Сайтқа кіру Тіркелу

Халық емі: Қатерлі ісікті халық емімен жеңіп шығыпты

Халық емі: Қатерлі ісікті халық емімен жеңіп шығыпты
«Қырық жаста маған аш ішектің қатерлі ісігі – 3 - сатыдағы қатерлі ісік деген диагноз қойылды. Қатерлі ісік дегенді естіген сәтте өмірім астаң - кестең болып, аурумен күреспей - ақ жеңілдім. Үшінші саты дегенде тіпті ажалдың жақын қалғанына сендім. Қысқасы, мен өлімге дайындалдым. Ал тірі жүргенім кездейсоқ жолыққан қарияның арқасы.
Ойда - жоқта жолыққан қария ағзадағы бөгде өскінді түп - тамырымен жоятын жолды айтып берген еді. Күнбағыстың 5 ас қасық дәнін шыны ыдысқа салып, үстіне бетін жауып тұратындай етіп бөлме температурасындағы су құяды. Бетін жауып, жылы (ыстық емес) жерге бір тәулікке қалдырасыз. Ертеңіне суын төгіп, қайтадан бетін жауып, тағы бір тәулік тиіспейсіз. Осы екі күнде пісте (шемішке) көктей бастайды. Оны үлкендеу ыдысқа салынған топыраққа тастаңыз. Үстіне жұқа етіп бір қатар топырақ (немесе көң) тастауға болады.
Дұрыс жасалған жағдайда бес күнде дәннен күнбағыс көктеп шыға бастауы тиіс. Оның көк өскін түбінен кесіп алынады. Ал пістені қайтадан жұқалап топырақпен көмеді.
Осы жаңа шығып келе жатқан күнбағыс өскінін суға бір шайып алып, шикі күйінде жеу керек.
Жоғарыда айтқан 5 ас қасық күнбағыс дәні – 1 күндік норма. Ал оның өскінін күнде жеу керек. Сондықтан алдын - ала пластик ыдыстарды әзірлеп, әрқайсысына 5 ас қасықтан дән себу керек. Ылғалды да жылы топырақта ол әр 5 - 7 күнде өніп шығады. Осыны есепке алыңыз.
Күнбағыс өскінін күнде жеуді әдет етіңіз. Оны ауырғанда ғана емес, кез келген адам қолдануына болады. Дәнді жарып шыққан жас өскін ағзадағы бөгде өскінді жояды. Асқазан - ішек жолдарындағы кеселді кетіреді. Ұдайы қолданған жағдайда есте сақтау қабілетін жақсартып, зейінді арттырады, ми жұмысына жағымды әсері бар. Мені аш ішектегі қатерлі ісіктен құтқарған осы өскін. Ал күнбағыс рецептін айтқан қарияны маған Алла жібергеніне күмәнім жоқ».
... Бұл хат Ресейдің «Денсаулық құпиялары» атты журналында екі жыл бұрын жарияланған екен. Хат иесі өзінің аты - жөнін көрсетпеуді жөн көріпті. Дегенмен жорналшылар оның белгілі әнші екенін атап өткен. Және оның қазір аурудан дін - аман, сахна төрінде, ел алдында өнер көрсетіп жүргенін жазған. Ал фитотерапевтер бидай өскіні секілді күнбағыс өскіні де ағзаға аса пайдалы элементтерге бай әрі өте шипалы екенін растайды.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алоэден жасалатын он дәрмек

Алоэден жасалатын он дәрмек

Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет....
Путинге күрделі операция жасалды - ол Паркинсон ауруы мен қатерлі ісікке ша ...

Путинге күрделі операция жасалды - ол Паркинсон ауруы мен қатерлі ісікке ша ...

Владимир Путинге ауыр операция жасалды - ол Паркинсон ауруы мен қатерлі ісікке шалдыққан, деп жазады батыстық БАҚ түрлі ақпарат көздеріне сілтеме...
Бел ауруын керосинмен емдеу

Бел ауруын керосинмен емдеу

Жасы келген адамдардың қыс ауасында сәл суық өтсе белі сырқырап ауыратыны бар. Бұл дерт, егер қателеспесем, қырықтан асқан әрбір төрт азаматтың...
Ең пайдалы азықтар жайлы

Ең пайдалы азықтар жайлы

Әлемдегі ең пайдалы азықтарды жариялап отырмыз, мұқият танысып шығып керегіңізді алыңыз!...
Емшектің қатерлі ісігі

Емшектің қатерлі ісігі

Емшек безінің қатерлі ісігі - соңғы кезде жиі кездесетін ауру түрі. Емшектің қатерлі ісігі, сүт безінің рагы — сүт безінде болатын қатерлі ісік....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×