Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
ХІХ ғасырда Інжілді зерттеген неміс ғалымдары бес тәураттық кітап – «Болмыс», «Шығу», «Левит», «Сандар» және «Қайталанған заңның» - төрт дереккөзін ажыратып алуға мүмкіндік беретін сыни әдіс жасап шығарады. Б. д. д. бесінші ғасырда бұл мәтіндер толықтырылып, Бес кітапты құрайды. Неміс ғалымдарының ойлары қатал сынға ұшырады, алайда Бес кітаптың неліктен қарам - қайшы болып келуі; онда, мәселен, әлемнің жаратылысы немесе бүкіл әлемдік топан сынды маңызды оқиғалар туралы бір - біріне ұқсамайтын бірнеше хикаялардың болу себептерін түсіндіретін, басқа шынайы теорияны әлі ешкім ұсынған жоқ. «Болмыс» пен «Шығу» мәтіндерін құраған Інжілдің ең алғашқы екі авторы оларды б. д. д. VII ғ. тіпті одан да ертеректе жазған болулары керек. Біреуін J деп белгілеу қабылданған, өйткені ол Құдайын «Яхве» деп атаған, екіншісін Е деген, өйткені ол өзіне ең салмақты «Элохим» атын алуды дұрыс деп тапқан. Б. д. д. сегізінші ғасырда израилдықтар Ханаанды екі патшалыққа бөледі. J оңтүстікте, Иудеяда өмір сүреді, ал Е олтүстік патшалық, Израилдан келеді. Бес кітаптың басқа екі қайнар көзі – авторларын «Қайталанған заң» (D) мен «Шіркеу қызметкері» (Р) деп атау қабылданған Израилдың көне тарихының жылнамаларын келесі тарауда талдайтын боламыз.
J мен Е - нің өздерінің таяушығыстық көршілерінің діни көзқарастарын бөліскендеріне оңай көз жеткізуге болады. Олардың баяндауынша, б. д. д. VIII ғ. басында - ақ израилдықтар ерекше дүниетаным қалыптастырады. Мәселен, J өзінің Құдай баянын «Энум Элиш» нұсқасымен салыстырғанда, қарапайым суреттеуден бастайды:
«... Құдай (Яхве) аспан мен жерді жаратқанда, жер бетінде әлі жоқ дала бұтасын, әлі өсіп шықпаған далалық шөпті жаратқанда; Құдай (Яхве) жерге жаңбыр жібермей тұрған - ды, жерді өңдейтін адам да болмады; бірақ жерден бу көтерілді және жердегінің барлығын суарды.
Құдай (Яхве) адамды топырақтан жаратты да, оның жүзіне өмір демін үрледі, осылай адам тірі жанға айналды».
Бұл мүлде жаңа көзқарас болды. Месопотамия мен Ханаанның пұтқа табынушылары әлемнің жаратылысына және тарихқа дейінгі кезеңге мән берсе, J әдеттегі тарихи уақытқа ден қояды. Жалпы айтар болсақ, Израилда әлемнің жаратылысы барысына деген қызығушылық б. д. д. VI ғ. дейін болмаған, бұл кезде Р деп белгіленген автор «Болмыс Кітабының» бірінші таракуына арқау болған таңғаларлық әңгімесун жазады. J, атап айтқанда, Яхве – аспан мен жерді жаратқан жалғыз Құдай деп тұжырымдайды. Ескере кететін тағы бір нәрсе, адамилық пен құдайлық арасындағы шекара айқындығы: адам өзінің Құдайы жаралған заттан емес, топырақтан (адамах) жаралған.
Көршілес пұтқа табынушылардан айырмашылығы, J адамзат тарихын құдайлардың қасиетті де мәңгі дәуірімен салыстырғанда, оларды дүниеге жақын, ұсақ және мәнсіз деп есептемейді. Ол тарихқа дейінгі оқиғаларды жинақы түрде баяндайды және ақыры Израил халқының тарихына өткенде, мифтік дәуірдің аяқталуын (Топан және Бабыл мұнарасы жайлы сюжет) суреттеуге асығады. Ол он екінші тарауда күтпеген жерден басталады, кейін Ибраһим («баршаның әкесі») деген кісіге Яхве Харрандағы (қазіргі Шығыс Түркия) туыстарын тастап, Ханаанға, Жерорта теңізіне баруға бұйырады. Бұдан бұрын ибраһимнің әкесі – пұтқа табынушы Фарраның отбасымен Урдан батысқа қоныс аударғаны туралы айтылады. Сол кезде Яхве Ибраһимге оның ерекше міндетін білдіреді: оған болашақта саны аспандағы жұлдыздардан асатын және бүкіл Ханаан жерін өз жеріндей билейтін қуатты халықтың әкесі болу жазылғаны айтылады.
J - дің Ибраһим туралы әңгімесі осы Құдайдың кейінгі бүкіл тарихына ықпал етеді. Ежелгі дәуірде құдайлық мана Таяу Шығыста салттар мен мифтерде сезілетін болған. Ешкім де мардук, Ваал немесе Анат діндарлардың жербетілік күнделікті өміріне араласа бастайды деп болжай алмады, олар өз әрекеттерін тек ерекше, қасиетті дәуірде жүзеге асыратын. Керісінше, Израил Құдайы кәдуілгі әлемнің ағымдағы оқиғаларында ықпалды күшке ие болып, «осы жерде және тап қазірдің» айқындаушы факторына айналды. Алғашқы ашық көрінуінде - ақ Ол Өз еркін былайша білдірді: ибраһим туыстарын тастап, Ханаан жеріне кетуі керек. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
- ramuk_b
- 2 ақпан 2022
- 2595
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ХІХ ғасыр, Інжілді зерттеген неміс ғалымдары, аңыз әңгімелер
Ұқсас жаңалықтар:
Құдайтану баяны: Әуелгіде
Жаңа құдайлар бір - бірінен жұбымен пайда болды және құдайлық эволюция барысында әрқайсысы айқынырақ кейіпке ене бастады. Алғашқы болып Лахму және...Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Шығудың б. д. д. V ғасырда қалыптасқан соңғы мәтінінде Құдай Синай тауында Мұсамен одақ немесе шарт жасасқаны айтылған (бұл шамамен б. д. д. 1200...Құдайтану баяны: Әуелгіде
Пұтқа табынушылар ортасында адамды құрбандыққа шалу әдеттегі іс болатын; оның өзінше логикалық түсіндірмесі де бар еді. Көп жағдайда отбасындағы...Тіл қашан пайда болды?
Әлбетте, Адам атаның жаратыла салысымен сөйлегенін білеміз. Өйткені Адам атаға бірден мынадай тапсырма берілді: «Жаратқан Ие топырақтан түрлі...Тяран-Мызықайды сәуегейлігі
Жалмауыз аждаһаны жеңген Тяран - Мызықайдың кейпі адам тәріздес болып, жер бетін шарлап жүргенімен, оның кім екенін, қайдан келгенін ешкім білмеген....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.