Жөтелді тез кетіргіңіз келе ме?
Суықтап, тұмауратып ауырған кезде қолданылатын халықтық ем әдістері көп. Солардың бірқатары мынадай:
1. Бал қосылған ыстық су. Ыдыстағы 150 грамм балға (3 ас қасық) 150 грамм құмшекер, 1 литр су қосып, 20 минут орташа жанған отта қайнатады. Көбігін алып тұру керек. Сосын оған 8 - 10 дана қалампыр, 1 шай қасық уатылған даршын, 1 - 2 лавр жапырағын қосып, бір ретте 0, 5 литрден, ыстықтай ішу керек.
2. Орташа 15 - 18 пияз қабығының үстінен 1 литрмұздай су құйып, қайнатып алу керек. Баяу отта ұстай отырып, судың жартысы жоғалғанша ұстайды. Сосын толық суытып, сүзіп алады. Бал қосып, күніне 4 - 5 мәрте, екі ас қасықтан ішіп тұру керек. Жөтелге, созылмалы бронхитке шипалы.
3. Бронхит бастала салысымен емдеуге кірісу керек. Мұндайда жолжелкен (подорожник) пайдалы. Қақырық түсіреді. Оның 20 грамын 200 миллилитр қайнаған суға салып, 2 сағат тұндырады. Осыны күніне 3 - 4 мәрте, 1 ас қасықтан ішіп тұру керек.
4. Жөтел, мұрын бітуі, тамақ ауыруы басталған кезде 5 тамшы йод қосылған 0, 5 стакан қайнаған жылысу ішкен дұрыс. Сосын бір түйір сарымсақты асықпай шайнаса көмектеседі.
5. Шикі картоп та шипалы. 3 данасын 4 - тен бөліп, үстіне 10 түйір қара бұрыш, укроп дәнін, 5 лавр жапырағын, су қосып, кастрюльде қайнату керек. Тұз қоспай, суын ішіп, картопты жесе, суықты алады.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Жөтелді тез кетіргіңіз келе ме?
- ramuk_b
- 1 наурыз 2025
- 10
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жөтелден тез арылу, денсаулықты сақтау, халық медицинасы
Ұқсас жаңалықтар:

Қан қысымы төмендегенде
Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға...
Ұйқы безі қабынғанда не істеу қажет?
Ащы ермен, түймедақ гүлі, трифол жапырағының ұнтақтарынан бір ас қасықтан алып, жарты литр қайнаған суға салып, шай етіп демдейді....
Лавр жапырағында шипа көп
Жапырағын жас бұтақтарымен қоса жылына екі рет – маусым - тамыз айларында қырқып алатын лаврдың жемісі қараша айында піседі....
Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет....
Қан тамырын тазалайтын тұнбалар
Таза бал мен даршын (корица) ұнтағын тең мөлшерде араластырып, емдік тосап әзірлеңіз. Оны күнделікті таңертең нанға жағып жеуді әдетке айналдырсаңыз,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.