Халық емі: Өт шаятын шай
Жүгері шашағы. Тұнба дайындау үшін Термосқа жарты литр қайнаған су құйып, оған 3 шай қасық жүгері шашағын салады. Жарты сағат тұндыру керек. Дайын болған тұнбаға бірдей пропорцияда су (қайнаған) құйып, тамақтан 30 минут бұрын 1 стаканнан ішеді.
Қызылша шырыны. Қызылшаны шала піскенше суға қайнатып алыңыз. Сосын үккіштен өткізіп, дәкеге салып, шырынын сығып алады. Емдік мақсатта шырынды күніне 4 - 5 рет, астан бұрын 2 ас қасық мөлшерінде қабылдайды.
Жалбыз жапырағы. Өт қызметін қалыпқа келтіруде жалбыз жапырағынан дайындалған шайдың көмегі күшті. Ол жүрек айну мен оң жақ бүйірдегі ауырлықты да жояды. Жапырақтарды суға салып қайнатып, дайын болған шайды күніне 2 - 3 стаканнан қант қоспай ішу керек.
Өсімдік майы. Жарты стакан рафинадталған майды қыздырып, жылы күйінде ішіп, оң бүйірмен жатыңыз. Қабырғаңыздың астына қыздырғыш қою маңызды. Одан кейін сұйық сорпа, жылы шай ішу керек.
Бақбақ тұнбасы. Кептірілген бақбақ гүлін майдалап турап, баяу отта 20 минут қайнатады. Оны жылы күйінде күніне 3 рет, жарты стаканнан ішеді.
Алма шырыны. Жасыл сұрыпты алмадан дайындалған табиғи, химикатсыз шырынды бір айы бойы үзіліссіз, күніне 3 рет жарты стаканнан ішу керек.
Халық емі: Өт шаятын шай
- ramuk_b
- 27 наурыз 2025
- 112
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өт шаятын шай туралы, халық медицинасы, жүгері шашағы тұнбасы
Ұқсас жаңалықтар:

Қан тазарта аламыз ба?
Адам ағзасының тін аралығындағы қоректер, түссіз сұйық зат (лимфа) қатарындағы пайдалы сұйықтықтың бірі – қан. Оның негізгі атқаратын қызметі – тыныс...
Қан тамырын тазалайтын тұнбалар
Таза бал мен даршын (корица) ұнтағын тең мөлшерде араластырып, емдік тосап әзірлеңіз. Оны күнделікті таңертең нанға жағып жеуді әдетке айналдырсаңыз,...
Ұйқы безі қабынғанда не істеу қажет?
Ащы ермен, түймедақ гүлі, трифол жапырағының ұнтақтарынан бір ас қасықтан алып, жарты литр қайнаған суға салып, шай етіп демдейді....
Қанды тазартатын төрт тұнба
2 литр суға 30 грамм кептірілген қырмызыгүл (календула) мен бүрген (калина) ұнтағын салып, отқа қоясыз. Қақпағын мықтап жауып, баяу отта 3 минут...
Қан қысымы төмендегенде
Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.