Сынып: 4
Дене шынықтыру
Тақырып: Көңілді старттар
Өткізген: Сағынғалиев Р.
Мақсаты: Ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін түсіндіру, ерекшеліктерін ескерту; Сонымен бірге қабілетті балаларды анықтап, олардың спорттық ойындарда көрсеткен икемділігін, ынтасын дарынын байқай келе онан әрі жетіле түсуіне жағдай жасау, үлкен спорт түрлерінің сол балаға ыңғай келетін түрімен тұрақты шұғылдануына мүмкіндік жасау; Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.
Құрал - жабдықтар: доптар, парта, сақина, шеңбер, секіртпе т. б.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сапқа тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сынып санын түгелдеу. Себепсіз оқушыларды анықтау. Оқушыларды бір қатар етіп жүргізе отырып топқа бөлу.
I. Құлагер тобы.
Топ құрамында төрт адам
II. Тайбурыл тобы.
Топ құрамында төрт адам
Доппен жарысу
Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, орындықты айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді. Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды. Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады. Ойынның мақсаты - мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.
Шарды түсірме
Саптың ең алдында тұрған ойыншы шарды екі тізесінің арасына қыстырып алып орындықты айналып келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.
Кім жылдам
Саптың ең алдында тұрған ойыншылардың қолында шеңбер болады. Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді.
Секіртпемен секіру
Әр бір топ өз тобынан бір ойыншы шығарады. Белгі берілгенде ойыншы бір - бірінен қашықтау тұрып, секіртпемен секіре бастайды. Қайсы топтың ойыншысы бірінші болып тоқтап қалса сол топ жеңілген болып саналады. Бұл ойында ойыншының секіртпемен тоқтамастан секірген саны есептелінеді.
Сақина салмақ
Екі топ араласып отырады. Мұғалім олардың ашық қолына сақина салып шығады, балалар бірден қолын жұмады. Болған бойдан мұғалім; Тұр, сақинам тұр дейді. Қарсылас топтың баласы қасындағы қарсылас топтың баласын ұстап қалуы тиіс. Осылай үш рет сақина салынады. Қайсы топ үш рет яки 2 рет ұстатпай тұрып кетсе 3: 0 немесе 2: 1 болса жеңіске жетеді.
Қол күрес
Екі топтан бір – бір бала шығып күш сынасады. Бір рет жыққан жаққа бір ұпай беріледі.
Бұл ойында Құлагер тобы, Тайбурыл тобымен күш сынасады.
II. Қорытынды
Көңілді мәре ойыны
- Рустем
- 8 желтоқсан 2015
- 9627
- 0
- 0
Ілмек сөздер: дене шынықтыру сабағында ойындар ойнау, ойын түрлері
Ұқсас жаңалықтар:
Кім жылдам? спорттық сайысы
Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру...Спорт біздің досымыз!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы, Саға негізгі мектебі Дене шынықтыру пәні мұғалімі Қалманов Жарас Рысбаевич...Көңілді старттар
Степногорск қаласы, №2 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акназарова Ф. Е....Шынықсаң шымыр боларсың
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ешманов Нұрлыбек...Ұлттық ойындар
Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.