Сайтқа кіру Тіркелу

Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын топтары

61. Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын топтары. Экожүйелердің мысалдары.
62. Энергия ағымы және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида. Экожүйелердің өнімдері. Экожүйелердің қасиеттері. Өздігінен реттелу.
63. Экожүйелердің ауысуы. Адамның әрекетіне байланысты экожүйелердің ауысуы. Агроценоздар.
64. Адамның биосферадағы рөлі. Ауқымды экологиялық проблемалар.
65. Биосфера туралы В. И. Вернадскийдің ілімі. Биосфераның құрамы: тірі зат, түрлік құрамы. Табиғатта көміртек пен азот айналымы. Тірі организмдердің шөгінді жыныстарды және топырақты түзудегі рөлі.


Биология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы:§61 Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын топтары. Экожүйелердің мысалдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың биоценоздардағы организм популяцияларының бірлестікте тіршілік ету процестері туралы білімін толықтыру. Биоценоз бен экожүйелердің биологиялық құрылымындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы білім беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, гигиеналық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: білім беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші, сұрақ, жауап.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Популяцияның табиғаттағы саны мен тығыздығын анықтаудың қандай маңызы бар?
2. Популяциялар қандай қасиеттерімен сипатталады?
3. Популяциялар дегеніміз не?
4. Биологиялық ырғақ деген не?
5. Радиация туралы не білесіңдер?

ІІІ Жаңа сабақ
Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды. Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе немесе экожүйе. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса - да қарым - қатынаста болатын құрағыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологы А. Тенсли. А Тенсли экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатының негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – заттектердің айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік. Экожүйеде заттектер айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және организмнің үш функционалды әр түрлі экологиялық топтары, продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.

Әрбір биогеоценоз, негізінен, екі құрылымды бөліктен, сол аймақтағы тіршілік етуші тірі ағзалардан және сол ағзалар тіршілік ететін орта жағдайларының әсерінің жиынтығынан тұрады Олардың арасында тығыз байланыс туындап, белгілі бір жүйені құрайды. Ол жүйе экологиялық жүйе деп аталады.

Биоценоздағы тіршілік жағдайлары онда болатын зат айналым әрекетіне тікелей байланысты болады. Биогеоценоздағы зат айналым тіршіліктің күрделенуіне байланысты эволюция барысында үнемі күрделеніп отырады.

Кез - келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер (органикалық затты түзушілер) құрайды, оларды продуценттер деп атайды.
Сонымен қатар, әрбір биогеоценоз, құрамында өсімдіктер немесе басқада жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды пайдаланатындар консументтер деп аталады.
Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын) ыдыратушыларды – редуценттер деп атайды.

Міне, осылай биогеоценозды құрайтын ағзалардың тіршілік әрекетінің арқасында айналадағы орта мен ағза арасында үздіксіз тұйық айналым түзіледі. Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп тұруы керек. Ондай энергия көзі — Күн болып табылады.
Биогеоценоздағы күн сәулесінің энергиясы ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесі арқылы химиялық байланыстар энергиясына, механикалық және ең соңында ішкі энергияға айналады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор (күнделікті сабақ жоспа ...

Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор (күнделікті сабақ жоспа ...

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның...
Экология ғылымының зерттеу объектілері

Экология ғылымының зерттеу объектілері

Білімділігі: Экология қазіргі уақыттағы күрделі мәселелердің бірі екендігін, ол біздің елімізде де әсіресе индустриялы дамыған орталықтарда да, оның...
Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №35 орта мектебінің биология пән мұғалімі: Тилегенова Қамар Жайлаубайқызы...
Тіршілік ету ортасы. Экологиялық факторлар

Тіршілік ету ортасы. Экологиялық факторлар

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, №8 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Егизбаева Гулсара Қожабаевна...
Организмдердің әртүрлілігі және тіршілік орталары

Организмдердің әртүрлілігі және тіршілік орталары

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті №176 орта мектеп Игембаева Гүлнар Ыдырысқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×