Күй аңызы
Бұлбұлдың құрғыры
1860 жылдардың басында қызылқұрт, ноғай руларын Дәулеткерей билейді. Әкесі Шығай болғанымен, Дәулеткерей ел билеу жұмысын жақсы көрмейді. Тек «ата заңы» бойынша аз уақыт бұл дәрежеге ие болады. Бірақ Дәулеткерейдің бұл руларды билеуі Құрманғазыға жаман тимейді, өйткені осы жылдарда екі күйші танысады. Бірі — Исатайға бүйрегі бұрған, қызылқұрттан шыққан Құрманғазы, бірі — Бөкейдің кіші інісі Шығайдан туған төре Дәулеткерей болып кездесіп, өмір жағдайында көзқарастары алшақ жатқанымен, оларды жақындастыратын үлкен күш пайда болады. Ол күш — өнер күші, күй күші болып шығады. Бірінші көріскенде бір - біріне қоңыр салқын болғанымен, аз уақытта - ақ бейтаныстық мұз еріп, екі күйші жалпы тілді тез тауып кетеді. Олай дейтініміз — Құрманғазы отырған, жүрген жерлерінде үнемі Исатайдың, Махамбеттің әңгімелерін көп айтады. Қалай дегенде ондай әңгімелер Дәулеткерейге ұнай бермейді. Бірақ кейін Дәулеткерейдің қитығына тие бермейін деп, Құрманғазы ол отырған жерде «бас жаққа» бара бермейді.
Қызылқұрттың жер дауымен бір күні жақсы көретін шәкіртінің бірі Көкбаланы алып, Бапастың (Дәулеткерейдің) ауылына келеді, Бапас би күйшіні жақсы қарсы алады. Құрманғазының келген жұмысын бітіріп, қызылқұрттың пайдасына мәселені шешіп береді. Әуелі Бапас бір күй тартады. Күй Құрманғазыға қатты ұнайды. «Мынау не деген күй еді, тым сайрап тұр екен?» дейді Құрманғазы. Бапас күйдің атының «Бұлбұл» екенін айтады. Құрманғазы сол арада бір күй тартады. Енді күйдің атының не екенін Бапас сұрайды. Құрманғазы: «Бұл менің бұлбұлым еді» дейді. Сонда Бапас тұрып: «Жоқ, аға, мынау бұлбұл емес, бұлбұлдың құрғыры ғой», — дейді. Содан келіп бұл күй «Бұлбұлдың құрғыры» атанып кетеді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Бұлбұлдың құрғыры
- ramuk_b
- 5 қыркүйек 2021
- 1976
- 0
- 0
Ілмек сөздер: күй аңызы әңгімесі, күйдің шығу тарихы, Дәулеткерей
Ұқсас жаңалықтар:
Күй аңызы: АҚБАЙ
Ақбайдың Әубәкірі Құрманғазының торы аты жөнінде хабар естиді. Торының құнан күнінде - ақ бәйге бермегенін жеткізушілер үлкейтіңкіреп аңызға...Бұқтым-бұқтым
Жәлел ауылына жалғасотыратын бір байдың жылқысынан екі атты ұстап алып, бірін мініп, бірін жетелеп, Құрманғазы Әуесті алып кеткен солдаттарды қуады....Қазақ халқының күйшілері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлы күйшілердің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, тақырып аясында еркін сөйлей білуге жағдай жасау, білімдерін...Қазақтың музыкалық аспаптары
Сабақтың мақсаты: 1. Музыкалық аспаптарының түрлерімен таныстыру. 2. Оқушыларды аспапқа деген қызығушылығын арттырып, техникасын арттыру....Күй тартыстың мәні
Сабақтың тақырыбы: Күй тартыстың мәні Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Күй тартыс туралы мағлұмат беру, күй тартыс түрлерімен таныстыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.