Сайтқа кіру Тіркелу

Жүйелеудің ұстанымдары. Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер. Организмдерді жіктеу (күнделікті сабақ жоспарлары)

51. Жүйелеудің ұстанымдары. Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер. Организмдерді жіктеу.
52. Тіршіліктің жасушалық емес формалары - вирустар, фагтар
53. Тіршіліктің жасушалық формалары, олардың ядросыздарға және ядролыларға бөлінуі. Прокариоттар. Эукариоттар.
54. Адамның шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары.
55. Еңбек және адамның пайда болуы. Антропогенездің алғышарттары.


Биология 9 сынып
Сабақ: 51
Сабақтың тақырыбы: §51 Жүйелеудің ұстанымдары. Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер. Организмдерді жіктеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Жүйелеу және оның түрлері туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: білім беру.
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші, сұрақ, жауап.
Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Ароморфоз деген не?
2. Идиоадаптацияға мысалдар келтір
3. Дегенерация дегеніміз не?
4. Дегенерацияға мысалдар келтір?
5. Ароморфозға мысалдар келтір

ІІІ. Жаңа сабақ
Жүйеленім, систематика (грек. systematіkos – тәртіпке келтірілген), биологияда – Жер бетінде тіршілік ететін барлық организмдердің және бұрын тіршілік еткен организмдердің қазба қалдықтарының туыстық қарым - қатынасын, олардың жеке түрлері мен түрлер тобының байланысын зерттейтін биологияның бір саласы. Жүйеленім организмдерді сипаттайтын жеке белгілерді (морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, экологиялық, т. б.) өз алдына бөлек - бөлек, сондай - ақ, оларды біріктіріп, организмдердің барлық жиынтығының жіктелімін жасау үшін қолданады. Организмнің әр түрлі ерекшеліктері неғұрлым көбірек ескерілсе, Жүйеленімдік жіктеудегі сол немесе басқа таксонға (жануарлар мен өсімдіктерде жүйелеудің жіктеу бірлігі) бірігетін организмдердің жақын туыстығы соғұрлым айқындала түседі. Мысалы, жарқанат пен құстардың кейбір сыртқы белгілері (ұшатын) ұқсас болғанымен, жарғанат – сүтқоректілерге, яғни басқа класқа жатады. Сондай - ақ, өсімдіктерде де кактус пен сүттіген сыртқы белгілеріне қарағанда бір - бірімен ұқсас болғанымен, екеуі 2 тұқымдасқа жатады. Бірақ екеуі де қос жарнақтылар класына бірігеді. Жүйеленімнің негізгі мақсаты – Жер бетінде кездесетін жануарлар (1, 6 миллиондай түрі) мен өсетін өсімдіктер (350 мыңдай түрі) және микроорганизмдер түрлерін жан - жақты сипаттап, топтастыру. Биологияда көп жағдайда Жүйеленімнің орнына таксономия – өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жүйелеу топтарын жіктеу принципі туралы ілім қолданылады.
Жануарлардың таксономиялық категориялары: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр. Бір - біріне өзара жақын түрлердің тобы – туысқа (genus) жіктелінеді, жақын туыстар – тұқымдасқа (famіlіa), тұқымдастар – отрядқа (ordo), отрядтар – класқа (classіs), кластар – типке (phylum) біріктіріледі. Жануарлардың ең ірі жіктелімдік бірлігі – тип. Алғаш рет ғылымға тип терминін 1825 ж. француз зоологы А. Бленвиль (1777 – 1850) енгізген. Тип – ғасырлар бойы дамыған филогенетик. жүйенің қорытындысы. Типке бірнеше класс біріктіріледі. Мыс., бассүйексіздер, дөңгелекауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер кластары хордалылар типіне жатады. Ж - дік топтар өзара тармақтарға бөлінеді. Олар тип тармағы, класс тармағы, отряд тармағы, т. с. с. Мыс., хордалылар типі бас желілілер (басхордалылар), қабықтылар және омыртқалылар тип тармағына бөлінеді. Бұдан басқа класс үстілік, отряд үстілік, отряд астылық, тұқымдас астылық, т. с. с. таксондар да бар. Мыс., адамтәрізді маймылдар – тартанаулы маймылдар тұқымдасы үстілік; ал адамтұрпатты приматтар – примат отряды астылық таксономиялық категорияға жатқызылады. Өсімдіктер номенклатурасында Халықаралық ботаникалық конгрестің шешіміне сәйкес мынадай таксондар жүйесі бекітілген: өсімдіктер дүниесі – бөлім тармағы – класс – класс тармағы – қатар - қатар тармағы – тұқымдас – тұқымдас тармағы – туыс – туыс тармағы – секция – секция тармағы – серия – серия тармағы – түр – түр тармағы – форма – форма тармағы. Таксондардың негізгілері – бөлім, класc, қатар, тұқымдас, туыс, түр. Ж - дік көрсеткіштің ең ірісі – бөлім; ең кішісі – түр. Өсімдіктер Ж - дік тұрғыдан осы таксондардың әрқайсысында жеке бөлінуге тиісті. Мыс., қарағай ағашы гүлді өсімдіктер бөліміне, қылқан жапырақтылар класына, бүршіктілер қатарына, қарағай тұқымдасына, қарағай туысына, кәдімгі қарағай түріне жатады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын  ...

Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын ...

Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе...
Ч. Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы (күнделікті сабақ жоспары ...

Ч. Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы (күнделікті сабақ жоспары ...

Чарлз Дарвин ілімінің шығу себептері. XVIII ғасырдың соңында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл...
Жалпы биология негіздері пәнінің жаратылыстану - ғылыми пәндер жүйесіндегі  ...

Жалпы биология негіздері пәнінің жаратылыстану - ғылыми пәндер жүйесіндегі ...

Биология грекше (bios - өмір, және logos - ғылым деген мағынаны береді) жаратылыстану ғылымының салаларының бірі. Тірі оргонизмдерді және олардың...
Желілі жануарларды жіктеу

Желілі жануарларды жіктеу

Желілі жануарлар типі, сан алуандығымен, омыртқалы және омыртқасыз жануарларды байланыстырушы жануар екенін, бассүйексіздер, қабықтылар және...
Биология

Биология

“Биология” терминін ғылымға алғаш 1797 ж. неміс ғалымы Т. Руз енгізген. Биология Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Үндістан) 6 — 1...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×