Сайтқа кіру Тіркелу

Өзен шаяны

Сабақтың тақырыбы: Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.
Жалпы мақсаты: Сабақта сын – тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалана отырып, оқушылар буынаяқтылар типі, шаянтәрізділер класының негізгі өкілі өзен шаянының дене құрылысын ажырата отырып өздігінен білім алады
Оқу нәтижеcі: СТО әдістерін пайдалану нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артады, қызығушылығы оянады, алға қойған мәселені бірлесе отырып шешеді
Сабақтың түрі: Ашық сабақ, топтастыра іздестіру сабағы, сайыс.
Пәнаралық байланыс: Зоология, медицина, экология,
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Тақырыпты меңгертудің тиімді тәсілдері ретінде СТО стратегияларын алдым, «Өзара оқыту стратегиясы», топпен жұмыс, постер.
Керекті жабдықтар: Оқулық, А – 3 қағаз, маркер, стикер, үлестірмелі карточкалар
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу; Сабаққа дайындығы.
ІІ. Үй тапсырмасы: Кім жылдам? Сұрақ – жауап арқылы сұралады.
І топ
1. Буылтық құрттардың, буынаяқтылардың қанша түрі бар және қандай ортада мекендейді?
2. Буылтық құрттар мен буынаяқты жәндіктер деп аталуы неліктен?
3. Буылтық құрттар мен буынаяқтылар қалай көбейеді?
ІІ топ
1. Хитин және целом дегенді қалай түсінеміз.
2. Екі типтің қан айналым жүйесіндегі айырмашылығы.
3. Буынаяқтар мен буылтық құрттардың зәр шығаруындағы айырмашылығы.
ІІІ – топ
1. Ұлулар типінің кластарын атаңдар?
2. Тип неге «ұлулар» деп аталған?
3. Ұлулар қалай тыныс алады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Шаянтәрізділер класының жалпы сипаттамасы.
Дене бөліктері айқын білінбейді.
Желбезек арқылы тыныс алады.
Теңізде, мұхитта, тұщы сулы су қоймаларында мекендейді.
25 - 30 мыңға жуық түрі бар.
Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан басындағы екі жұп мұрты, желбезек арқылы тынысалуы және жұмыртқадан дамуы арқылы ерекшеленеді.
Шаянтәрізділерді зерттейтін ғылым – карцинология деп атайды. Хитин дегеніміз – жасуныққа ұқсас ағзалық зат

Қоректенуі:
3 жұп жақ аяқтарымен қармап, жақтарымен ұсақтайды.
Ауыз – жұтқыншақ – өңеш - күйіс қарын – сүзгіш қарын – ішек аналь тесігі.
Тыныс алуы: Желбезектер арқылы тыныс алады.
Шаянның сезім мүшелері күшті дамыған.
Шаян тәрізділер жұмыртқа арқылы көбейеді.
Өзен шаяны дара жынысты жәндік.
Қан айналымы: Тұйықталмаған ашық жүйелі. Зәр шығаруы: Қосалқы бездер және
Сабақты бекіту.
1 – тапсырма: Биологиялық диктант
1. Буынаяқтылар типі шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер, бунақденелілер деп бөлінеді.
2. Хитин дегеніміз – жасуныққа ұқсас ағзалық зат.
3. Франция табиғат зерртеушісі Р. Реомюр 1712 жылы ең алғаш өзен шаянның түлеу үдерісін сипаттап жазды.
4. 1931 - 1934 жылдары Қаратеңізден Каспий теңізіне балыққа ілесіп, ірішаян – адсперус және ұсақшаян - элегапс тап болды.
5. Шаян тәріздес жәндіктер желбезектер арқылы тыныс алады.
6. Бунақденелілер класы екіге туақанатсыздар және қанаттылар деп бөлінеді.
2 - тапсырма: Қорапшадағы сұрақтар. Бұл әдісте қорапшаға әртүрлі мағынада сұрақтар беріледі, оқушылар бір – біріне лақтыру арқылы сұраққа жауап береді.

3 - тапсырма: Биологиялық пошта ойыны.
І топ
• Өзен шаянының сыртқы құрылысы және қозғалуы
• Өзен шаянының қоректенуі
• Өзен шаянының тыныс алуы
ІІ топ
• Өзен шаянының қан айналымы
• Өзен шаянының жүйке жүйесі
• Өзен шаянының сезім мүшелері
ІІІ топ
• Өзен шаянының зәр шығаруы
• Өзен шаянының көбеюі

4 - тапсырма: Сөзжұмбақ
1. Бір жасушалы балдыр
2. Қарапайымдардың қолайсыз жағдайдағы өзгерісі.
3. Жануарлар мен адамдар ішіндегі паразиттік тіршілік ететін құрт
4. Ішек қуыстылар типіне жататын жәндік
5. Зақымданған дененің қалпына келуі.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Өзен шаяны, тіршілік ортасы қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі.
2. Қосымша материал жинап, жәндіктерді қорғау туралы реферат жазу.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Хитин, целом, өзен шаяны
Ұқсас жаңалықтар:
Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі

Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі

Жалпы мақсаты: Өрмекшітәріздестер класының тіршілік әрекеттерімен, құрылыс ерекшеліктерімен, көптүрлілігімен, өздеріне тән белгілерімен таныстыру,...
Сиыр цепені – жалпақ таспа құрттардың өкілі

Сиыр цепені – жалпақ таспа құрттардың өкілі

Ересек цепен - адамның ішегінде, дернәсілі мүйізді ірі қараның денесінде дамиды. Бұл жәндіктер ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жабысып алады....
Типтің жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және ...

Типтің жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және ...

Мақсаты: Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама бере отырып шаянтәрізділер класының тіршілігі, құрылысымен таныстыру арқылы білімдерін қалыптастыру....
Өзен шаяны

Өзен шаяны

Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы...
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Буылтық құрттардың жұмыр және жалпақ құрттармен ұқсастығын, айырмашылығын, дене мүшелерінің күрделене дамуын түсіндіру. Буылтық құрттардың пайда -...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×