, жарты шарлар картасы, атластар, кескін карталар, оқулық, дәптер, суреттер, кестелер.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ойын сабағының шартымен таныстыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі
«Су – тіршілік бастауы» демекші. Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар оны тіршілік нәрі деп түсінген. Су бермеу, судан тарықтыру ең үлкен қылмыс деп саналған. Сондықтан жолаушылап келген адамға сусын берген. Қазақ халқы « Ей шырағым, ағып жатқан суды тегін деме, судың да сұрау бар» деген екен. Адамзат өте ертеден - ақ суға табынған.
Бүгінгі сабақта біз «Гидросфера» тарау бойынша білімдерімізді бекітеміз.

1.«Сиқырлы сандықша» ойыны
Сандықшада 1, 2, 3 сандармен белгіленген сұрақтар болады.
1 ұпай – Су дегеніміз не?
1 ұпай – Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
2 ұпай – Қандай жағдайда су бір күйден екінші күйде кездеседі?
2 ұпай – Жер бетіндегі тіршілік үшін судың маңызы қандай?
3 ұпай – Неліктен өзендер суы таусылып қалмайды?
3 ұпай – Көптеген өзендер көлдер мен теңіздерге келіп құяды?
Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді.

2.«Кім жылдам» ойыны кестені толтыру
Мұхиттың аты Бөліктері Ең терең жері (м)

3. «Семинарлық сабақ» ойыны
Екі топ алдын-ала тақырып бойынша қосымша материалдар дайындайды, жинаған материалдарды жариялайды.
1 топ - Мұхит суының температурасы
2 топ – Мұхит суының тұздылығы

4.«Қазымыр оқушы» ойыны
1. «Мұхит суының қозғалысы» тақырып бойынша
Оқушылар осы тақырып бойынша сұрақтар құрастырады.
Кім көп сұрақ құраса, сол жеңіске жетеді!
Мысалы:
1. Толқындардың пайда болу себептері қандай?
2. Цунами толқындары қалай пайда болады?
3. Жер шарының қандай аймақтарында цунами жиі қайталанады және неліктен?

5. «Бір - бірін тексеру» ойыны
«Мұхит суының ағыстары» тақырып бойынша.
Кескін картада мұхит ағыстарын белгілеу барлық оқушылар жеке жұмыс жасайды. Сосын бір – бірін тексереді.

Ағыстар:
1. Гольфстрим ағысы
2. Солтүстік Атлант ағысы
3. Куросио ағысы
4. Лабрадор ағысы
5. Солтүстік Тынық мұхит ағысы
6. Перу ағысы
7. Бразилия ағысы
8. Солтүстік пассат ағысы
9. Оңтүстік пассат ағысы
10. Шығыс Аустралия ағысы

6. «Суретші» ойыны
Дәптерге өзен жүйесінің суретін салыңдар, оның бөліктерін көрсетілген сандармен белгілендер.
1 – бастауы, 2 – құяр сағасы, 3 - оң жақ саласы, 4 - сол жақ саласы.
Кескін картаға мына өзендерді түсіріңдер: Есіл, Ертіс, Амазонка, Конго, Ніл.

7. Көркем әдебиетші.
Қазақ халқының суды қадірлегені, қасиеттегені, аса жоғары бағалағаны оның ауыз әдебиет үлгілерінен, ақын - жазушылардың шығармаларынан айқын көрінеді:
Мысалы: Махамбет Өтемісұлының мына өлеңі
Шырылдап ұшқан қасқалдақ,
Көлінде жатып көркеймес,
Ортайса көлдің қоғасы.
Суда жүзден нән балық
Шағала құсқа жем болар,
Үзілсе көлдің сағасы.
Осы өлеңнің мәнін түсіндіріңдер.

Кескін картаға мына көлдерді түсіріңдер: Байқал, Арал, Каспий, Балқаш, Ыстықкөл

7. «Жоба жасау» ойыны
Қазақ халқында суды қорламауға, қадірлеу жөнінде көптеген нақыл сөздер бар.
Мысалы: суды сабама, бұлақты лайлама, суға түкірме, қоқыс - күлді судың басынан аулақ төк.
«Суды қорғау – әр адамның міндеті» тақырыбында жоба.
Жобаның барысы:
1. Мақсат
2. Әрекет
3. Құрал
4. Уақыт
5. Нәтиже
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Ватманға жобаны құрастырады. Әр топ жобаны қорғайды.

7. «Номеклатура» ойыны географиялық нысандарды картадан көрсетіңдер
І топ
1. Қара теңіз
2. Жерорта теңізі
3. Бисқай шығанағы
4. Гибралтар бұғазы
5. Магеллан бұғазы
6. Арабия түбегі
7. Лабрадор ағысы
8. Волга өзені
9. Ніл өзені
10. Байкал көлі

ІІ топ.
1. Балтық теңізі
2. Қызыл теңіз
3. Мексика шығанағы
4. Беринг бұғазы
5. Дрейк бұғазы
6. Лабрадор түбегі
7. Гольфстрим ағысы
8. Енисей өзені
9. Амазонка өзені
10. Каспий көлі

8. Дәптермен жұмыс.
Мұздық дегеніміз...
Мұздықтардың қандай түрлері бар?....
Мұздықтардың маңызы туралы айтыңдар....

Үйге тапсырма: қайталау. «Су – тіршілік көзі» эссе жазу
Оқушыларды бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №1

Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №1

1. «ДЖ. Су айналым. Мұхит» 2. Ауыз суды тазалау, Судың маңызы 3. Мұхиттар 4. Теңіздер мен көлдер 5. Судың тірі ағзалар үшін маңызы және оны қорғау...
Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны   қорғау

Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау

Су қоймалары және құрлық сулары олардың маңызы орналасу жағдайлары жайлы толық мәлімет беру және оларды қорғау жолдарын түсіндіру...
Гидросфера - Су айналымы жайлы ұғым

Гидросфера - Су айналымы жайлы ұғым

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің география пәні мұғалімі Сейдалимова Жұлдыз Нурбақытовна...
Гидросфера әлеміне саяхат

Гидросфера әлеміне саяхат

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек арнайы негізгі орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Байдосова Гульнар Абуталиповна...
Суды қорғау

Суды қорғау

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Комсомол жалпы орта мектебінің мұғалімі: Есенбаева Зинура...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×