Шешендік сөздер: Бір сөзден тұратын өсиет
Шебер шешім, көркем сөздерімен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас - жораларын ертіп, өзінің даналық тапқырлық сөзімен мәлім Әнет бабаға салем беріп, кәрі құлақты қариядан тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, тағылым алады екен. Бірде сол әдетімен Әнет бабаның үйіне келіп түседі. Қарт бұрынғыдан әжептәуір қартайып қалса да, сыр білдірмейді. Қазыбектің жора - жолдастарын, өзін жақсы қарсы алып, мал сойғызып қазан көтертеді. Сол ауыл маңындағы қариялар, жайсаңдар жиналып әңгіме - дүкен құрады. Ертеңіне Қазыбек жол жүруге қам жасап, сапар алдында Әнет бабаға бір ауыз өсиет айтып беруін өтініпті. Бірақ Әнет баба: "Қазыбекжан - ай, жасы келіп, қартайған, қасынан жар тайған, басынан мал тайған адамнан не кеңес, не өсиет сұрайсың?",- деп ештеңе айтқысы келмейді. Бірақ бірбеткей Қазыбек шешен Әнет бабаның бір ауыз өсиетін тыңдамай еш жаққа кетпейтінін білдіреді. Сонда Әнет баба Қазыбектің бұл қылығына күле қарап: "Болмадың ғой, айтайын", - деп сәл ойланып, —"Әкім" деген сөзді жадыңда сақта "депті. Қазыбек шешен Әнет бабаға алғысын білдіріп, жора - жолдастарын қасына ертіп, еліне қайтады. Ол жол - жөнекей өзімен еріп келе жатқан нөкерлерінен: "Әнет бабаның қандай өсиет айтқанын ұқтыңдар ма?" - дейді. Бірақ бұл сұрағына ешкім үндемейді. Сонда қаз дауысты Қазыбек Әнет бабаның айтқан өсиетін былай шешіпті: — "Ә"дегені — әділ бол, — "К" дегені — күншіл болма, көпшіл бол, — "І" дегені — ілтипатты бол, — "М" дегені — менмен болма, мейірбан бол, - дегені. Сонда Қазыбектің жолдастары Әнет баба мен Қазыбек бидің жан - дүниелерінің тереңдіктеріне, бірін - бірі түсінген үндестіктеріне сүйсініп, таңқалысыпты. Сөйтіп Әнет бабаның бір сөзден тұратын өсиеті ел арасында кең тарап, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жетіпті.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шешендік сөздер: Бір сөзден тұратын өсиет
- ramuk_b
- 19 қаңтар 2025
- 7
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шешендік сөздер, Қазыбек шешен, Әнет баба, Әнет бабаның бір сөзден тұратын өсиеті
Ұқсас жаңалықтар:
Шешендік сөздер: Алыста не алыс?
Байдалы қартайып үйден шықпай, күндіз - түні төсекте жататын болды дегенді естіп Мұса мырза іздеп келіпті. Байдалы шешен қараша үйінде бөстекке...Шешендік сөздер: Әйтеке би деген екен...
Әйтеке би бір жылдары құн даулап, ұлы жүзге келеді. Төлде би Әйтеке биді қарсы алып тұрып. - Биеке, жол болсын,- дейді....Бай адамның ұлына айтқан өсиеті
Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып: – Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп өсиет айтыпты....Бір сөзден тұратын өсиет
Шебер шешім, көркем сөздерімен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас - жораларын ертіп, өзінің даналық тапқырлық сөзімен...Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Ашық сабақтың тақырыбы: Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.