Сайтқа кіру Тіркелу

Жеңіл атлетика. Төменгі сөреден, қысқа қашықтыққа жүгіру тәсілін жетілдіру

“Жеңіл атлетика” 9 сыныпқа арналған ашық сабақтың жоспары

Тақырыбы: Төменгі сөреден, қысқа қашықтыққа жүгіру тәсілін жетілдіру.
Мақсаты:
1. Білімділік: Жүгіру әдісін үйрету.
2. Дамытушылық: Сөрелік екпінді жүгірісті жетілдіру.
3. Тәрбиелілік: Оқушылардың шыдамдылығын және жылдамдығын
дамыту.
Сабақ түрі: Оқыта - дамыту.
Қолданатын жабдықтар: Баскетболдық доптың сырттары, велосипед шындары, жалаушылар, кедергілер, ысқырғыш.

1. ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМ. 10 мин
Сапталу, сәлемдесу, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жүріс, бірқалыптық жүгіріс

Жүгіріске арналған ерекше жаттығулар.
1. Тізені алға көтеріп жүгіру. – 3 рет
2. Өкшені артқа сермеп жүгіру. – 3 рет
3. Бір аяқтан, бір аяққа секіріп жүгіру. – 3 рет
4. Тікке аяқты жа-жаққа сермеп жүгіру. – 3 рет
5. Тыпырлап жүгіру. – 3 рет

Жалпы дамыту жаттығулар:
А) Қимылда.
1. 1 - жоғарыға қол көтеріп дем алу
2 - қол төменге дем шығару. – 6 рет
2. Б. қ.- оң - қол үстінде, сол қол астында -
аттам сайын қол ауыстыру. 6 – рет
3. 1 - 4 - алға енкею, 5 - 8 - секіріп керілу. 6 - рет
Б) Орында:
1. Б. Қ - Н. Т: 1 - 2 алға еңкею, 3 - 4 - артқа шалқаю. 6 - рет
2. Б. Қ - Н. Т: қолды жоғарыға көтере - аяқты ауыстырып қою. 6 - рет
3. Б. Қ - Н. Т: 1 - 2 - оңға денені ию, 3 - 4 солға ию. 6 - рет
4. Б. Қ - Н. Т: оңға, солға аттап түсу, денені бұрып. 6 - рет

2. Негізгі бөлім. 30 мин
Әр түрлі қалыптан сөрелік екпінді жетілдіру.
1. Биік сөреден жүгіру.
2. Аттап түсу сөреден.
3. Жүрістен жүгіріске көшу.
4. 180гр бұрылып жүгіру.
5. 360гр бұрылып жүгіру.
Тосқауылдан жүгіру. Әр бала өз жолында жасайды.

Спорттық жүріспен кедергілерді өту.

Жүріс түрлері:
1. Қол желкеде.
2. Қол артқа алшақтатып.
3. Қолды алға, артқа айналтып жүру.

3. Аяқтау бөлім. 5 мин.
1. Жеңіл атлетикалық ойын “сандар жарысы. ”
2. Үйге тапсырма беру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×