Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Албасты
Албасты – су тылсымына байланысты әзәзіл пері. Албастылар өзен - көлдердің маңайын мекен етіп, ақ шашы жалбыраған, емшегі арқасынан асып салбыраған ұсқынсыз әйел кейпінде көрінеді. Әдетте, ол жағалауда жайбарақат шашын тарап отырады.
Албастылар жансыз заттар мен жануарлар кейпіне енеді деген нанымдар бар. Кейде көпене (үйілген шөп), ағаш немесе арбаға айнала қояды. Олардың аяқтары теріс қараған, құс табан немесе тұяқты болып келеді. Кейбіреулерінің маңдайында жалғыз көзі, тас немесе қызыл жез мұрны, қолдарында өткір тырнақтары бар. Ең қаскүнем зиянкес албастылар қара, қалғандары сары болады. Олардың қолында әрқашан да сиқыры кітап, тарақ, күміс теңге жүреді. Албастының күйеуі – әзәзіл Теміртөс сайтан. Ол – орманды мекендейтін пері.
Албастылар адамның түсіне еніп, шошытып, аурға шалдықтырады. Әсіресе жас босанған әйелдер мен жаңа туған сәбилерге өш. Ол жас босанған әйелдің жүрегі мен өкпесін ұрлап алып, суға жүгіреді екен. Оларды суға салса, әйел өліп қалатын көрінеді.
Албасты – өз құрбандарының қанын ішетін қансорғыш. Жылқыны жақсы көреді, түнде мініп, жалдарын шимай - шатпақ қылып өріп тастайды. Албасты жалғызілікті адаммен немесе аңшылармен бірге тұрып, оларға сәттілік әкеледі, өзінің сүтін ішкізіп, қабырғасынан кесіп алған етін жегізеді.
Адам албастыны бағындыруы үшін оның үстінен бір тал қылшығын немесе бір затын, сиқырлы кітабын, тарағын не болмаса теңгесін қолына түсіруі керек. Сондай - ақ оған айтқанын істеткізу үшін киіміне ине шаншыса да болады, сонда адам не қаласа, албасты соны орындайды.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Албасты
- ramuk_b
- 7 қазан 2024
- 230
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Албасты, Албастылар туралы аңыз, ертегі
Ұқсас жаңалықтар:
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Шимұрын
Егер жолаушы жалғыз өзі қалың жыныс орман мен қиын асулы тауда немесе қараңғы түнде елсіз жапанда ұзақ жол жүрсе, Шимұрын шайтанның қолынан мерт...Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Көнаяқ – орман перісі
Ит мұрыны өтпес ормандарда, көнерген тау соқпақтарында, адам аяғы сирекбасатын ми батпақтар арасында жауыз орман перісі – Көнаяқ тіршілік етеді....«Алтын адам» туралы миф
Баяғы замандарда Тәңірге құрбандыққа адамдарды шалған. Оның өзінде кінәратсыз жас жігіттер мен қыздарды таңдап алған....Еркіліктің он сегіз тозағы
Үлкен Тәңір Еркілікті жер астына айдап түсіргеннен кейін Үш Құрбыстан оған өлгендердің жандарын сотқа тартып, жазалауды тапсырды. Осылайша, барлық...Ашына атауы
Әбілет пен Тәбілеттің алғаш туған баласы Ібіліс екен. Онан кейін Ашына деген қызды туыпты. Артынша Дию мен Жын деген егіз баласы дүниеге келіпті...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.