Оқу құралдары хикаясы (ертегі)
Биыл Жанатбек бірінші сыныпқа барады. Анасы оған оқу құралдарын сатып әперді. Жаңа сөмке, қызыл қапты әдемі қаламсауыты болды. Дәптерді әкелген күні - ақ шимайлап сурет салып тастады. Анасы оған ұрысып еді, атасы:
- Жанатжан кішкентай ғой. Қайдан білсін? - деді қорғаштап.
Түн болды. Бәрі ұйқыға кетті. Оқу құралдары үстел үстінде қалды. Қалам шимайланған Дәптерді мазақ етіп күлді. Дәптер жылап қоя берді.
Қаламсауыт:
- Біздің иеміз оған сурет салды ма?
- Салды! - деді бәрі хормен.
- Салса, немен салды? - деді Қаламсауыт.
- Қаламмен! - деді Қалам.
- Ендеше Дәптердің жауы сенсің! - деді Қаламсауыт.
- Қарындаш пен Қалам Қаламсауытта жатады. Қаламсауыт болмаса Қарындаш пен Қалам жоғалады. Мен оларды өшіремін, - деді Өшіргіш.
- Мен болмасам, сен де жоғаласың, - деді Қаламсауыт.
- Сенің досың - Кітап. Ал иеміз оны алған жоқ. Сондықтан сенің сөзіңді жақтайтын жанашыр да жоқ, — деді Қалам. Сөйтіп, Дәптерге бәрі үстемдік көрсетті.
Таң атты. Бүгін Жанатбек мектепке барады. Ол өте қуанышты еді. Жанатбек киініп, оңу құралдарын салған сөмкесін алып, атасымен мектепке келді. Мұғалімдермен танысты. Мұғалім балаларға кітап таратты. Жанатбек кітаптарды сөмкесіне салды. Кітаптар Қаламсауытты басып қалды. Дәптер оған күлді. Кітап:
- Дәптер, сен неге күлесің?
Дәптер кешегі оқиғаны баяндады. Кітап өзінің олардан ақылдылығын көрсетіп:
- Сендер, бәрің бір адамның затысыңдар. Біріңмен бірің байланыстысыңдар. Дәптерге жазу - сызу үшін қалам, қарындаш керек. Керек емес сызықты өшіруге өшіргіш керек. Біз барлығымыз оқу құралдарымыз. Иеміздің жақсы оқушы болуына бірлесіп көмек берейік, - деді.
Кітаптың ақылын бәрі мақұлдап, енді бір - бірін тыңдап, тату болуға келісті. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген осы.
А. Хамзаұлы
Оқу құралдары хикаясы
- ramuk_b
- 10 қазан 2019
- 6257
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Оқу құралдары хикаясы ертегісі, Оқу құралдары хикаясы, ертегі
Ұқсас жаңалықтар:
Нан қайдан келеді? ертегі
Бір күні Тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреге жаңа піскен сап - сары бөлкелер үйіліп түр екен. Піскен нан иісіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр...Мектепте не үйренеміз?
Балалардың бойында білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқу құралдары туралы түсінік беру. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу....Оқу құралдары хикаясы
Балалардың бойында білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқу құралдары туралы түсінік беру. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу....Математикадан 1-сыныпқа арналған тапсырмалар
Математикадан 1 - сыныпқа арналған кеспелер 1. Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?...Тәрбие сағаты "Балаға жылулық сыйла"
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.