Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен. Олардың ауыз десе аузы, күндей жарқыраған көзі бар. Дүниенің сұлулығын өздеріне дарытқан сұлу қыздары болыпты.
Анасы жақсы тәрбие беріпті, Үлкен қызының аты «Көктем». Ол ақ жарқын, мінезі нәзік. Екінші қыз «Жаз» жарқырап, жайдарлы, әр уақытта күлімдеп, нұрын шашып жүреді. Үшінші қызы «Күз» басқа қыздарға қарағанда жылауық, жаңбырлы болады, бірақ қолы ашық мырза екен. Ал кіші қызы «Қыс» басқа қыздарына қарағанда салқын, қаталдау.
Қыздары бой жетіп, саналы да салмақты қыз болып өсіпті. Осы қыздарын домалақ ана өздерінің құтты орындарына қондырыпты.
Үлкен қызы арыстай үш ұл туып, үшеуі де ел қорғаған батыр болыпты.
Екінші қызы үш қыз туып үшеуі де адамзатқа жан жылуын сыйлай білетін мейірімді қыздар атаныпты.
Үшінші қызы жаздай жайдарлы үш қызды дүниеге әкеліпті.
Төртінші қызы берекесі мен ырысы мол, қолдары ашық, келген қонақты қадір тұтатын, қонақжай үш қыз өсіріпті.
Осы төрт қыздан өрбіген ұрпақтары елге, халыққа пайдасын тигізіп, ел аузында аттары аңызға айналыпты. Олар жылдың төрт мезгілі мен он екі айы екен.
Жыл мезгілдері
- ramuk_b
- 18 наурыз 2019
- 2636
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жыл мезгілдері, жыл мезгілдері туралы ертегілер, ертегілер
Ұқсас жаңалықтар:
Ақтентек
Қызы едің Ақтентектің шұға мақпал, Әржерде сабырлы ерді тәңрім сақтар. Көңілің бір-біріңнен болса асыл, Ауылын сұлу қыздың жігіт жақтар....Қазақ қызы
Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары, жаны жаздай жәйраңдаған. «Қыз өссе - елдің көркі...» деген сөзді Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!...Қызы бар жалғыз үйде жеке жатқан
Қызы бар жалғыз үйде жеке жатқан, Он сомдық ылғи алтын шолпы таққан. Білімсіз көп наданның бірі бұ да, Несі артық бояп койған қуыршақтан?...Домалақ ана
Домалақ ана (Нұрила) Түркістан қаласында Қаратау, Балабөген өзенінің жағасында жерленген, есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық...Күз мезгілі
Семей қаласы, Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Оразбекова М.Т....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.